"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Ресей армиясын тізе бүктіріп, танкілерін талқандап жатқан Javelin құралы қандай қару?

"Джавелин" - әлемде танкіге қарсы ең тиімді қарулардың бірі. Бұл қарудан атылған ракета 2,5 шақырымға дейін жете алады.

15.04.2022
Ресей армиясын тізе бүктіріп, танкілерін талқандап жатқан Javelin құралы қандай қару?
226
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Украина тарабы соғыс басталғалы Ресейдің 680-нен аса танкісін жойдық деп мәлімдеді. Oryx әскери-сараптама блогы спутник суреттер арқылы Ресейдің 460-тан аса танкісі қирағанын есептеген, деп жазады Азаттық қа сілтеме беріп SemeyTany.kz

Rand Corporation халықаралық стратегиялық зерттеу институты соғыс басталғанда Ресейдің 2700 танкісі болған дейді. Сарапшылар Украина америкалық Javelin («Джавелин» – найза) танкіге қарсы ракеталық жүйесінің арқасында Ресейдің жүздеген танкілерін жойды деп санайды. Бұл қандай қару?

АҚШ бұл танкіге қарсы қаруды 1996 жылы жасап шығарған. Дәл қазір «Джавелин» – әлемде танкіге қарсы ең тиімді қарулардың бірі. Бұл қарудан атылған ракета 2,5 шақырымға дейін жете алады.

Ресей армиясын тізе бүктіріп, танкілерін талқандап жатқан Javelin құралы қандай қару?

«Джавелин» қаруын бір адам иығына қойып та ата береді. Салмағы 20 келіден сәл асатын (ракетасымен қосқанда) қару ракетаны 1-2 шақырымда келе жатқан танкінің төбесіне қарай бағыттай алады. Ал ракета танкіге тигенде ішіндегі экипаж сыртқа шығып үлгермейді. «Джавелинді» жасап шыққан Lockheed Martin компаниясы бұл қарудан атылған ракета траекториясын танкінің ең осал тұсы – төбесіне қарай бағыттауға болатынын айтады.

Бірақ «Джавелин» қаруынан атылған ракетаны қарсылас тараптың ракетаға қарсы құрылғылары қағып түсіруі де мүмкін.

Америкалық әскери Task & Purpose сайтының жазуынша, Javelin қаруын қолдануды үйрену көп уақыт алмайды.

«Джавелинді» үйренуге 20-30 минут керек. Қарудың көздейтін жері видео ойындарға ұқсайды. Сондықтан мұны әскерге жаңа ғана қосылған солдаттар да тез меңгеріп алады. «Джавелин» танкіні үстінен және жанынан ата алады. Бұған қоса, бұл қару жай ұшып бара жатқан я төмен ұшатын ұшақтарды да атуға қауқарлы» деп жазады сайт.

Бұдан бөлек, ресейлік танкілердің көбі ракеталардың соққысына тойтарыс беретін реактивті динамикалық қорғаныс орнатылған. Бірақ «Джавелиннен» шыққан ракетада екі бірдей оқтұмсық бар. Біріншісі динамикалық қорғанысты бүлдіреді де, екіншісі танкіні қиратады.

Ресей армиясын тізе бүктіріп, танкілерін талқандап жатқан Javelin құралы қандай қару?

Вашингтондағы Америка қауіпсіздігі институтының (Centre for a New American Security) аға әскери қызметкері, теңіз әскерінің полковнигі Джеймс Фрей Task & Purpose сайтына берген сұхбатында «Джавелинді» ата салып, қашып кетуге болады. Сондықтан қарсылас тарап ракетаны кім атқанын таппай қалады» деген.

«Джавелиннің» артықшылығы – танкіні көрдім, аттым және қашып кеттім. Тағы бір жерге барып ракетаны орнаттып, тағы да атуға болады» дейді Фрей.

«ДЖАВЕЛИН» ҚАЙ СОҒЫСТАРДА СЫНАЛДЫ?

Әскери сарапшылар қазір болып жатқан соғыста Украина танкіге қарсы осындай қарулардың арқасында Ресейдің танкілері мен бронетехникаларын жойып жатыр деп санайды.

Украинада соғыс басталғанда АҚШ Украинаға танкіге қарсы «Джавелин» қаруы жіберген. Кейін тағы 2 мың данасын жеткізген. Қазір бұл қару Украина әскерінің көзірлерінің біріне айналды.
«Джавелин» қаруын ұстап тұрған украиналық әскери. 13 наурыз 2022 жыл.
«Джавелин» қаруын ұстап тұрған украиналық әскери. 13 наурыз 2022 жыл.

Army-technology.com сайтының жазуынша, АҚШ «Джавелинді» Ауғанстан мен Ирактағы соғыстар да қолданған.

«Қазір АҚШ пен оның 19 одақтас елінің әскерінде 50 мыңдай «Джавелин» ракетасы бар. АҚШ бұл қаруды 2050 жылға дейін қолданбақ» деп жазады сайт.

Army- technology.com сайтының дерегінше, «Джавелин» қаруы АҚШ, Украина және Британиядан бөлек, БАӘ, Тайвань, Оман, Чехия, Бахрейн, Литва, Иордания, Австралия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Ирландия әскерлерінде де бар.

БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ!

Абай облысында қандай аудандар ашылады?  Абай облысында қандай аудандар ашылады?   Абай облысында қандай аудандар ашылады?

Мақалада: Ресей армиясын тізе бүктіріптанкілерін талқандап жатқан Javelin құралы қандай қару?

Ұқсас жаңалықтар

Тбилисидегі қазақстандық қыздың өлімі: Іс сотқа өз-өзіне қол салу дерегі бойынша жіберілмек

25.05.2022
Тбилисидегі қазақстандық қыздың өлімі: Іс сотқа өз-өзіне қол салу дерегі бойынша жіберілмек

Тбилисиде мерт болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісі сотқа өз-өзіне қол салу дерегі бойынша жіберілмек. Бұл туралы қыздың жақындары айтты, деп...

Толығырақ...

Халықаралық әуежайда 113 жолаушысы бар ұшақ өртенді

12.05.2022
Халықаралық әуежайда 113 жолаушысы бар ұшақ өртенді

Қытайда таңертең әуежайда 113 жолаушысы бар ұшақ өртенді, – деп жазады inform.kz. Чунциндегі Цзянбэй халықаралық әуежайында Чунцин-Лхаса бағытындағы ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып...

Толығырақ...

Ресей «террористік мемлекеттер» қатарына қосылды

11.05.2022
Ресей «террористік мемлекеттер» қатарына қосылды

Литва парламенті Ресейді бірауыздан «террористік мемлекет» деп таныды. Delfi басылымының хабарлауынша, 10 мамырда Литва Сеймі Украинадағы «әскери операцияға» байланысты Ресейді...

Толығырақ...

Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен тыныштығына аса мүдделіміз – Эрдоған

11.05.2022
Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен тыныштығына аса мүдделіміз – Эрдоған

Түркияға іс-сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентімен бірге баспасөз мәслихатын өткізді. Мемлекет басшысы ең алдымен өзін қасиетті Анадолы жеріне мемлекеттік...

Толығырақ...

Хрущевтің немересі Украина мен Ресей арасындағы соғыс немен бітетінін айтты

04.05.2022
БІЗДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ОҚЫҢЫЗ! "Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады"Қауіп төнуі ықтимал" астероид Жерге жақындады

Хрущевтің немересі Нина Хрущева былай дейді: "Украина соғысы Ресей үшін сұмдық жағдаймен, апатпен аяқталады. Ауғанстандағы сияқты болады. Масқара болып шығуы...

Толығырақ...

Путиннің «подругасы» президент болуы мүмкін

19.04.2022
Путиннің «подругасы» президент болуы мүмкін

Францияда президент сайлауының алдын ала қорытындысы шықты. Екінші турға қазіргі президент Эммануэль Макрон  мен оппозиционер Марин Ле Пен өтті. Дәл...

Толығырақ...

Жаңалықтар

КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕР ҰЛЫЛАР ЕЛНДЕ

10 сағ бұрын

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

10 сағ бұрын

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

10 сағ бұрын

АЮДАҒЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖӨНДЕЛЕДІ

10 сағ бұрын

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АБАЙДА

10 сағ бұрын

Талдықорғандық ғалымдар «грыжаны» емдеу құрылғысын ойлап тапты

11 сағ бұрын

Орманда кәуап пісірген жігіт 2 жылға сотталып 125 млн теңге айыппұл өтейді

11 сағ бұрын

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады

12 сағ бұрын

Алматы облысында емтихан тапсыруға келген оқушы қайтыс болды

13 сағ бұрын

«Көк туды қор қылды»: Эстрада жұлдыздары «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі мен Shiza-ны жазалауды талап етті

13 сағ бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:
Роза Пұшпақова

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі – 523657;
бас редактор – 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі – 560803;
факс – 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Абай аймағында
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС