"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ НЫСАНДАРЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ 

02.06.2022
ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ НЫСАНДАРЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ 
25
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде жылумен қамту нысандарын ағымдағы жөндеу жұмыстары 15 тамызға дейін аяқталады. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінде өткен отырыста айтылды.

Жиында жылу маусымына дайындық барысы туралы айтылды.

Қаланы 18 жылу көзі және ЖЭО-1 жылумен қамтамасыз етеді. 72 орталық жылу пункті, 68 қазандық агрегат бар. Жылу желілерінің ұзындығы 313,998 шақырымды құрайды. Өткен жылы 1 289,3 млн теңге қаржыға жылу қазандықтары  жөндеуден өтті.

Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары 18 сәуірде басталды. Жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілді. Жаңғырту және ағымдағы жөндеуге 3,469 млрд теңге бөлінген. Қазіргі күндері «Орталық» және «Ғаббасов» қазандықтарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, 20 Гкал/сағ су жылыту қазандықтарын қоса орнатылатын болады. Осы жобаларды іске асыру жаңадан салынып жатқан нысандарды қосымша қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 14 жылумен жабдықтау нысандары — «Солнечная», «Квартал АБ», «35 квартал», РК-3, РК-2, «Орталық», «35 квартал», «Ғаббасов» қазандықтары, «5 интернат», «Привокзальная», «ВИРП» жылу көздері жөндеуден өтуде.

Сонымен қатар «Орталық» қазандығы мен «103-103А» қазандығы арасына қосқыш орнатылады, бұл  өз кезегінде «Орталық», «Ғаббасов», «103-103А» жылу көздерін қосуға мүмкіндік беріп, жаз айларында осы қазандықтардан қуат алатын абоненттерді ыстық сумен қамтамасыз етеді. Сол сияқты жабдықтар мен жылу желілері жөнделетін болады.

Алдағы жылыту маусымына 384906,69 тонна отын, 1300 тонна мазут қажет.

«Өткен жылу маусымында жылу көздерінің тұрақты жұмысы кезінде жылу желілері 160 рет жарылып, істен шықты. Негізгі себеп – сорғы топтарының желі ұзындығына сәйкес келмеуі. Жылу желілеріндегі нормативтен тыс ысыраптар мен апаттылықты төмендету үшін алдағы жұмыстардың жоспары жасалды. Ұзындығы 7,1 км магистральдық және кварталішілік желілерді 2 құбырлы етіп ауыстыру қажет. Үлкен жылу шығынын жою керек», — деді Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов.

Жиында айтылғандай, тұтынылған жылу энергиясы үшін берешек 1 237,30 млн теңгені құрайды. Заңды тұлғалар бойынша 98 абонентке 120 426 мың теңге сомаға сотқа дейінгі арыз берілді. Жылыту маусымы басталғаннан бері жеке тұлғалардың берешегі бойынша талаптарды ресімдеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі «Теплокоммуноэнерго» басшылығына дебиторлық берешегін өтеу мәселесін 1 шілдеге дейін жабуды тапсырды.

Қаланы сумен жабдықтау және су бұру жұмыстарын иелігінде 497,9 шақырым су құбыры желісі, 276,9 шақырым кәріз желісі, 54 күшейткіш станция, 23 кәріз сорғы станциясы бар «Семей Водоканал» кәсіпорны жүзеге асырады.

Кәсіпорын жоспар-кестеге сәйкес жылыту маусымына 62 731,908 мың теңге сомасына су құбыры және кәріз желілері мен құрылыстарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс.

Қалада 1427 тұрғын үй бар. Бюджеттік ұйымдар мен халық үшін барлығы 273645 тонна көмір жеткізу қажет.

«15 тамызға дейінгі мерзімде ағымдағы жөндеу бойынша барлық жоспарланған жұмыстарды аяқтау қажет. 1 шілдеге дейін көмір қоры 50%-ға, ал 1 қазанға дейін 100%-ға қамтамасыз етілсін. 15 қыркүйекке дейін барлық нысандардың жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету қажет. Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары бірінші тамызға дейін 100% көмірмен қамтамасыз етілуі тиіс», — деді қала әкімі.

Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мақалада: ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ НЫСАНДАРЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Ұқсас жаңалықтар

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

11.09.2026
42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

Кейде адамды қолына қалам алуға жеке басынан өткен жағдай мәжбүрлейді. Бұл мақаланы жазуыма да сондай жағдай түрткі болды. 23 тамызда...

Толығырақ...Details

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

10.09.2026
Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

Бүгін, 2026 жылғы 9 қыркүйекте Alikhan Bokeikhan University және М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында цифрлық сауаттылықты арттыруға және кибермәдениетті...

Толығырақ...Details

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

11 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

11 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

11 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС