"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Мен, ұлым және немерем үшін қол қойған»: Орал тұрғыны сайлау учаскесіндегі заңбұзушылық туралы айтты

06.06.2022
«Мен, ұлым және немерем үшін қол қойған»: Орал тұрғыны сайлау учаскесіндегі заңбұзушылық туралы айтты
852
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Орал тұрғыны Ғалия Темрешова отбасымен бірге Назарбаев даңғылындағы №245 үйде тұрады екен. Сөзінше, тұрғылықты мекенжайы №45 орта мектептегі №478 сайлау учаскесіне қарайды. 5 маусымда зейнеткер референдумда дауыс беру үшін сайлау учаскесіне барып таңғалғанын айтты. Себебі өзінің және ұлы мен немересінің орнына басқа біреудің қол қойғанын көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап.

«Біз – кеңес дәуірінің адамдарымыз. Барлығына жауапкершілікпен қарап үйреніп қалғанбыз. Мен дауыс беру үшін үнемі таңертең баратынмын, бірақ бұл жол учаскенің жұмысын тексеру үшін жабылуға жарты сағат қалғанда бардым. Бюллетеньді алу кезінде менің, ұлымның және немеремнің тегінің жанында бөтен қолдың тұрғанын көрдім. Ұлым референдумға барған жоқ, ал немерем Ақсайда. Мен наразылық білдіріп едім, келінім қателесіп барлығымызға қол қойды деп айтты. Өйткені келінім басқа қалаға кеткендіктен, ерте дауыс берген. Бірақ бұл мүмкін бе? Қателесіп, бірден төрт адамға қалай қол қоюға болады? Мен құжатты суретке түсіріп алдым, ұлыма көрсеттім. Дегенмен ол өз әйелінің қолын танымады. Сөзінше, тегінің жанында келінімнің қолы қойылған, ал басқасы онікі емес», – деді Ғалия Темрешова.

қол қойған

Бұл жағдайдан кейін зейнеткер келінімен сөйлесіпті, алайда келіні тек өзі үшін қол қойғанын жеткізген. Сосын әйел көршілерін аралап, дауыс беруге барғандарын сұрап шыққан. Бірақ олардың көбісі тегінің жанында қолы тұрғанына қарамастан, дауыс бермегенін айтыпты.

«Біздің орнымызға басқа адам қол қоя алса, мұндай цирктің керегі не? Демек барлығы өтірік. Негізі сайлауды мектепте өткізіп, бұған мұғалімдерді жұмылдыруға болмайды. Комиссия тәуелсіз болуы шарт, ал мұғалім өз басшылығына бағынышты», – деп қосты ол.

№45 орта мектептің директоры және №478 сайлау учаскесінің төрағасы Ләззат Сағынғалиева пікір білдіріп, мұндай жағдайдың расымен болғанын растады.

«Күндіз Темрешованың келіні келді, бәлкім ол қателесіп күйеуіне және енесінің орнына қол қойған шығар. Бізде ешкім жалған қол қоймады, бірақ зейнеткерді ойынан айныта алмадық. Көршілері де дауыс беруге келген. Енді ол өзінікін, біз өзіміздікін алға тартамыз. Мұндай жағдайлар, қателіктер барлық жерде болып тұрады. Темрешова жазбаша арыз қалдырмады», – деп мәлімдеді Ләззат Сағынғалиева.

Мақалада: "Менұлым және немерем үшін қол қойған": Орал тұрғыны сайлау учаскесіндегі заңбұзушылық туралы айтты

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

1 неделя бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

1 неделя бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС