"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандықтың есімін бүкіл Жапония таныды

14.06.2022
Қазақстандықтың есімін бүкіл Жапония таныды
73
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Астана Опера» театрының жетекші солисі Арман Уразов Жапония жұртшылығын өзіне қаратты. Оның есімі Морис Жаррдың музыкасына көрнекті хореограф Ролан Петидің «Париж Құдай анасының соборы» спектаклі афишасының сәнін келтірді, — деп хабарлайды BAQ.KZ

Отандасымыз 11-12 маусымда Maki Asami Ballet танымал жапондық труппасымен өнер көрсетіп, қазақстандық балет өнерінің жоғары деңгейін паш етті.

Бұл туралы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Арман Уразов Жапонияда Ролан Петидің ассистенті, әйгілі балетмейстер Луиджи Бониноның арнайы шақыртуымен Қазақстанды таныстырғанын атап өткеніміз жөн.

Біз Луиджи Бониноны көптен бері білеміз, ол өте керемет адам және бидің егжей-тегжейіне және саздылығына зор мән беретін кәсіпқой маман. 2016 жылы ол «Астана Операға» Ролан Петидің хореографиясында «Париж Құдай анасының соборы» әйгілі спектаклін алып келді, одан кейін осы көрнекті хореографтың қойылымында Лео Делибтің әйгілі «Коппелия» танымал балетін ұсынды. Жапонияда мені Луиджи Бонино күтіп алып, екеуіміз бірге он күн бойы өнер көрсетуге дайындалдық, – деп пікірімен бөлісті әртіс.

Спектакль Токиодағы беделді Bunka Kaikan Hall сахнасында өтті. «Астана Операның» жетекші солисі спектакльдегі капитан Фебтің партиясын керемет орындап, жапондық көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленді.

Қазақстандықтың есімін бүкіл Жапония таныды

Фебтің партиясын орындауға әдейілеп шақырғаны мен үшін зор мақтаныш, себебі бұл спектакльде менің репертуарымда Фроллоның да рөлі бар. Бұл осы партиямен шетелде бірінші рет өнер көрсетуім емес, осыған дейін біздің труппа Санкт-Петербордағы Мариин театрында «Париж Құдай анасының соборы» балеттік спектаклін ұсынған болатын. Ол кезде де мен Фебтің бейнесін сомдаған едім. Әрине, күнде көріп жүрген әріптестеріңмен өнер көрсету, бір сахнада билеу — басқа да, бейтаныс әртістермен жұмыс істеу мүлде басқа. Бұл жолы мен өз өнер көрсетуіммен Қазақстанды, біздің театрды таныстырғаннан кейін, маған бұрынғыдан да зор жауапкершілік артылды, бойымдағы барлық кәсіби шеберлігімді көрсетуге тырыстым. Маған білдірген қолдауы үшін балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратоваға ризамын, – деді театрдың жетекші солисі.

Бүгінде қазақстандық балет әлемдік деңгейде тұр деп нық сеніммен айта аламын. Біздің әртістердің шет елдерде өнер көрсетіп, спектакльдер мен гала-балеттерге қатысуға шақырту алып жатқаны осының айқын дәлелі. Осыған дейін Оман, Италия мен Испанияда табысты өткен гастрольдік өнер көрсетулеріміз кезінде, сондай-ақ осы жолғы сапар барысында да бұған нақты көз жеткіздім, – деді Арман журналистермен әңгіме кезінде.

Жапония балет труппаларының сан алуандығымен танымал, солардың бірі біздің әртіспен жұмыс істеген Maki Asami Ballet. Бұл әртіс үшін Күншығыс еліне алғашқы баруы болса да, ол өнерде шекара жоқ екенін, шетелдік әріптестерімен алғашқы дайындықтан кейін-ақ достасып кеткенін айтты.

Еске сала кетейік, Bunka Kaikan Hall – Токияның ең беделді залдарының бірі. Екі күндік спектакльде отандасымызбен бірге, Maki Asami Ballet труппасы, сондай-ақ Франция мен Италиядан шақырылған солистер өнер көрсетті.

Капитан Феб – техникалық жағынан өте күрделі партиялардың бірі. Өйткені бұл кейіпкер спектакльдің басынан аяғына дейін сахнадан кетпейді және шымылдықтың артында босқа отырмайды. Вариациядан кейін тағы вариацияны, одан кейін па-де-дені билейді, бір сөзбен айтқанда, бұл партияда техникалық әрі эмоционалдық тұрғыда өте көп күш жұмсалады, – деді Арман Уразов.

Дарынды биші сахнада актерлік шеберлік, техникалық дайындық жағынан да өзін жақсы көрсете біледі. Оның қоржынында Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Германияның беделді халықаралық байқауларының жеңістері бар. Бүгінде ол театрда өтетін балеттік қойылымдарда жетекші партияларды орындап жүр.

«Астана Опера» әртістерінің алыс-жақын шет елдерді өнерімен тамсандырып жүргенін атап өтуіміз қажет. Олар әлемдік балет тарихында қазақ хореография өнерін нығайтуға үлестерін қосуда.

Мақалада: Қазақстандықтың есімін бүкіл Жапония таныды

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

7 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

7 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

1 неделя бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС