Түркістан облысындағы №2 перинаталдық орталықта салмағы 6 келі болатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мамандардың сөзінше, бұл салмақ қалыпты жағдайдан екі есе үлкен екен. Дәрігерлер 30 жастағы келіншекті 13 маусым күні кесір тілігі арқылы босандырып алған.
Қазір ана мен балаға тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Нәресте мен анасының жағдайы қалыпты. Алтыншы перзентін өмірге әкелген Нұрила Бөрікбаева қызының есімін Жұлдыз деп қойған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда салмағы 6 келіден асатын қыз бала дүниеге келген еді. Анасы сәбиін кесарь тілігінсіз өзі босанған.