"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

AMANAT ПАРТИЯСЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

16.06.2022
AMANAT ПАРТИЯСЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

AMANAT партиясының ШҚО филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері бойынша өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Онлайн және офлайн форматта өткен кеңес отырысында «Бизнестің жол картасы – 2025» кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысы қаралды.

AMANAT партиясы ШҚО филиалының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған Жол картасының 24 – тармағы бойынша Бизнес объектілеріне инженерлік желілер жүргізу, жыл сайын кемінде 4 жобаны жүзеге асыру және Жол картаның 12-тармағы бойынша Үржар ауданында айналмалы суарудың жаңбырлатқыш жүйесін енгізе отырып, облыс бойынша егіс алқаптарын 6,8 мың гектарға дейін ұлғайту туралы мәселесі қаралды. Сонымен қатар кеңес мүшелері асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бойынша жүргізілген жұмыстарға да тоқталды.

2022 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 8,8 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күні 7,4 млрд теңге сомасына өтінімдер берілді, олар бойынша 2022 жылғы 1 маусымға 6,1 млрд теңге төленді. Ағымдағы айда, қаржыландыру жоспарына сәйкес, 500 млн теңге сомасында субсидиялар төлеу жоспарланған,- деді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Диляра Жылқайдарова.

Көп жылдық бақылаулар көрсеткендей, әр бес жыл ішінде облыста кем дегенде екі рет құрғақшылық байқалады. Сондықтан суармалы егіншілік, құрғақ далалы және шөлді — далалық егіншілік алқаптары басты назарда болуы тиіс. Шығыс Қазақстан облысында су ресурстарын тиімді пайдалану шеңберінде суарудың су үнемдеу технологиясы 15,2 мың гектар алқапта, оның ішінде жаңбырлату әдісімен 14,3 мың гектар және тамшылатып суару әдісімен 0,9 мың гектар жерде қолданылады.

— Жыл сайын қолданыстағы өзендердің жер үсті суларын пайдаланып, құрылыстар мен техникалық құрылғыларды қолдана отырып, су үнемдеу технологиясы бойынша суармалы алқаптар жоспарлы түрде ұлғайтылуда.

Үржар ауданында айналмалы суарудың жаңбырлатқыш жүйесін енгізумен облыста егіс алқаптарын 6,8 мың гектарға дейін ұлғайту мәселесі бойынша ағымдағы жылы жалпы құны 298,0 млн теңгеге 4 «RaineFine» маркалы айналмалы жаңбырлатқыш машина сатылып алынды,- деп атап өтті ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі.

Жалпы, отырыс барысында көтерілген мәселелер бойынша кеңес мүшелері кейбір жұмыстың уақтылы жүргізілмеуіне байланысты басқарма басшылары мен өкілдеріне өз ұсыныстарын жеткізді.

— Қолға алынып жатқан жұмыстардың кемшіл тұстары жоқ емес. Осы анықталған олқылықты бірлесе отырып шешуіміз қажет. Себебі партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуы маңызды,- деді Қоғамдық кеңестің төрағасы Зоя Новолодская.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: AMANAT ПАРТИЯСЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

6 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

6 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

7 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

7 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

7 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС