"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЛІКТІ ДӘРІГЕР, БІЛГІР ХИРУРГ

19.06.2022
БІЛІКТІ ДӘРІГЕР, БІЛГІР ХИРУРГ
66
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі жедел медициналық жәрдем ауруханасында халықтың алғысына бөленіп жүрген өз ісінің шеберлері көп. Солардың бірі — жоғары категориялы дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, аталған аурухананың хирургиялық қызмет жөніндегі басшысы, жалпы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Базар Масхұтұлы Төлеуов.

Базар Масхұтұлының есімі семейліктерге ғана емес, күллі шығысқазақстандықтарға жақсы таныс. Аталмыш ауруханада түрлі лауазымды қызметтер атқарып келе жатқан қолы шипалы дәрігер аймағымыздағы білікті хирургтердің бірі саналады. Бөлімшедегі ең күрделі, ең ауыр операциялар оның қатысуынсыз өтпейді десе де болады.

Хирург дәрігер болу үшін мықты ерік-жігер, терең білім қажет. Денсаулық сақтау саласының заңнама негіздері, анатомия, жансыздандыру қағидаттары, асептик және антисептик, рентгенология мен физиотерапияны меңгеруі шарт. Оған қоса заманауи тұрғыдан жаңарып жатқан хирургия саласында қолданылатын медициналық аппараттар мен құралдарды пайдалана алуы керек. Бұл ретте Базар Масхұтұлы — кейінгі буынға үлгі боларлық тұлға.

Хирург дәрігердің қызметі аурудың ауырлық дәрежесі мен сипатына қарай бөлінетіні белгілі. Сонымен қатар дәрігер маман көпшілік арасында, әсіресе қоғамдық орындарда орын алуы мүмкін кездейсоқ оқиғаларға да дайын жүруі керек. Білікті хирург мұндай оқиғаға да тап болған. Бұл орайда Базар Төлеуовтің осыдан біраз уақыт бұрын Бесқарағай ауданындағы Шошқалы көлінде шомылып жүріп, аяқ астынан судорогі ұстап қалған әйелді өлімнен құтқарып қалғанын айтпай кетуге болмас.

Науқасты ауруханаға жеткізгенше 150 шақырымдай жер бар еді. Базар Масхұтұлы еш кідірместен өлім аузында жатқан әйелге жасанды жолмен тыныс алдырып, ажалдан арашалап қалуға барын салады.

Дәрігерлің айтуынша, тұзды судан өкпе қатты ісіп кетеді екен. Соның салдарынан ауруханаға бара жатқанда әйелдің жүрегі екі рет тоқтаған. Хирург ауырған әйелге ауруханаға жеткенше жол бойы реанимациялық ем-шаралар жасайды. Осылайша, пациентті ауруханаға жеткізеді. Жол үстінде жағдайы ауыр науқас келе жатқанын, қандай даярлық жасау керектігін алдын ала реанимациялық бригадаға ескертіп үлгереді.

Ал науқас әйел ауруханаға жеткен бетте шұғыл түрде жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Дәрігерлер жұмыла кірісіп, оның өмірін сақтап қалды.

Мұндай ерлікке бару үшін, әлбетте, үлкен күш-жігер, қажыр-қайрат пен өз мамандығына деген адалдық, жоғары деңгейдегі кәсібилік керек екендігі анық. Ал мұндай қасиеттердің барлығы біздің кейіпкеріміздің бойынан табылады.

Халықтың ризашылығына, ықылас-ілтипатына бөленіп, алғысын арқалап жүрген Базар Масхұтұлын өз ісінің нағыз маманы, отандық денсаулық сақтау саласының маңдайалды қызметкері десек, еш қателеспейміз.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: БІЛГІР ХИРУРГБІЛІКТІ ДӘРІГЕР

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

21.05.2026
Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай Абай облысының музейлерінде «Музей түні» мәдени шарасы өтті. Шара өңірдегі музейлерде бір мезетте...

Толығырақ...Details

Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

21.05.2026
Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

Semeytany.kz – Абай облысында арнайы экономикалық аймақ құру бастамасы Үкімет тарапынан қолдау тапты. Бұл мәселе Үкімет отырысында қаралып, өңірдегі инвестициялық...

Толығырақ...Details

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

21.05.2026
Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

Семей қаласында «Этносаралық саладағы медиация» тақырыбында облыстық оқыту семинар-тренингі басталды. Іс-шараны Абай облысының ішкі саясат басқармасы тапсырыспен «Интеллектуалды жастар қауымдастығы»...

Толығырақ...Details

Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

21.05.2026
Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. — Бұл — еліміз үшін мән-маңызы айрықша...

Толығырақ...Details

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

21.05.2026
Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сөзі – әділдік темірқазығы» атты республикалық зияткерлік ойын өтті. Биыл...

Толығырақ...Details

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

21.05.2026
Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

19-20 мамыр күндері елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» өтті

4 дня бұрын

Абай облысында жаңа арнайы экономикалық аймақ ашылады

4 дня бұрын

Семейде этномедиация бойынша облыстық семинар басталды

4 дня бұрын

Президент мәдениет және өнер саласы мамандарына алғыс білдірді

4 дня бұрын

Заң мен тәртіп: Абай облысында республикалық интеллектуалдық Quest ұйымдастырылды

4 дня бұрын

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

4 дня бұрын

“AMANAT” партиясымен қолдауымен ашылған амбулаториялық пункт ел игілігіне қызмет етуде

4 дня бұрын

Абай облысында шомылу маусымына дайындық күшейтіледі

6 дней бұрын

Абай облысының шаруалары Австралиядағы агротехнологияларды зерттеді

6 дней бұрын

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға берілуі тиіс

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС