"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АГРОСЕКТОРДАҒЫ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

28.06.2022
АГРОСЕКТОРДАҒЫ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өскемен қаласында Ауыл шаруашылығы министрінің қатысуымен өткен көшпелі отырыста агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың түйткілді мәселелері талқыланды. 
Ауыл шаруашылығын дамыту және кооперациялау саласында өзіндік жетістіктері бар Шығыс Қазақстан облысы бұл ретте өзге өңірлерге өнеге көрсете алады. Міне, сондықтан да бұл өңір Қазақстан Республикасы Сенатының Ауыл шаруашылығы, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі комитетінің көшпелі мәжілісін өткізетін орын ретінде таңдап алынды. Облыс орталығында өткен көшпелі мәжіліс отырысына Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Ауыл шаруашылығы, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Әли Бектаев, Шығыс өңірінен сайланған Парламент Сенатының депутаттары Дүйсенғазы Мусин, Ольга Булавкина мен басқа да сенаторлар және Ұлттық экономика, Сауда-саттық және интеграция министрліктерінің өкілдері қатысты.
Ауыл шаруашылығы, табиғат пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы Әли Бектаевтың айтуынша, шығыстың шынымен де ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы бірқатар жетістіктерін республика көлемінде мысал етуге болатын көрінеді. Ел экономикасының басым бөлігін агросектор құрайтын Қазақстан үшін біздің облыстың жетістіктері орасан зор екенін атап өткен комитет төрағасы бұл жолғы басқосудың таптырмас тәжірибе алмасу алаңы болатынын айтты.
Облыстың экономикалық дамуына тоқталып өткен аймақ басшысы Даниал Ахметов өңірдің қол жеткізген көрсеткіштерінің көңіл толарлық екенін атап айтты. Облыста аграрлық сектордың дамуында оң серпіліс барын айтқан Әли Бектаев динамикалық өсімнің соңғы жылдары тұрақты сақталып келе жатқанын да айтып өтті.
Ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау және қаржыландыру тетіктеріндегі өзгерістер мен жаңашылдықтарға тоқталған еліміздің Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кооперациялау бағытындағы бірқатар қиындықтар мен оларды шешу жолдарына тоқталып өтті.
Басқосуда сондай-ақ Катонқарағай ауданы әкімдігінің өкілі мен «Май дақылдары» тәжірибелік шаруашылығының басшылығы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Елордадан келген қонақтарға облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосып жатқан “Восток-Молоко” кәсіпорнының сүт өңдеу және өнімдерін шығару зауыты, Солнечное кентінде орналасқан «Май дақылдары» тәжірибелік шаруашылығының май дақылдары алаңдары, 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы, шаруашылық жұмысшыларына арнап салынып жатқан тұрғын үйлер мен селекциялау бағытындағы жетістіктері таныстырылды. Сонымен қатар делегация Глубокое ауданының Предгорное кентінде салынып жатқан май экстракциялайтын «AltynShygys» зауытында болып, құрылыс барысын көзбен көріп қайтты.

ШҚО ақпарат орталығы

Мақалада: АГРОСЕКТОРДАҒЫ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

7 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

7 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

7 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС