Мәжіліс кулуарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов ату-атпау мәселесі туралы журналистерге пікір білдірді.
«Бионегіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктердің санын реттеу мәселесін айтып жатыр. Бұл – Орал популяциясы. Қазір ондағы киіктер саны 800 мың бас болса, онда олардың 10 пайызы реттеледі. Яғни, 80 мың бас киік», — деді Брекешев.
Оның айтуына қарағанда, киіктер санын реттеу ауыл шаруашылығындағы малмен бәсеке болмауы үшін жасалады. Батыс аймақта мал жайылымынан бөлек егінге де түсіп кетіп жатыр.