"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Бүгін – Мұхтар Шахановтың туған күні

02.07.2022
Бүгін – Мұхтар Шахановтың туған күні
115
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды деп хабарлады Semeytany.kz ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

1942 жылдың 2 шілдесінде қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданы Қасқасу ауылында қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шаханов дүниеге келген болатын. Ол көпшілікке тілі жатық, қисыны тастай, ойы шымыр өлеңдерімен ғана емес, шешуші сәттерде батыл әрекет ететін тәуекелшіл мінезімен де танымал. Жұрт арасында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының шындығын ашуға түрткі болған адам осы Мұхтар Шаханов дегенге саятын түсінік бар.

Бір анығы, Мәскеу төрінде Желтоқсан шындығының ашылуын талап етіп сөз сөйлеп, кейін оқиғаны тергеу комиссиясына жетекшілік еткен Мұхтар Шаханов болатын.

Тәуелсіздік жылдары қазақ тілінің жанашыры, діл майданының сардары ретінде репутация қалыптастырған ақын Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Қырғыз Репсубликасындағы Елшісі сияқты жауапты қызметтерді атқарды. Қазақ әдебиетіндегі Мұхтар есімін арқалаған үш алыптың бірі саналатын ақын ұзақ жылдар бойы «Жалын» журналын басқарды.

Кез келген буынның өкілі өлеңдерін жатқа оқитын Мұқағалидан кейінгі танымал ақын да осы Мұхтар Шаханов деуге болады. Әсіресе «Отырардың күйреуі», «Эверестке шығу», «Ғашықтық ғаламаты», «Еркектер жыры», «Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме», «12-3=?», «Арман», «Шың басындағы оқиға, «Достық өлкесінің заңы», «Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап», «ТЖ-лар», «Төрт ана», «Космополит қазақтар» сияқты өлең-дастандары ел аузынан түспей келеді.

Биыл оның әдебиетке, ұлт руханиятына, түркі ықнтымағына сіңірген еңбегі ескеріліп, Ұлытау төрінде өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді. Қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шахановтың шығармашылық тандемі бірнеше буынның сүйікті репертуарына айналған өміршең әндерді жарыққа шығарды.

Ал «Арал қасіреті» әні өткен ғасырдан бері қазақтың басты экологиялық проблемасы болып келе жатқан Арал трагедиясының мұңды гимніне айналды. Ақын рухани ортаға Шыңғыс ханның тарихи рөлі мен тарихи тұлғасына қатысты дау-жанжалдармен де танымал.

Ақынның қысқаша өмірбаяны мынадай:

  • 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын бітірген.
  • 1960-65 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде, 1965-70 жылдары «Лениншіл жас» газетінде, 1971-75 жылдары республикалық телевизия, радио редакцияларда жұмыс істеді
  • 1976 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы болды.
  • 1984 жылы – «Жалын» альманағының бас редакторы.
  • 1986 жылы – «Жалын»журналының бас редакторы.
  • 1993-2003 жылдары ҚР Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды.
  • 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Мақалада: Бүгін – Мұхтар Шахановтың туған күні

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

20 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

20 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС