"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

30.06.2022
ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың шақыруымен Семей қаласына келген  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері облыс әкімдігінде өткен кеңеске қатысып, Абай облысының даму болашағын бірлесе  талқылады.

Аграрлық секторды дамыту — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Жиында жергілікті шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері ауыл шаруашылығын, жалпы, ауылдарды дамытудың маңыздылығына тоқталды. Кәсіпкерлер жергілікті өндірістік брендтерді қайта жандандыруға ниетті.

— Маңызды мәселелердің бірі қаланы жылумен қамту, сумен жабдықтау, су бұру және жолдарды жөндеу болып табылады. Энергетика министрлігі жанынан Семей қаласын жылумен қамтамасыз ету мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Бұл комиссияның жұмысы жемісті болады деп үміттенеміз, — деді Бақытжан Байахметов кеңеске қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде.

Кеңесте энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке комиссия жұмысын жедел бастау туралы ұсыныс айтылды. Сондай-ақ ЖЭО-3 құрылысы жобасын қарау кезінде жылу көздерінде өндіретін электр энергиясын тасымалдау желілерін дамытудан, сондай-ақ Семей қаласында 220 кВ жаңа қосалқы станция салу мәселесінен бастау ұсынылды.

Кеңеске қатысушылар қолда бар және әзірленіп жатқан жобалар бойынша қаланы және елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру және қысқа мерзімді кезеңде сумен қамтамасыз ету жоспарын іске асыру мәселелерін қарады.

Сонымен қатар жол инфрақұрылымын, атап айтқанда Семей қаласының айналасында жаңа көпір мен айналма жол салу, мектептер мен балабақшалар және денсаулық сақтау объектілерін салу мәселелері қаралды.

— Қалада тұрғындарды жылумен қамтамасыз ету мәселелері бар екені белгілі. Тұрғындардан да осыған байланысты шағымдар өте көп келіп түседі. Жаңа ЖЭС салуға келсек, бюджеттен жылу электр станцияларын салу үшін 447 млрд теңге бөлінді, ал заңнама бойынша бұндай құрылысты тек инвесторлар жүргізеді. Яғни кез келген инвестор өзіне пайда әкелетін жұмыстармен айналысады. Сондықтан инвестицияны жүзеге асырушы тараппен бұл мәселені талқылап көруіміз керек, — деді Ұлттық экономика және энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Кеңесте сондай-ақ Семей қаласы мен ауылдық округтерді дамытуға бағытталған негізгі жобалар таныстырылды. Жалпы алғанда, 515 жоба бар, оның ішінде 177 жобаның құжаттамасы дайын, 97 жоба бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленуде және 241 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу қажет. Бұл жобалардың барлығы қаланың негізгі мәселелерін шешуге бағытталған.

Мәселелер бойынша құрылымдық министрліктердің өкілдеріне тиісті түсініктемелер беріліп, Семей қаласы мен ауылдық округтерді дамытудың басым жобалары республикалық деңгейде қолдау табатынына сенім білдірілді.

 

Дана ТАЛҒАТБЕКОВА

Мақалада: ЖАҢА ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

7 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

7 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

7 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС