"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

05.07.2022
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
38
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өскемендегі Сол жағалау кешенінде Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл күні мерекені ұйымдастырушылар саябаққа келген қала тұрғындарын ұлттық киіммен қарсы алып, олардың назарына тамаша көрмелер мен концерттік бағдарлама ұсынды. Қалалықтар ұлттық аспаптар қалай дайындалатынын көріп, шеберлік сағаттарына қатысуға  мүмкіндік алды.

Шараға арнайы қатысқан шаһар басшысы Жақсылық Омар мен облыс әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов алдымен киіз үйлердегі ұлттық бұйымдар көрмесін, этноауыл үлгісіндегі алаңда жас өнерпаздардың өнерін тамашалады. Сондай-ақ саябақтағы сахнада «Байжігіт» ұлттық аспаптар оркестрінің, «An Sal Dar», «Жігер», “Altay» ансамбльдерінің мерекелік концерті ұйымдастырылды.

Өскемен қаласы әкімі өнерпаздармен бірге күмбір күйден шашу шашты.

Мерекелік іс-шаралар қаланың басқа да демалыс орындарында ұйымдастырылды. Қ.Қайсенов атындағы саябақтан бастау алған «Ертіс концерт» шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерті орталық Арбатта жалғасты. Ал кешке қарай, сағат 18.00-де, Ж.Жабаев атындағы саябақта қаланы ұлттық аспаптың күмбіріне бөлейтін тағы бір концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

— Бұл — бірнеше жылдан бері Ұлттық домбыра күні деп аталып, Қазақстанның барлық қалалары мен ауыл-аймақтарында тойланып келе жатқан мереке. Ұлттық құндылыққа, ұлттық өнерімізге құрмет көрсету – біздің азаматтық парызымыз. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»,- деп қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлап кеткендей, домбыра — қазақтың жаны, қазақтың өзі. Домбыраны ұлықтау дегеніміз – тек қос ішек, бір тиек, тоғыз пернелі аспапты ғана ұлықтау деген сөз емес. Домбыраны ұлықтау дегеніміз – бұл ұлтты ұлықтау, оның әнін, жырын, күйін, дәстүрін, тарихын, тағдырын ұлықтау. Өйткені қазақтың әні мен күйінде, жырында бүкіл еліміздің тарихы, болмысы, кешегі өткен күні, бүгінгі дәуірі, болашағы бар деп түсіну қажет. Сондықтан домбыраның шанағынан шыққан әрбір шығарманы ұлықтап, қадірлеуіміз керек, — дейді Өскемен қалалық мәдениет бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин.

Әрине, жүрегі қазақ деп соққан әрбір адамның өмірінде қара домбыра үлкен маңызға ие. Демек, өнер иелері мен өнер сүйер ел барда шанағынан күміс күй мен жыр төгілетін қасиетті аспаптың ғұмыры ұзақ болады.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

20 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

20 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС