"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

13.07.2022
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен кездесті. Екі өңірдің әкімдері аумақты бөлу мәселелерін талқылады. Басты тақырып өңірлердің барлық бейінді басқармалары мен ведомстволарының өкілдерімен бірлескен жұмыс тобын құру туралы болды.

— Топтың негізгі мақсаты – өтпелі кезеңді үйлестіру, ол үшін қолайлы жағдай жасау. Осы кезеңде, жаңадан құрылған облыстың бюджеті әлі айқындалмаған кезде, тіршілікті қамтамасыз ететін барлық объектілер мен жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ жаңа өңір үшін маңызды барлық жобалардың аяқталуын қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл – ел Президентінің тікелей тапсырмасы, оны орындау қажет, — деп атап өтті Даниал Ахметов.

Абай облысы әкімінің айтуынша, қазіргі таңда өңірдің жаппай біліммен қамту үлесі еліміз бойынша ең жоғары көрсеткішке ие. Жаңа оқу жылының басына дейін Абай облысының көп балалы және аз қамтылған отбасыларының барлық балалары мектеп формасымен, оқулықтармен және барлық қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз етілетін болады. Денсаулық сақтау объектілері де штаттық режимде өз жұмысын жалғастырады, инженерлік инфрақұрылымға, атап айтқанда жылыту маусымына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар алдағы уақытта «әлсіз» жерлерді анықтау мен осы бағыттардағы жұмысты күшейту үшін ағымдағы жағдайды толық, егжей-тегжейлі талдау қажет.

— Біздің бастамамыз бойынша барлық басқармалар жүйелі түрде үйлестіріледі. Барлық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның барабар жұмыс істеу мәселелері түйінді болып қала береді. Екі облыстық топтың басшылары бірнеше күн ішінде барлық объектілердің жұмыс істеуі көзделетін бірлескен жоспар әзірлеуге тиіс. Біз аудандарға көмір жеткізуді, Семейдегі Өскемен көшесін жөндеуді, сондай-ақ Степное кентіндегі мектептің құрылысын аяқтауды өз мойнымызға аламыз. Күн сайын барлық басқарма басшыларының есептерін тыңдайтын боламын. Бұл жұмыс — жемісті ынтымақтастыққа жасалған тағы бір қадам,- деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз кезегінде ШҚО әкіміне өзекті мәселелерді шешуде жеделдік танытқаны үшін алғысын білдірді.

— Бұл — екі облыстың одан әрі жемісті ынтымақтастығына жасалған тағы бір қадам. Бізді көп нәрсе байланыстырады. Біз тату көршілік қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайта беретін боламыз, — деді Нұрлан Ұранхаев.

Кездесуден соң Нұрлан Ұранхаев пен Даниал Ахметов теннис орталығында, Халифа Алтай мешітіндегі ислам мәдениеті мұражайында және Өскемендегі жеңіл атлетика кешенінде болды.

Абай облысы әкімдігінің мәліметі бойынша әзірленді

Мақалада: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

7 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС