"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАЛЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

20.07.2022
БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАЛЫ КӨРСЕТІЛЕДІ
40
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

          Зейнетақымен қамсыздандыру — қазіргі зейнеткерлерді ғана емес, жалпы халықтың бүгінгі күні еңбек етіп жүрген белсенді бөлігін де қызықтыратын өзекті мәселе. Бүгінде адамдар өз болашағын жоспарлауға сауатты қарай бастады, яғни, қазыналы қарттыққа, берекелі болашаққа деген талпыныс та күшейді. Сондықтан да болар, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық игілігі үшін жыл сайын тың шаралар қабылдап, жаңашыл жобаларды кезеңмен жүзеге асыруда. Бұл ретте  «БЖЗҚ» АҚ өз қызметін ашық әрі жариялы түрде жүзеге асырады. Осы орайда еліміздегі бірегей Қордың Семей қаласындағы өңірлік филиалына барып, мамандарының бір күндік қызмет барысымен танысып қайтқан едік.

 

Ұтымдысы – электронды қызмет

 

           Семейдегі «БЖЗҚ» АҚ филиалы тарихи шаһардың ең көрнекті жерінде, орталықта, еңселі ғимаратта орын тепкен. Біз келген сәтте мұнда келушілер қатары мол екен. Басым көпшілігі орта жастағы адамдар операциялық зал мамандарының көмегіне жүгінуде. Қызметкерлердің өздерін мейлінше сыпайы ұстап, азаматтардың әр сауалына байыппен жауап беріп жатқанын да аңғардық. Кең әрі жарық мол түсіп тұрған ғимарат ішінде тыныштық, өзіндік жарасымдылық бар. Бірден көзге шалынғаны заманауи техникамен жабдықталғаны болды.

Бізді операциялық бөлімнің басшысы, осы салада ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі қызметкер Ләйла Тныкина қарсы алды.

«БЖЗҚ» АҚ-ның қызметтік басымдықтарының бірі — заманауи талаптарға толықтай сай болу, цифрлық технологиялар игілігіне сүйене отырып, халыққа қалтқысыз қызмет көрсету. Бұған біз  өңірлік филиалда анық көз жеткіздік. Филиал мамандары айтып өткендей, БЖЗҚ салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін береді. Осы орайда зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуда электрондық тәсілдер қолданылуда. Ал ақпарат алу тәсілін салымшы өзі таңдайды.

— Шоттан үзінді-көшірме алудың тәсілдері көп. Жылына бір рет пошта байланысы арқылы; таңдап алынған төлем кестесіне сәйкес, электрондық пошта және БЖЗҚ кеңсесіне тікелей келу арқылы алуға болады. Интернет-хабарландыру арқылы, оның ішінде ұялы телефонға жүктелетін «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы онлайн тәртібінде де алуға болады, — дейді бұл орайда Ләйла Леонқызы.

Біздің әңгімемізді ғимарат ішіне асыға-аптыға кірген орта жастар шамасындағы жігіт ағасы үзді. Жүзінен шарасыздық байқалады. Ілтипатпен амандасқан Ләйла Леонқызы келушіден мақсатын сұрады. Өзін Мұрат деп таныстырған азамат жаңадан ашылған фирмаға енді ғана жұмысқа орналасыпты. Айтуынша, жұмыс орнынан зейнетақы жарнасының соңғы алты айындағы көшірмесін әкелуді сұраған.

— БЖЗҚ сайтындағы  «Жеке кабинет арқылы» хабарлау әдісін таңдауға болады. Әрбір салымшы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның сайты мен мобильді қосымшасы және «Электрондық үкімет» арқылы келісім жасаспай-ақ ала алады, — деп түсіндірген Ләйла Леонқызы азаматқа ұялы телефонына Google Play арқылы «ENPF» ұялы қосымшасын көшіріп алуды ұсынды. Ал әрі қарай оған операциялық зал маманы көмекке келді. Қор қызметтерін санаулы минуттың ішінде үйден шықпай-ақ алуға болатынынан бұл азамат хабарсыз болып шықты. Сондықтан болар, осынау заманауи жетістікке қуанышын білдіріп, филиал қызметкерлеріне алғысын жаудырып жатты. Қалай дегенде де ол енді зейнетақы қоры қызметін еліміздің кез келген жерінен қашықтықтан алуға болатынына көз жеткізіп кетті.

Ләйла Леонқызының айтуынша, бөлімшеге тікелей келіп жүгіну тәсілі де танымалдығын жоғалтпаған. Биыл БЖЗҚ кеңселерінде жалпы саны 3,1 миллионнан астам салымшы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алған екен. Ал дәстүрлі пошта байланысы арқылы ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуды жөн көретін салымшылардың саны айтарлықтай азайған — шамамен 1 млн адам. Ескерте кететін жайт, егер салымшы осындай хабарлау тәсілін таңдаса, БЖЗҚ міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістерді, оның ішінде тұрғылықты мекенжайының өзгергені туралы хабарды күнтізбелік он күн ішінде Қорға хабарлауы қажет көрінеді.

— Зейнетақы жарналарының уақтылы аударылғанына сенімді болып әрі өз болашағын жоспарлау үшін азаматтарға зейнетақы жинақтарын өздеріне ыңғайлы кез келген тәсілмен үнемі тексеріп отыру қажеттігі жөнінде тағы да ескертеміз, — дейді бұл орайда бізге Ләйла Тныкина.

БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАЛЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

«Ашық есік» күні өтті

 

Жалпы, филиал семейлік тұрғындарға зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер жайлы ақпараттандыру шараларын басты орынға қойған. Сондықтан әрбір тоқсан сайын өтетін «Ашық есік» күні  жайында біз сөзге тартқан өңірлік филиалдың барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы Бақытжан Серікжанов айтып берді.

— Бір күн бұрын ғана «Ашық есік» күнін ұйымдастырдық. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесіндегі соңғы өзгерістер жайлы тұшымды мағлұматтар алды. Жалпы, біздің қызметімізде жыл сайын елеулі өзгерістер орын алады. Сондықтан  мұндай шараның тиімділігі мол. Қор қызметкерлері зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру реттілігі, базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі және басқа да өзекті тақырыптар бойынша жан-жақты түсіндіріп берді, — дейді ол.

Аталмыш іс-шараның мақсаты — жергілікті салымшыларға Қордың қазіргі кездегі  жұмысы, жаңа жоба —  «Заңды тұлғаның  кабинеті», «БЖЗҚ» АҚ-ның электрондық қызметтері, сондай-ақ салымшыларды қолжетімді қызметтер тізбесімен таныстыру.

«Ашық есік» күні Қор салымшыларының барлық санаттары үшін, соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері үшін де өткізіледі екен. Бұл жолғы шара барысында да жауапты қызметкерлер салымшыларды қызықтырған көптеген сұрақтар бойынша жеке кеңестер беріпті.

Жалпы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ашық есік» күні шарасын тұрақты негізде өткізіп тұрады. Бұл күні кез келген ниет білдіруші азамат Қор тарапынан көрсетілетін қызметтерді алып қана қоймай, оның қызметі мен зейнетақы жүйесі туралы өзге де өзіне қажетті мәліметтерді ала алады.

Бақытжан Өміржанұлы айтып өткендей, «Ашық есік» күніне семейліктер өте белсенді қатысады. Әрі осы шара үшін жиі алғыс білдіреді екен.

БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАЛЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

                                      Барып қызмет көрсету бөлімі көмекке әзір

 

Өңірлік филиалдың барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы Бақытжан Өміржанұлы аталмыш бөлімнің қызметімен жақынырақ таныстырды.

— Қазір зейнетақы мәселелері еліміздегі барлық тұрғындарды алаңдатады. Бұл ретте салымшылардың барлығы бірдей біздің бөлімшемізге келуге қолдары тие бермейді. Сол себептен біз олармен тікелей байланыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін қарастырамыз. Соның ішінде көшпелі таныстырылымдардың маңызы зор, — дейді Бақытжан Өміржанұлы.

Оның айтуынша, Қор мамандары түрлі заңды тұлғалар, яғни ұйымдар мен кәсіпорындар ұжымы алдында ҚР зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары, көрсетілетін қызметті электронды форматта алу мүмкіндіктері сынды көптеген мәселелерді қозғайды. Өзекті тақырыптар бойынша арнайы әзірленген таныстырылымдар да бар. Мамандар аса қажетті мағлұматтарды слайд қолдана отырып, түсінікті тілмен жеткізеді.

Қор филиалындағы аталған бөлімнің мамандары қаладағы түрлі мекемелер мен ұйымдарға барып, әсіресе Қордың электрондық сервистері бойынша таныстырылымдар өткізіп, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жан-жақты жүргізіп, ақыл-кеңестер береді.

— Кездесу өткізу  немесе жұмысты электрондық ақпарат беру тәсіліне көшіру жайлы мағлұмат беру үшін азаматтарға неғұрлым ыңғайлы болатын уақытты таңдаймыз. Яғни, ұжым басшыларымен алдын ала келісіп аламыз. Таныстырылымнан кейін еліміздегі зейнетақы жүйесіне қатысты жұртшылықтың кез келген сұрақтарына нақты, толық жауап беруге тырысамыз. Бір байқағаным — кез келген жастағы азамат, тіпті жастардың өзі зейнетақы жинақтары, Қордағы жаңашылдықтар туралы мағлұматтарға қызығушылық танытады, — дейді бұл орайда Бақытжан Серікжанов.

Біз көз жеткізген бір жайт, «Мобильдік агенттер» салымшылардың үйлеріне де барып, оларға көшпелі қызмет түрлерін  көрсетеді. Бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға, үйде отырған көп балалы аналарға мейлінше тиімді. Көбінесе салымшының деректемелерін өзгерту, толықтыру туралы өтініштерді рәсімдеу, жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме беру туралы келісімдер жасау сынды қызмет түрлері көрсетіледі. Көшпелі таныстырылымды рәсімдеу үшін жұмыс берушілерге зейнетақы қоры филиалдарына қоңырау шалып, өтініш қалдырса жеткілікті екен.

          «БЖЗҚ» АҚ Семей филиалында өткен бір күн ішінде біз қаныққан жайттар осылай өрбіді. Ал қамсыз қарттық үшін қазіргі күннен бастап қам жасаған ләзім.

       

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

Мақалада: БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАЛЫ КӨРСЕТІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

22 часа бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

22 часа бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС