"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МӨЛТЕК АУДАНДАРДЫ ДАМЫТУҒА — 95,2 МЛРД ТЕҢГЕ

25.07.2022
МӨЛТЕК АУДАНДАРДЫ ДАМЫТУҒА — 95,2 МЛРД ТЕҢГЕ
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев Юность, Комсомол, Ұшақтар, Треугольник және 66-шы квартал ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиында Дархан Жөргекбаев өткен алты айда қалада атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы баяндады.

Қала әкімінің орынбасары осындай кездесулер барысында, сондай-ақ әлеуметтік желілерді мониторингілеу және жазбаша өтініштерді қарау кезінде түйткілді мәселелер анықталатынын атап өтті. Оның айтуынша, тұрғындардан түскен өтініштер мен тілектерді ескере отырып, 252,5 млрд теңге сомасына әлеуметтік тәуекелдер картасы жасалған. Онда 2022-2023 жылдарға арналған қысқа мерзімді кезеңге 94,6 млрд теңге және орта мерзімді кезеңге 157,9 млрд теңге бөлінген. 2022 жылға арналған әлеуметтік тәуекелдер картасы бойынша 199 мәселені шешу үшін бюджеттен 34,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу қажет.

Дархан Жөргекбаев қала әкімдігі бұл мәселелерді депутаттармен бірлесіп заңнама шеңберінде бюджетке енгізу арқылы шешуге тырысатынын, ал қаржыландыруды қажет етпейтін мәселелердің шешімі дереу қарастырылатын айтты.

— Ең өткір проблема — қала инфрақұрылымының тозуы. Соңғы жылы оны жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Өткен жылы жол инфрақұрылымын дамытуға 4,6 млрд теңге бөлінсе, оның 1,1 млрд теңгесі Қарағайлы ауданындағы кварталішілік жолдардың құрылысын аяқтауға жұмсалған. 3,1 млрд теңге көлемінде 118 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде топырақ жамылғысы бар 27 көшеге құм-қиыршық тас қоспасы мен шақпатас себілді, — деді Дархан Жөргекбаев.

МӨЛТЕК АУДАНДАРДЫ ДАМЫТУҒА - 95,2 МЛРД ТЕҢГЕ

Жиын барысында қала көшелерін жарықтандыруға ерекше көңіл бөлінетіні де атап айтылды. Өткен жылы 188 көшеде 7 659 жарық шамдары ауыстырылса, 2022 жылы жарығы жоқ 100 көшеге 3 295 жарық шамдарын орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар жылумен жабдықтау нысандарын жөндеуге 1,4 млрд теңге қаржы жұмсалған. Бұл жұмыстар өткен жылдың жылыту маусымын үзіліссіз өткізуге мүмкіндік берді.

2023 жылы жарығы жоқ көшелерге 8 600 шам орнатып, 252 көшені жарықтандыру жоспарлануда. Үш жыл ішінде алғаш рет қаланың 352 көшесіне жарық орнатылады.

Ағымдағы жылы Селевин көшесінен соңғы аялдамаға дейін Парковая көшесін, Юность кентіндегі №6 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға барар жолды, сондай-ақ Селевин көшесінен темір жол өткеліне дейінгі Автодорожная көшесін орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

— Бүгінгі таңда мердігер ұйымды анықтау мақсатында конкурс өткізілуде. Мердігер компания анықталғаннан кейін жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіелетін болады, — деді қала әкімінің орынбасары.

Бүгінгі күні Парковая көшесінен Селевин көшесіне оң жақ бұрылыс орнату жұмыстары басталды. Сол сияқты 35,2 млн теңге қаржыға Ұшақтар кенті мен Оралмандар кентіндегі ұзындығы 5,1 шақырымды құрайтын 8 тұйық көшеге құм-қиыршық тас қоспасы мен шақпатас төселіп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ағымдағы жылы 66-шы квартал ауданында 1 ауланы абаттандыру үшін 33,2 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Комсомол, Ұшақтар, Юность кенттерінде және Селевин көшесінде балаларға арналған 4 алаңды орнатуға келісімшарттар жасалды, сонымен қатар Треугольник ауданында балалар және спорт алаңын, футбол алаңын орнату бойынша конкурстың қорытындысы шығарылды (мердігерлік ұйым — «СтройГруппPVL» ЖШС).

2025 жылға дейін Юность, Комсомол, Ұшақтар, Треугольник және 66-шы квартал шағын аудандарын дамытуға 95,2 млрд теңге жоспарлануда.

Кездесу барысында қала тұрғындары бірқатар мәселелерді көтеріп, атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты шағымдары мен ұсыныстарын айтты. Алдағы уақытта тұрғындардың барлық өтініштері мен шағымдары ескеріле отырып, тиісті шаралар қолданылады деген ойдамыз.

Талшын ҚАЛИАСҚАР,

«Семей таңы»

Мақалада: 2 МЛРД ТЕҢГЕМӨЛТЕК АУДАНДАРДЫ ДАМЫТУҒА - 95

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС