"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

11 ӨТІНІШ ТҮСТІ

24 тамыз - ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы

03.08.2022
11 ӨТІНІШ ТҮСТІ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыстың құрылуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2022 жылғы 24 тамызда Абай облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтетіні белгілі. Осыған орай қалалық ақпарат орталығында брифинг өтті.

Облыстан 2 депутат: біреуі 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне, екіншісі 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне сайланады.

Абай облысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталия Фесенко Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес (71-бап) мәслихат сессияларында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен өткізілетінін атап өтті. Сондай-ақ Сенат депутаттығына кандидат ретінде мәслихат депутаты, облыс аумағында тұратын басқа азаматтар да ұсыныла алады.

— Кандидаттарды ұсыну 13 шілдеден басталып, 30 шілде күні сағат 18-де аяқталды. Осы кезеңде өз кандидатурасын ұсыну арқылы барлығы 11 адамнан өтініш келіп түсті. Ұсынылған кандидаттар арасында 5 ер адам, 6 әйел адам бар. Олардың орташа жасы — 49 жас, кандидаттардың ең жасы 39-да, ең үлкен кандидат 60 жаста. Мамандығына келсек, үш кандидат – заңгер, тағы үшеуі – ауыл шаруашылығы қызметкері (зоотехник, мал дәрігері, агроном) және екі оқытушы, екі дәрігер, бір қаржыгер бар. Кандидаттардың арасында мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, әкім аппараты мен мәслихат қызметкерлері, коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері бар, — деді Абай облысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталия Анатольевна.

Наталия Анатольевна үміткерлерге қойылатын талаптар туралы айтып өтті.

Облыстық сайлау комиссиясы үш күн ішінде кандидаттардың Конституция мен осы конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтайды. Тексеру аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде сайлаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары беріледі. Кандидаттар облыстың барлық мәслихаттарынан сайланған сайлаушылардың жалпы санының он пайызынан кем емес, бірақ бір мәслихаттан сайлаушылар дауысының жиырма бес пайызынан аспайтын қол жинауы тиіс.

— Сенат депутаттығына облыс атынан үміткер облыстың барлық 11 мәслихатынан сайланған  кемінде 13 сайлаушының қолдауына ие болуы керек. Облыстан екі депутат сайланатындықтан әрбір сайлаушы Сенат депутаттығына екі кандидатты қолдау мақсатында өз қолын қоюға құқылы, — деп атап өтті Наталия Анатольевна.

Барлық өтініштер қаралып, қанағаттандырылды. Кандидаттар тіркелгенге дейін және тексеруден өткеннен кейін он бес еселенген мөлшерде сайлау жарнасын төлеп, тұрғылықты жері бойынша кіріс органдарына өзінің және жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны табыс етуі тиіс. Тіркеу «Сайлау туралы» заңда көзделген құжаттар болған кезде ғана жүзеге асырылады.

2022 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша, комиссия алты кандидатты тіркеді. Олар «Қайнар» жоғарғы колледжінің директоры Айнұр Арғынбекова, Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы Мейрамгүл Әбілғазинова, Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы Уәлихан Майжанов, «Эйкос» ЖШС дамыту жөніндегі директоры Ангела Маслова және Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов пен Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы Талғат Сарманов.

Кандидаттарды тіркеу аяқталғаннан кейін 23 тамызға дейін сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сенат депутаттарын сайлау сайлаушылардың бірлескен отырысында өтеді. Егер бірлескен отырысқа облыстың барлық 11 мәслихатының депутаттары санының елу пайызынан астамы қатысса, бірлескен отырыс заңды болып табылады. Сайлау нәтижелері 30 тамызда жарияланады.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: 11 ӨТІНІШ ТҮСТІ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС