"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРТЕ АНЫҚТАЛСА, АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ

03.08.2022
ЕРТЕ АНЫҚТАЛСА, АЙЫҒУҒА БОЛАДЫ
72
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Саркома – қатерлі ісіктің бір түрі

Бұл рак клеткалары ағзаның дәнекер тінінен пайда болады. Саркоманың неғұрлым кең тараған түрлеріне остеосаркома (сүйек ісігінің түрі), миосаркома (бұлшық ет қатерлі ісігі), липосаркома (май тінінің қатерлі ісігі), хондросаркома (шеміршек жасушаларының рагы), ангиосаркома (қан тамырларының рагы), фибросаркома (көбінде сүт бездерін зақымдайды) жатады.

Көбінде осы ісіктер  тез өсуге бейім.  Жиі қайталанып, метастаздардың пайда болуымен сипатталады.

Сүйек саркомасы балаларда жиі кездеседі, ал жұмсақ тіндер саркомасына ересектер көбірек ұшырап жатады. Жұмсақ тіндердің саркомасы — ең қатерлі түрі.

Саркоманың пайда болу себептері

Саркомалардың нақты пайда болу себептері  белгісіз, бірақ бірнеше факторлар ісіктің пайда болуына әсер етуі мүмкін. Олар – генетикалық бейімділік, тұқым қуалаушылық, иондаушы радиация, ультрафиолеттік сәулелену, иммунитеттің төмендеуі, адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы (АИВ, герпес вирусының 8 типі ( Саркома Капошы кезінде), созылмалы лимфедема  (лимфа сұйықтығының жиналуы), ішкі ағзалар трансплантациясынан кейін, ауыр жарақаттар, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар және ісік ауруларын тудыратын химиялық заттардың әсері (инсектицидтер, гербицидтер, винил хлоридтар және т.б.).

Саркоманың белгілері

Саркоманың пайда болуының алғашқы сатысында клиникалық белгілер мүлдем болмауы мүмкін. Клиникалық симптомдар біршама ақырын дамиды және жылдар бойы ешқандай белгілері білінбейді. Көбінесе ең алғашқы басты белгісі – тері арқылы сезілетін түйін. Түйін пайда болған тіндерде аздап ауырсыну сезімі пайда болады. Бірақ науқастар дәрігерге қаралуға асықпайды. Тек ауырсыну сезімі үдеп, шыдатпаған кезінде ғана аурухана келеді. Дерт асқынған кезде анальгетиктерді қабылдаса да ауру сезімі басылмайды. Түйін орналасқан жерде тері қабынып, ісінеді.

Дене температурасы көтеріліп, бас аурулары, бас айналу, тез шаршағыштық белгілері пайда болады. Тәбет болмағандықтан адам тез салмақ тастауы мүмкін.

Нақты зақымданған ағзаға байланысты симптомдар әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, ішектің қатерлі ісігі кезінде ішек өтімсіздігі дамиды. Көкірек қуысының ісігі кезінде ентігу, жатырдың зақымдануы кезінде, етеккір кезендері арасында қан кетулер болуы мүмкін.

Диагностика

Саркома диагностикасы басқа ісік аурулары сияқты арнайы маманның қабылдауынан басталады. Дәрігер аурудың белгілерін, пайда болу уақытын, т.б. сұрақтар қояды. Науқасты қарап, зақымданған ағзалардың көлемі мен лимфа түйіндерінің қабынуын тексереді. Одан кейін лабораторлы және инструменталды тексерулер тағайындайды. Қатерлі ісікке  күдік пайда болса, науқас түрлі тексерулерден өтеді. Магнитті-резонансты томография, компьютерлі томография,  сүйек сцинтиграфиясы, биопсия тағайындалады.

Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында  КТ, МРТ тексерулер, сүйек сцинтиграфиясы 2018 — 2022 жылдарға арналған  Қатерлі ісікпен күресудің кешенді жоспары бойынша тегін жасалынады. Тек тұрғылықты мекенжайы бойынша емханадан жолдама алу керек.

Орталықта «Somatom Emotion 16» компьютерлі  томографы, MagnetomEspree» магнитті-резонансты томографы «бар. Қатерлі ісіктерге күдікті тіндердің морфологиялық тексеруі өзіміздің гистологиялық лабораторияда жасалады.

Саркоманың емі

Саркоманы, әдетте, қатерлі ісікті жою үшін, хирургиялық ота арқылы емдейді. Операцияға дейін немесе одан кейін басқа емдеу әдістерін қолдануға болады. Қандай емдеу әдісі тиімді болатыны саркоманың түріне, орналасуына, жасушалардың қаншалықты агрессивті екеніне және қатерлі ісік дененің  басқа бөліктеріне таралғанына байланысты болады.

Хирургия. Саркомаға арналған операцияның мақсаты — қатерлі ісік жасушаларының барлығын жою. Кейде барлық қатерлі ісіктерді жою үшін қолды немесе аяқты кесу керек болады, бірақ хирургтер мүмкіндігінше аяқ-қол қызметін сақтауға тырысады. Кейде қатерлі ісіктерді басқа дене мүшелеріне зақым келтірмей жоюға болмайды. Мұндай жағдайларда хирургтер саркоманы мүмкіндігінше алып тастауға тырысады.

Радиациялық терапия. Сәулелік терапия кезінде қатерлі ісік жасушаларын жою үшін қуатты рентген сәулелері мен протондар сияқты сәулелер қолданылады. Радиация денені айнала қозғалатын және энергия сәулелерін бағыттайтын машинадан шығуы мүмкін (сыртқы сәулелену). Немесе сәуле науқастың денесіне уақытша орналастырылуы мүмкін (брахитерапия). Кейде сәулелену қатерлі ісікті жою операциясы кезінде жасалады (хирургиялық сәулелену).

Онкология орталығында Varian Medical Systems-таң TrueBeam цифрлық сызықтық үдеткіші жұмыс істейді.

Сәулелік терапияның 3 түрі бар: өздгінен — 66-70 гр,  отадан кейінгі — 50 гр, паллиативті  – 30 гр.

Химиотерапия — химиялық заттарды қолдану арқылы дәрілік емдеу.

Мақсатты терапия — рак клеткаларын басқа жолмен өлтіреді: жасушалардың өсуі мен бөлінуіне жол бермейді.

Иммунотерапия — бұл қатерлі ісікке қарсы тұру үшін науқастың иммундық жүйесін қолдану арқылы жүргізілетін дәрілік ем.

Ядролық медицина және онкология орталығында химиотерапия  2015 жылдың қазан айындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің саркоманы диагностикалау және емдеу хаттамасы бойынша жүргізіледі.

Аурудың алдын алу

Салауатты өмір салтын ұстану арқылы адам қатерлі ісік қаупін төмендете алады. Жалпы, салауатты өмір салты денсаулығымызды нығайтып, түрлі аурулардың алдын алуға септігін тигізетіні белгілі.

Темекі өнімдерін пайдаланудан аулақ болу керек. Дене шынықтырумен айналысу, белсенді өмір сүру, көп қозғалу денсаулыққа өте пайдалы. Артық салмақ көптеген қатерлі ісіктердің даму қаупін арттырады.

Спирттік ішімдікті тұтынуды шектеңіз. Ішімдік ішу, тіпті аз мөлшерде болса да, ішек, сүт безі, өңеш және ауыз-жұтқыншақ қатерлі ісігінің даму қаупін арттыруы мүмкін.

 

Аида СЕКСЕМБАЕВА,

   Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының

терапевт дәрігері

Мақалада: АЙЫҒУҒА БОЛАДЫЕРТЕ АНЫҚТАЛСА

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында сальмонеллез бен жіті ішек инфекцияларының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

24.04.2025
Абай облысында сальмонеллез бен жіті ішек инфекцияларының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңірде сальмонеллез және жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) таралу деңгейі артқан....

Толығырақ...Details

Абай облысында қосымша денсаулық сақтау нысандары салыну жоспарлануда

29.08.2024
Абай облысында 2024 жылы бірнеше саладағы жаңа нысандар пайда болады

Бүгінде Халықтың медициналық қызметтерге деген қажеттілігі жоғары. Ауруханалар, амбулаториялар мен емханалар жеткіліксіздігіне байланысты инвесторлар есебінен өтеусіз негізде құрылыс басқармасы Денсаулық...

Толығырақ...Details

Профилактикалық шаралар мен вакцинация облыста қауіпті инфекциялардың таралмауына көмектеседі

21.08.2024
Профилактикалық шаралар мен вакцинация облыста қауіпті инфекциялардың таралмауына көмектеседі

Қадағалау және дер кезінде жүргізілген алдын алу шараларының арқасында облыста тырысқақ, оба, туляремия, сібір жарасы, пастереллез, лептоспироз, листериоз, құтыру және...

Толығырақ...Details

Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгізді

15.08.2024
Абай облысында психоневрологиялық аурулары бар балаларды емдеуде «Севоран» анестезиясын қолдануды енгізді

Өңірде ведомстволық бағынысты 306 денсаулық сақтау субъектісі медициналық көмек көрсетеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысы...

Толығырақ...Details

21 шілдеде Семейде бірқатар көшелер жабылады

18.07.2024
21 шілдеде Семейде бірқатар көшелер жабылады

2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысының Семей қаласында барлық спорт сүйер қауым үшін жарыс өтеді. Семей қаласындағы жарыс QAZAQ MARATHON...

Толығырақ...Details

Абай облысы бойынша туберкулезге қарсы жұмыстар жалғасуда

28.03.2024
Абай облысы бойынша туберкулезге қарсы жұмыстар жалғасуда

2023 жылы облыс бойынша туберкулезбен сырқаттанғандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте "Абай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

7 дней бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС