"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«МӘҢГІЛІК МАХАББАТ ЖЫРЫНДАҒЫ» НАҚЫЛ СӨЗДЕР

19.07.2022
«МӘҢГІЛІК МАХАББАТ ЖЫРЫНДАҒЫ» НАҚЫЛ СӨЗДЕР
189
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Мәңгілік махаббат жыры» — Әзілхан
Нұршайықовтың жары Халимаға
арнаған жазбасы. Бұл жерде отбасылық
өмір, ер адам мен әйел адам арасындағы
берік байланыс пен сыйластық сөз
етіледі. Махаббат пен өзара түсіністік
мәселесін қозғайды. Бүгін жазушының
шығармасында кездескен нақыл
сөздерді назарларыңызға ұсынамыз.

Әр әйел — өз отбасының алтын Күні. Күн — көктегі Жерге
жақын газ бейнелі ең ыстық жұлдыз екені, Жердегі бар тіршілік
Күннен қуат алып, соның жылуы мен жарығы арқасында өсіп
өнетіні аян.
Ал мен Жер әлемінің жердегі Күні әйелдер дер едім. Жер бетіндегі ең ақылды тіршілік иесі адамзат болса, адамзатты құрайтын
адамдар әйел құрсағынан шығады. Әйелдің күйеуіне, балаларына сіңіретін еңбегін ешқандай электрондық есептегішпен есептеп
шығара алмайсың. Әйел — Ана қарызын ешбір еркек, ешбір перзент өтей алмақ емес.
●●●
Өз ойымша, махаббат деген адамзат сезімінің алтын құсы
сияқты. Махаббат бірін-бірі білмейтін алыс жақта дүниеге келген
екі жастың жүрегін ұя еткен алтын құстың (немесе аққу құстың)
ақ үрпек балапанына ұқсайды. Өз ұяларының төрінде талпынып
өскен екі алтын балапан есейгеннен кейін, жүректері дірілдеп,
көңілдері алабұртады. Әлдекімді іздегендей болып, жан-жағына
қаранып, таранып, талпына бастайды. Өз жанымен үндес біреу
бар екенін іштей сезеді. Бірақ, оның қайда екенін, қашан кездесетінін екеуі де білмейді. Олар ұядан шығып, әрқайсысы өз тіршілігімен, аспан кеңістігін самғап ұша бастайды.
Өз ұяларынан әлдебір алыс жерде немесе атамекен
өз тоғайының шетінде Тағдыр ол екеуін ойламаған жерден
кездестіреді. Бірі үшін бірі жаратылған екі жүрек үнсіз үйлесіп, бір
ырғақпен соғып, қатар түзеп, Өмір деген көк аспанның қиырына
қарай бет түзеп, қанаттарын қатар сермеп, шаттана шырқай
жөнеледі…
Қыз бен жігіт те сол екі алтын балапан сияқты. Олар да бірінен бірі аулақта өсіп, ақыл толтырады. Бой түзеп, ер жетеді.
Көрік, келбетін, тәртіп, тәрбиесін жұрт мақтап, көптің аузына ілінеді. Олардың жүрегі жақсы сыңар іздейді. Өстіп жүрген екі
жас кездейсоқта кездесіп, ойда жоқта танысып, табысады. Қос
жүрек жымдасып, бүкіл дене бір бітімге айналады. Содан кейін
қол ұстасып, өмірдің белгісіз бел-белестерін бетке алып, ілгері
ұмтылады. Бірінен-бірі бір елі ажыраспай, тағдыр айырғанша
тату-тәтті тамаша өмір сүреді. Мәңгілік махаббат деп осыны айтатын болармыз.
●●●
— Еркектер! Әйелдеріңді қадірлеп, құрметтеңдер. Бұл қысқа
ғұмырда саған тиетін мәңгілік бақыт, байлық, ұлылық — өз әйелің
ғана! Одан айырылғанда кеудеңнен жаның шығып, салдырап қу
сүйегің қалғандай күй кешесің!
— Әйелдер! Күйеулеріңді күтіңдер, аялап ардақтаңдар. Өмір
деген өткінші дүниеде ерлі-зайыпты екі адамның татулығынан
тәтті, достығынан күшті, махаббатынан биік ештеңе жоқ.
— Жастар! Қыздарды қадірлеп, құрметтеңдер: аялаңдар,
ардақтаңдар, абыройын төкпеңдер. Өзің үшін жаралған «алтын
балапанды» тауып, мәңгілік махаббатқа жетуге тырысыңдар.
●●●
Жоқ, мен өзімді-өзім бекерге мысқылдаппын. Ғашықтың ізі
болады екен. Бірақ ол топыраққа, тасқа түспейді екен. Мен оны
жүрген жолдан бекер іздеппін. Асфальтқа орынсыз үңіліп, жанжағыма босқа жалтақтаппын. Ол із өзге жерге түспепті, менің
жүрегімде, ойымда қалыпты.
●●●
Көп әйелдер ұят дегенді естігендерімен, ұялуды білмейді.
●●● Барлық әйел – бағалы! Әйелдер ең ғажайып дүние! Бірақ, біз –
еркектер олардың ғажаптығын қадірлей білмейміз.
●●●
Әйелдер баласын мақтап, байын мадақтап, өзін өркештендіріп
отырғанды ұнатады. Кейбір әйелдер ұрлық жасап, түрмеге түскен,
маскүнем болып кеткен балаларын да көкке көтере мақтай
жөнеледі. Күйеулерін: «Сен пәленшеден артықсың, түгеншеден
де биіксің. Сенің талантыңа ешкім тең келмейді» деп қолпаштап,
қоздырып, желіктіріп отырады. ●●● Менің ойымша махаббат үш түрлі болады:
1. Бала махаббат.
2. Шала махаббат.
3. Мәңгілік махаббат.
Бала махаббат әркімнің басында болады. Бала күнінде бірінбірі жақсы көрген қыз бен жігіт артынан ғашығынан көз жазып
қалады. Балалық махаббатты мен де басымнан кешіргенмін.
Жұрттың көбі шала махаббатпен өмір сүреді. Алғашында
бірін-бірі шын сүйдік деп қосылған екі жұп артынан аңғал
қосылғандықтарын аңғарып, не ажырасып кетеді. Не, балалышағалы болғандықтан, жұптарын жазбай, тоқтап қалады.
Ал, мәңгілік махаббат ілуде біреуде ғана болады.

Мақалада: «МӘҢГІЛІК МАХАББАТ ЖЫРЫНДАҒЫ» НАҚЫЛ СӨЗДЕР

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС