"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ТУРИЗММЕН АЙНАЛЫСАДЫ

28.06.2022
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жақында кезекті журналистік іссапармен қияндағы Ақсу ауылында болғанымызда, осындағы
кәсіпкерлердің бірі Ерғалым Қалиев дейтін азаматпен танысып, ол кісінің жүргізіп отырған жеке
шаруашылығынан бөлек, ауылда өз күшімен туризммен де айналысып отырғандығынан хабардар
болдық. Атап айтқанда, Ерғалым ағамыз сонау 2006 жылдары Ақсу ауылынан екі-үш шақырым жерде
сұлу табиғат аясында ағаштан шағын қонақ үй тұрғызып, оның жанынан монша салып, осында келетін
демалушылар мен туристерге шама-шарқынша қызмет көрсетіп келеді екен. Алдағы уақытта демалыс
орнының аумағын кеңейтіп, демалушыларға ұсынатын қызмет түрлерін түрлендіруге ниетті. Тек оған
қаржылай қолдаудың қажеттілігін айтады.

Қонақ үй орналасқан жерге бізді

ауылдық округтің жас, жас бол-
са да іскер әкімі Данияр Кәсенов

өзі жол бастап апарды. Демалыс
орны ауылдан соншалықты алыс
болмаса да, оған апаратын жол
бізді әжептәуір әбігерге салды.

Жол талғамайтын көлік болма-
са, жеңіл көліктердің жетуі екіта-
лай. Тау ішіндегі орманды алқапта

орын тепкен қонақ үйге апаратын
айқыш-ұйқыш жолдың бір жеріне
келгенде тіпті Ақсу өзенінің асау
толқындарын бұзып-жарып өтуге
тура келді. Абырой болғанда,
астымыздағы «Нивамыз» да

бұндайда осалдығын танытпа-
ды. Қарап отырсаңыз, жолдың

экстрималдылығы осында келетін
туристерге қызық болуы мүмкін.
Осының өзін туризмнің бір элменті
етіп, табыстың көзіне айналдыруға
әбден болады емес пе…

Ерғалым Қалиев Ақсуда туып-
өскен. Көзін ашып, ес білген-
нен бері ол өзінің өмірін туған

ауылымен байланыстырып ке-
леді. 2006 жылы Ерғалым ағамыз

«Қуаныш» шаруа қожалығын

құрып, мал шаруашылығымен ай-
налыса бастайды. Қазіргі таңда

оның шаруашылығында 50 шақты
жылқы, отыздай ірі қара, онан
бөлек, азын-аулақ ұсақ мал басы
да бар. Иелігінде 60 гектарға таяу
шабындық және жайылымдық
жерлері бар. Соның 18 гектарына
көпжылдық шөптер егілген.
— Жеріміздің бары осы.
Шаруашылықты жүргізуге әзірге
жетеді. Десе де жер көлемін
ұлғайтсақ та артық етпес еді.
Қожалығымызда техникадан
қосалқы құрал-жабдықтарымен
бір ғана тракторымыз бар.
Техника аз деп одан кемшін көрген
емеспіз. Үнемі мұқият қарап,
ақауларын жөндеп, сақадай сай
етіп қойғандықтан, техникамыз кез
келген уақытта жұмысқа дайын
тұрады, — дейді Ерғалым Қалиев.

Шаруа қожалығымен қатар,
Ерғалым ағамыз туризмге де бет

бұрғанына бірнеше жылдар бо-
лыпты. Қожалығын құрған жылда-
ры қазіргі демалыс орны тұрған

жерге қарағайдан 4 бөлмелі үй
тұрғызады. Өзен жағасына монша
салады. Ал биылдан бастап қонақ
үйдің жанына алты қанатты зәулім
киіз үйді құрып қойыпты. Оны қонақ
үй иесі демалушыларға ас ішіп,
тамақтанатын дәмхана ретінде
істеген.
Ерғалым ағамызбен әңгіме
барысында ол кісі көкейінде
жүрген ойларын ортаға салып,
туризм нысанын дамытудағы

көптеген өзекті де шешуін тап-
пай жатқан мәселелерін айтып, өз

ұсыныстарын айтты.

— Туризммен мықтап айна-
лысып, оны дамыту үшін әуелі

қаржы жағын реттеп алу керек.
Онсыз қанша айтсаң да жасамақ
ой-жоспарларың сөз жүзінде ғана
қалып қояды. Мен қонақ үй тұрған
жерде қосымша қызмет түрлерін

ашайын дегенмін. Мәселен,
мұнда рафтингпен айналысуға
болады. Мына Ақсу өзені Барлық
ауылының жанында Бұқтырмаға
барып қосылады. Біз тұрған
жерден бастап өзенмен төмен
қарай қайықпен жүзуге болады.
Ол үшін Өскеменнен қайықпен

жүзудің арнайы оқуын да оқып ал-
дым. Өзенмен жүзетін жолдың

картасын әзірлеп, 2-3 қайық

алып, демалушыларға осын-
дай қызықты болатын демалыс

түрін ойластырайын дегенмін. Ол
үшін қайтарымсыз грант алуға
қатысқанымда, сертификат ала
алмадым. Оны беретін тараптар
қалада тіркелмедің деп уәж айтты.
Егер менде тіркеу болмаса, қалада
қайтіп курсқа қатысып жүрдім?!

Неге мені сол кезде курстан шет-
тетін тастамады? Осылайша,

ойлаған жоспар-жобаларым іске
аспай қалды.

Ауданымызда туризмді да-
мыту үшін жол бойындағы

ауылдарға емес, ең бірінші на-
зарды шалғайдағы елді мекен-
дерге бөлу керек сияқты. Тұмса

табиғаттың нағыз ордасы, ең
көрікті жерлер алыс ауылдардың
маңында орналасқан. Туристерді
қызықтыратыны да осы. Ал бізде
керісінше, — дейді кәсіпкер.
Ерғалым Қалиев өзінің туристік
нысанының ойдағыдай жұмыс

істеп, туристер мен демалушы-
ларды үзбей қабылдап тұруы үшін

жарнаманың жоғары деңгейде
болуын айтады. Жарнамада

көрсетілетін қызмет түрлерінің са-
пасы да ойдағыдай болуы керек.

Ал оны арттыру үшін Ерғалым
ағамызға қаражат жағы тағы да
тұсау салуда.
— Міне, мұнда қазір ағаштан
салынған қонақ үйден бөлек, келген
адам моншаға түсіп, киіз үйде
қазақтың ұлттық тағамдарынан

дәм тата алады. Онан бөлек, ат-
пен серуендеуге болады. Қазір

мұнда келген демалушылардан
тәулігіне 15 мың теңге ғана алып
отырмыз. Егер болашақта қызмет
көрсету сапасы артса, әрине,

бағасы да жоғарылайды. Ендігі ке-
зекте мұнда тағы бір қонақ үй салу

ойымда бар. Ол үшін ауылдан

ағаш үй сатып алдым. Соны осын-
да әкеліп саламын. Онан бөлек

омарта ұяларымыз да бар. Бал
өндіреміз. Демалушыларды ұлым
Санжар екеуіміз күтіп аламыз. Ол
биыл 9 сыныпты бітірді. Үйдің де,
шаруашылықтың да, осындағы
жұмыста да осы ұлым жанымда

жүреді. Бір қуантарлығы, биыл-
дан бастап туристік нысан ретін-
де тіркелдік. Оған ауылдық округ

әкімшілігі көп көмегін берді. Ендігі

уақытта демалушылар мен тури-
стер көптеп келеді деген ойдамыз,

— дейді Ерғалым Қалиев.

Тимур СМАҒҰЛОВ,
сурет автордікі

Мақалада: АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ТУРИЗММЕН АЙНАЛЫСАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

4 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

5 дней бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

5 дней бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

5 дней бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

7 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

7 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

7 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС