"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ШАҒЫН АУДАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

05.08.2022
ЖАҢА ШАҒЫН АУДАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Облыс орталығының сол жағалауын дамыту үшін бір уақытта бірнеше перспективалы орындар инженерлік коммуникациялармен толықты. Өскемендегі көп қабатты және жеке тұрғын үйлермен қоса, жаңа тұрғын үй аудандарының құрылыстары да қарастырылды»,- деп хабарлайды ustinka.kz. тілшісі.

Жақын арада 23-ықшам аудан маңындағы жөндеуден өткен Алматы тас жолының бойында 24-тұрғын ауданның құрылысы басталады. Мұнда 223 көп қабатты үй (50 мыңға жуық пәтер) салынады деп күтілуде. Сондай-ақ жоспар бойынша бірнеше мектеп, балабақша және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жоспарланған. Әзірге қаланың бұл бөлігінде су мен электр энергиясы коммуникацияларын тарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мердігерлер кварталаралық сумен жабдықтау желілерін, оның ішінде кәріз желісін салу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, барлық жұмысты жыл соңына дейін аяқтайтындарын айтады. Ал жарық тарту жұмыстары тек келесі жылдың соңына қарай толық аяқталмақ.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, мұндағы үлкен құрылыс барлық инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін ғана басталады.

— Құрылысшыларды шақыру үшін біз оларға су, электр, кәріз және жылу беруіміз керек. Бұрын жер телімдері инженерлік желілерсіз берілетін, ал қазір тұрғындар ештеңе жоқ деп шағымданады. Бұл дұрыс емес, — дейді қала әкімі.

21-шағын ауданнан кейін орналасқан 27 шағын ауданда 450-ге жуық жеке тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазір қаланың осы бөлігінде жеті-ақ үй бар, тағы 43 үй салынған, бірақ қажетті коммуникациялардың жоқтығынан бос тұр. Мұнда сумен жабдықтау жүйесі тартылған, ал электр энергиясы келесі жылы ғана пайда болуы мүмкін. Қазір бұл ауданда тұрып жатқандар уақытша электрмен жабдықтау желілерін пайдаланып отыр. Жақын арада әкімдік осы ауданда кезекте тұрғандарға жер беруге жарияланған мораторийді тоқтатады. Сондай-ақ үйлерді сатуға қоятын жеке инвесторларға ішінара құрылыс жүргізуге рұқсат берілуі мүмкін.

Бір кездері 25-ші тұрғын ауданда адамдарға жер телімдерін берген, бірақ алдымен қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етуді ескермеген. Қазір мұнда 1099 учаскеге үлкен құрылыс салынады деп жоспарланып отыр, бірақ мердігерлер  белгіленген мерзімнен кешігіп жатыр. Сумен жабдықтау бойынша жұмыстар аяқталып, электрмен қамту жұмыстары басталды. Бұл аумаққа сұраныс жоғары  екенін атап өткен жөн, қазір мұнда тек 532 жер телімі ғана бос тұр. Сондай-ақ 30 үйдің құрылысын жеке инвестор қаржыландырады. Ол өзінің әлеуметтік инфрақұрылымы бар, газбен жылынатын жайлы тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр. Бірінші кезеңде бір қабатты үйлер салынады.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: ЖАҢА ШАҒЫН АУДАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС