"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ ТАСЫМАЛ ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ

09.08.2022
ҚОҒАМДЫҚ ТАСЫМАЛ ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы соңғы жылдары облыстың қалалары мен аудандары арасында қоғамдық көлік қатынасы неліктен қиындап кеткенін түсіндірді.

Аталған мәселе аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

— Пандемия кезеңі аймақтағы автобус қызметіне кері әсер етті. 2020-2021 жылдары тұрақты маршруттар тоқтатылды немесе шектеулермен жұмыс істеді, қазір олар кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде, әсіресе бұл қалааралық маршруттарға қатысты, — деді ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева.

Ресми мәліметтер бойынша, қазір облыста үш вокзал, 10 автостанция және 15 қызмет көрсету пункті жұмыс істейді. Өңір бойынша 1000-ға жуық рейстік автобус қатынайды. Тұрақты автобус қатынасымен 318 елді мекен қамтылған.

ШҚО көлік басқармасы басшысы орынбасарының мәліметінше, қазіргі уақытта облыс ішінде барлық бағыттағы қоғамдық көліктер қалпына келтірілген, бірақ олар шектеулі мөлшерде жұмыс істейді. Айжан Рахымбаеваның айтуынша, оған себеп — заңсыз жұмыс істейтін жеке такси жүргізушілерінің белсенділігі.

— Барлық рейстер орындалмайды. Мысалы, Өскемен — Алтай автобус маршрутын алайық. Бұрын ол күніне бес рейс орындайтын, қазір — бір рейс, оның өзі адам толуына байланысты. Негізгі жолаушылар легі заңсыз таксиге ауысты, — деді Айжан Дудубекқызы.

Ол жолаушыларға мұндай тасымалдаушылардың қызметтерін пайдаланғанда түрлі қауіп төнуі мүмкін екенін ескертті:

— Қандай да бір төтенше жағдайлар болған жағдайда, сіз моральдық зиян келтіргені үшін айыппұл талап ете алмайсыз. Психологиялық қақтығыстар болуы мүмкін. Мемлекеттік органдар жағдайды шешуге араласа алмайды, өйткені бұл екі жеке тұлғаның арасындағы келіспеушілік болып саналады.

Айжан Рахымбаева қоғамдық көліктен таксиге көшкен жолаушыларды қайтару жоспарланғанын айтты.

— Қалалық және ауданішілік автобус маршруттарын субсидиялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы облыс бойынша субсидиялау көлемі 3,9 миллиард теңге болды. Әлеуметтік маңызды қатынастар тізімі анықталды, оған облыс бойынша 184 маршрут, оның ішінде 28 қалааралық бағыттар кірді. Бұл шаралар халық үшін қолжетімді тариф деңгейін қамтамасыз етуге және қоғамдық көлікті кезең-кезеңмен жаңартуды бастауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда 30-ға жуық автобус сатылып алынды. Жыл соңына дейін облыс маршруттарына шығатын тағы 55 автобусты іске қосу жоспарлануда. 2023 жылдың соңына қарай барлығы 120 автобус сатып алу жоспарымызда бар, — деді көлік басқармасы басшысының орынбасары.

Дарья ХАЦАНОВИЧ

Мақалада: ҚОҒАМДЫҚ ТАСЫМАЛ ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

22 часа бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

23 часа бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС