"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҰЛЫЛАР ҮНДЕСКЕНДЕ»

12.08.2022
«ҰЛЫЛАР ҮНДЕСКЕНДЕ»
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

10 тамызда еліміз Абай күнін атап өтті. Ал Абай облысының орталығы Семей қаласында ұлы ақынның туған күніне орай он күндік шаралар ұйымдастырылуда.

Онкүндік 8 тамыз күні Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында «Ұлылыр үндескенде» атты көрмемен ашылды. Ақын Абай Құнанбайұлы мен заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің және белгілі суретші Евгений Сидоркиннің шығармашылығын халыққа насихаттауға арналған іс-шара Абайдың туған күніне және М.Әуезовтің 125 жылдығы мен «Абай жолы» романының жазылғанына 80 жыл толуына орайластырылды. Көрмеге үш тұлғаның еңбектері қойылып, келген қонақтарға таныстырылды. Евгений Сидоркин — Қазақстанның халық суретшісі. Ол графика мәнеріндегі сурет шебері ретінде танымал болды. «Абай жолы» романы екі рет Е.Сидоркиннің иллюстрацияларымен шыққан. Музей директоры Татьяна Стромскаяның айтуынша, ауқымды көрме қаладағы екі мәдени мекеме — Абай атындағы кітапхана және Абай музейімен бірлесіп ұйымдастырылған. Абай атындағы кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай Құнанбаевтың өмір жолын сипаттайтын 41 құнды басылым ұсынылды. Евгений Сидоркиннің 24 түпнұсқа суреттерін Абай мұражайы ұсыныпты. Көрмеде сонымен қатар Невзоровтар отбасы мұражайының 16 графикалық және 8 кескіндеме суреттері қойылған. — Біз ұлы адамдарға арналған іс-шаралар мен көрмелерді жиі өткіземіз. Алайда бүгінгі Абайдың туған күніне арналған көрменің жөні бөлек. Бұл бейнелеу өнері мұражайы болғандықтан, Абай шығармашылығын осы бағытта ұсынуымыз керек. Ал Абай шығармашылығы дегенде Мұхтар Әуезов пен Евгений Сидоркин туралы айтпай кету мүмкін емес. Біз осы көрмені әлдеқайда мазмұнды ету үшін игі дәстүрімізді жалғастырып, шараны қаладағы мәдени мекемелермен бірлесе отырып ұйымдастырдық, – дейді Невзоровтар отбасы музейінің директоры Татьяна Стромская. — Бүгінгі көрмеден біз үш алыптың үндестігін көріп отырмыз. Бірі ақын, бірі жазушы, бірі суретші — үшеуі де қазақ халқы үшін ұлы тұлғалар. Бір ерекшелігі – көрмеде графика да, кескіндеме де, кітап-журналдар да ұсынылған. Көре білген, түсіне білген адам үшін бұл көрменің маңызы жоғары деп ойлаймын. Көрме бір ай бойы жалғасады, Абайды құрмет тұтатын жерлестеріміз міндетті түрде бұл көрмені тамашалауға келеді деген ойдамыз. Әсіресе жасөспірімдерді күтеміз, — дейді ғылыми қызметкер Мұратбекова Арайлым Бейсенқызы.

«ҰЛЫЛАР ҮНДЕСКЕНДЕ»

Ерасыл КЕНЖЕБЕКОВ, «Семей таңы»

Мақалада: «ҰЛЫЛАР ҮНДЕСКЕНДЕ»

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС