"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

SP Jet ЕҢ ҮЗДІК ТАУАРДЫ ҰСЫНАДЫ

16.08.2022
SP Jet ЕҢ ҮЗДІК ТАУАРДЫ ҰСЫНАДЫ
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл SP Jet ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» байқауының аймақтық кезеңінде бірінші орынға ие болды. ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев шығарылатын өніммен танысу үшін кәсіпорынға барып, мекеме басшысы Александр Строкатовпен серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

SP Jet кәсіпорны импорт алмастыру және отандық нарықты стандартты емес өнімдермен толықтыру мәселелерімен сәтті айналысуда. 2014 жылдан бастап мұнда SKF Economos австриялық технологиясы арқылы тығыздағыш элементтер өндірісі жүзеге асырылуда. 7 жылдан астам уақыттан бері кәсіпорын гидравликалық және пневматикалық тығыздағыштарды, жүктеме және сырғу элементтерін, перфораторларға арналған төлкелерді және тау-кен жабдықтарының әр түріне арналған өзге де бұйымдарды тұрақты жеткізуде. 2018 жылдан бастап SP Jet барлық типтегі гидравликалық және пневматикалық цилиндрлерді дайындаумен және жөндеумен айналысады. Компания үш өлшемді кеңістікте жұмыс істейтін бірегей CTX 510 Ecoline, DMH500M және SEAL Jet NG060 CNC станоктарын қолдана отырып, өндірілетін өнімдердің тізімін кеңейтуде.

Кәсіпорын басшысы ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директорына өндіріс цехтарын және «гидравлика орталығы» бөлімдерін көрсетті. Кәсіпорын қызметкерлері заманауи жабдықтармен жұмыс істеуді меңгерген, оларды оқыту үшін шет елден мамандар шақыртылған. Бүгінде мұнда кез келген күрделі тапсырысты орындай алатын 30 адам — өз ісінің нағыз шеберлері еңбек етеді.

Кездесу барысында кәсіпорын басшысы қазіргі уақытта қызметкерлерді мемлекеттік бағдарлама бойынша 75 млн теңгеге сатылып алынған CTX 510 Ecoline әмбебап станогында жұмыс істеуге үйрету мүмкіндігін қарастырып жатқандарын айтты.

Александр Строкатовтың айтуынша, күрделі бөлшектерді қарапайым станокта жасаса, екі күн кетеді, ал әмбебап станокта әлдеқайда жылдам дайын болады. Машина барлық операцияларды бір уақытта орындайды: қайрайды, тесіктерді бұрғылап, ойықтардың ішін фрезерлейді. Мүмкіндіктер зор. Кәсіпорынға енді бұл құрылғыда жұмыс істеуге үйрететін мамандар шақыру керек.

Өз кезегінде облыстық Кәсіпкерлер палатасының басшысы Қазақстанда пандемияға дейін «Аға сеньорлар» жобасы жүзеге асырылғанын, бұл кәсіпкерлерге өз жұмысшыларын басқа елдердің мамандарын тарту арқылы оқытуға мүмкіндік бергенін айтып өтті.

— Қазіргі уақытта бұл жоба жүзеге асырылмайды, бірақ қызметкерлерді жаңа құрылғыда жұмыс істеуге үйрете алатын мамандарды Ресейден шақыру үшін басқа мүмкіндіктерді іздестіретін боламыз. Мысалы, Еуропа қайта құру және даму банкі ұсынатын мүмкіндіктерді қарастыруға болады, – деп атап өтті Қайрат Мамырбаев.

Кәсіпорын «Қазмырыш» ЖШС, «Алел»ФИК» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясымен, Шығыс Қазақстанның тау-кен және тау-кен өндіруші компанияларымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

— Біз шығарылатын өнімге СТ KZ сертификаттарын тұрақты түрде рәсімдейміз, өйткені біздің серіктестеріміз бен тұтынушыларымыздың бұл сертификатқа деген сенімі жоғары. Мәселен, Ресейде біздің сертификат сенімге ие. Қазіргі уақытта біз ресейліктермен келісімшарт жасап жатырмыз, өнімдерімізді сонда импорттаймыз. Әрине, бұл ресейлік тарапқа тиімді, өйткені оларға біздің өнімдерімізді өнеркәсіптік сынақтан өткізудің қажеті болмайды, — дейді Александр Строкатов.

Қазір ШҚО-да SP Jet-ке ұқсас кәсіпорындар жоқ, сондықтан тапсырыс көп. Компания шығыста танымал және отандық өндірушілер көрмелеріне тұрақты түрде қатысып тұрады. Биылғы шілде айында кәсіпорын жоғары сапалы өнімдері мен импортты алмастыруды дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Қазақстанның үздік тауары» байқауының аймақтық кезеңінде «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша жеңіске жетті.

— Жыл соңында өтетін байқаудың республикалық кезеңінде кәсіпорын үздіктердің үздігі атану үшін күресетін болады. SP Jet ЖШС-нің өндірістік мүмкіндіктерін және ішкі нарықта бәсекелестіктің жоқтығын ескере отырып, кәсіпорынның әлеуетін сақтап, одан әрі дамуына серпін беру үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет, — деп қорытындылады сөзін Қайрат Мамырбаев.

Мақалада: ЕҢ ҮЗДІК ТАУАРДЫ ҰСЫНАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

23 часа бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

23 часа бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС