"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРМІЗ БЕ?

16.08.2022
ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРМІЗ БЕ?
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметіне сүйенсек, облысты жылу беру маусымына дайындық жұмыстары бекітілген кес-теге сәйкес жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік нысандар мен білім беру мекемелері 100 пайызға, ал денсаулық сақтау нысандары 98 пайызға дайын.

 

Дана ТАЛҒАТБЕКОВА,
«Семей таңы»

«Қала және аудан әкімдіктері инженерлік инфрақұрылымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде ірі қазандықтар мен жылу электр станцияларының дайындығы – 61%, шағын қазандықтардың дайындығы – 81%. Сондай-ақ 968 шақырым жылу желілері қысқа дайындалған», — делінген ақпаратта.

Осы ретте көмір мәселесі өте өзекті. Шығыс Қазақстан халқына 354,3 мың тонна көмір жеткізілген. Тұрғындарға күз кезінде дүрбелең тудырмас үшін қазірден бастап қамданып, көмір жеткізіп алу ке-ректігі үнемі ескертіліп келеді.

«Қазір темір жол тұйықтарында 13,7 мың тонна көмір бар. Оның ішінде Өскемен қаласында – 5,5 мың тонна, Риддер қаласында – 4,8 мың тонна, Глубокое ауданында – 600 тонна, Алтай ауданында – 2,6 мың тонна, Шемонаиха ауданында – 210 тонна. Бюджеттік ұйымдар 39,6 мың тонна көмірмен қамтамасыз етілген», — делінген мәліметте.

Осы орайда айта кетсек, өткен аптада ШҚО әкімі Даниал Ахметов  Риддер қаласының 2022-2023 жылғы жылу беру маусымына дайындығы жөнінде кезекті кеңес өткізді. Жиында облыс басшысы 1 қыркүйекке қарай қаладағы барлық тұрғын үйлердің дайындық паспорттары болуы керектігін, ал ол құжатты арнайы сертификаты бар мамандар тексеретінін жеткізді. Даниал Ахметов жауапты тұлғалар өткен жылғы қателіктерді қайталамауы керектігін, бұл мәселе қатаң қадағалауда болатынын ескертті.

— Бұл ретте энергетика және ТҮКШ басқармасының мамандары қалаға барып, паспорттардағы деректердің шындыққа сәйкестігін тексеруі тиіс. Өткен жылғы қателіктер қайталанбауы керек,- деді ШҚО әкімі.

Даниал Ахметов сонымен қатар басқармаға мәселе туындамас үшін гидравликалық режимді тексеретін компаниямен байланысуды тапсырды.

— Біз сондай-ақ Риддер ЖЭО басшылығымен кездестік, онда қазір жабдықтар жөнделуде. 1 және 2 турбинаға жөндеу жүргізілді, 5 турбина қыркүйекке қарай аяқталады, 0,7 км жылу трассасына жөндеу жүргізілді, жылыту маусымы басталғанға дейін тағы 2 км трассаға жөндеу жүргізілетін болады,- деді облыс басшысы.

ШҚО әкімі барлық бюджеттік ұйымдарға жылу үшін алдын ала төлем жасауды тапсырды. Бұл қаражат ЖЭО үшін отын сатып алуға және жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Күн сайын жылу станциясына 10 вагон көмір келеді. Жылыту маусымында қала тұрғындарына 5300 тонна қатты отын қажет, екі тұйық жұмыс істейді. Бүгінгі дейін халықтың 61 пайызы қатты отын сатып алған, ешқандай дүрлігу байқалмайды. Әкім орынбасары аптасына бір рет Риддерге барып, жылыту маусымына дайындық барысын бақылайтын болады.

Мақалада: ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРМІЗ БЕ?

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС