"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ТАПШЫ

19.08.2022
МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ТАПШЫ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ШҚО-да денсаулық сақтау саласы мамандары жетіспейді. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов кеңейтілген аппараттық кеңесте айтты.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен жиында осы және басқа да бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.
— Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілік — 243 адам, дәрігерлер Өскеменде, сондай-ақ Риддерде және кейбір ауылдарда жетіспейді,- деді әкім.
Даниал Ахметов қалалар мен аудандар әкімдеріне медицина мамандарын ынталандыру жолдарын қарастыруды тапсырды.
— Дәрігерлер үшін тұрғын үй салу және ауылдарда ғана емес, қалаларда да көтермеақы бөлу мәселесін қарастыру қажет,- деді ШҚО басшысы.
Даниал Ахметов жақында 13 дәрігер жаңа гематологиялық орталықта әрі қарай жұмыс істеу үшін оқуға баратынын айтты. Сондай-ақ өз ауруханаларының базасында наркозбен кейбір зерттеулер жүргізу үшін аудандық мамандардың біліктілігін арттыру қажет.
Кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралған тағы бір маңызды мәселе — қысқы маусымға дайындық. Жиында белгілі болғандай, бүгінгі күні әлеуметтік және білім беру нысандары 100%, медициналық мекемелер 99% дайын. Халықтың 69 пайызы өз қажеттіліктері үшін көмір алып үлгерген.
— Өскемен қаласына жақын аудандарда бірінші қыркүйекке дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жетуі тиіс. Оның үстіне қаладағы тұйықтарда 5 мың тонна қатты отын бар. Энергетика және ТҮКШ басқармасы гидравликалық режимді тексеріп, тұрғын үй қорының жылыту маусымына дайындығын бақылауда ұстауы тиіс,- деп атап өтті ШҚО әкімі.
Даниал Ахметов барлық үйлерде дайындық паспорттары болуы керектігін тағы бір мәрте ескертті.
ШҚО басшысының айтуынша, биыл 20 әлеуметтік және мәдени нысанның құрылысы жүріп жатыр, тәуелсіздік жылдары алғаш рет Риддерде жаңа мектеп пайдалануға берілген. Артта қалған спорт нысандарын барынша азайтуға мүмкіндік туды, негізінен, жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде.
Даниал Ахметов қалалар мен аудандардың әкімдеріне барлық білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын тексеруді, сондай-ақ көп балалы отбасыларды мектеп формасымен, аяқ киіммен және қажетті кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету процесін бақылауға алуды міндеттеді. Ал облысқа оқулықтардың жеткізілуі ерекше бақылауда тұр.

Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,
«Семей таңы»

Мақалада: МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ТАПШЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС