Облыс орталығындағы Қазақстан көшесінің Нұрмағамбетов көшесінен айналма жол айрығына дейінгі 10 жыл бойы жөндеу көрмеген бөлігінде асфальт жабындысы ауыстырылуда. Үзіліссіз жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жұмыстардың негізгі көлемі бірнеше күнде аяқталған. Бұл қаладағы маңызды магистральдардың бірі болып саналатын осы жолдағы қозғалысты шектеу мерзімін барынша қысқартты. Сонымен қатар Республика алаңының өрнекті бөлігіндегі кеспе тастар да ауыстырылып жатыр. Ескі кеспе тастар, қажет болған жағдайда, қаланың басқа аудандарындағы жұмыстарға пайдаланылады. Сонымен қатар Ахмер кентінде «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған үш көшеде, сондай-ақ Қойшыбаев, Ұстаздар және Қобыланды көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Қойшыбаев, Ұстаздар және Қобыланды көшелерінде сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы салынды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...
Толығырақ...Details







