Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылындағы 17 көшеде жарық шамдары орнатылуда. Сонымен қатар мердігерге аудандық әкімдік тарапынан жоспардан тыс тапсырма беріліп, аудан орталығындағы негізгі әрі ең ұзын көше — Байжігіт көшесінің орта тұсы мен Тұрар Рысқұлов көшесінің аяқталар тұсына энергоүнемдегіш шамдар қойылатын болды. Алдағы уақытта сондай-ақ Жамбыл, Сансызбай, Дәулетбай көшелеріндегі электр бағандары боялып, жарық шамдары ауыстырылады деп жоспарлануда.
Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...
Толығырақ...Details







