"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ

30.08.2022
ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі Семей полигонының жабылу күні қарсаңында облыстық өлкетану музейінде «Ядролық қарусыз әлем – бейбіт әлем» атты шара ұйымдастырды. Шараға әскери қызметшілердің балалары шақырылды. Тағылымды кештің мақсаты балалардың өз қалаларының тарихы туралы білімдерін жетілдіріп, ядролық сынақтар және олардың зардаптары жайында жан-жақты ақпарат беру.

– Біз Семей өңірінде толассыз жүргізілген ядролық сынақтардың салдары және оның қоршаған ортаға тигізген зардабы жайында тереңнен сөз қозғаудамыз. Бүгінгі шараға полигон тақырыбында қалам тербеген жергілікті ардагер журналистерді шақырдық. Оқушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, өздеріне қажетті ақпаратты ала алды. Біз әскери қызметшілердің балаларының еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыра отырып, оларды табиғат құндылықтарын қорғауға тәрбиелейміз, — дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері тәрбие және идеология жұмыстары басқармасының офицері майор Аслан Тағаев.

Мұражайға саяхатқа келген оқушыларға мамандар халқымызға, соның ішінде Семей өңірі тұрғындарына үлкен қайғы-қасірет әкелген ядролық жарылыстар жайында әңгімелеп берді. Балалардың назарына Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау және осы мақсаттағы жаһандық үдеріске белсенді атсалысу бағытындағы саясаты мен ядролық қаруды таратпау саласындағы халықаралық деңгейдегі бастамалары жайында бейнефильм ұсынылды.

Әскери қызметшілердің балалары музейдегі тәлімі мол іс-шарадан кейін Бейбітшілік аралындағы ядролық сынақтың құрбандарына арналған монументке барып, сынақ құрбандарының рухына тағзым етті. Шара қонақтарының бірі Назира Талғатқызының әкесі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында қызмет етеді. Балғын қыз полигон зардабынан туындаған жан шошырлық көріністердің әлі де өзекті екендігіне тоқталды. «Бүгінгі танымдық шарада қатарластарым да  полигон зардабы жайында көп ақпарат алды деп ойлаймын»,- дейді ол. Назира монумент алдында полигон тақырыбына арналған өлеңін мәнерлеп оқып, қалың көрерменнің қошеметіне бөленді.

Шара соңында балалар бейбіт әлемнің тұрғыны ретінде әуеге ақ шарлар ұшырып, фотосуретке түсті.

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Мақалада: ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС