"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ»

29.08.2022
«БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ»
312
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

     25 тамыз күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық» тақырыбында педагогтердің облыстық тамыз конференциясы өтті. Тамыз кеңесіне офлайн форматта 530, облыстық білім басқармасының Instagram, Facebook парақшалары арқылы онлайн форматта 5000-нан аса білім беру қызметкері қатысты.

 

Жас өнертапқыштар алаңы

 

Конференция 3 бөлімнен тұрған «Инновация және тәжірибе», «Өңірлердің білім беру саласының жетістіктері» және «Жобалық алаң» тақырыптық алаңдар көрмесімен басталды. «Инновация және тәжірибе» алаңында мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру, мамандандырылған жалпы орта білім беру, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің, «Өңірлердің білім беру саласының жетістіктері» алаңында Семей, Курчатов қалалары мен облыс аудандарының білім бөлімдерінің көрмесі қойылды. Жас өнертапқыштардың жаңалықтары «Жобалық алаңда» көрсетілсе, оқушылар мен студент жастардың дебат қозғалысы «Ұшқыр ой алаңында» таныстырылды. Ал «Біздің бастамаларымыз» алаңы мектеп парламенті балалар қоғамдастығының сабақтан тыс қызметінің қалай ұйымдастырылатынын көрсетуге арналды. Сондай-ақ шара барысында конференция қонақтарына «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясындағы READ-x оқу конференция алаңы, «SMART-ұстаз» аймақтардағы үздік педагогтердің тәжірибе алмасу алаңы, «STEMS FEST» робототехника алаңы, «Шахмат әлемі» логикалық ой-өріс алаңы сияқты тақырыптық алаңдар ұсынылды.

 

Инклюзивті білім беру – заман талабы

 

Пленарлық отырыста өз кәсібіне ғұмырының жартысын арнаған білім саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары ұсынылды. Кеңестің ашылуында сөз алған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтап, облыстағы білім беру жүйесінің өзгешеліктері мен ерекшеліктеріне тоқталды.

— Бүгін біз ұлттық тәрбие беріп, жас ұрпақты кемел білімге жетелеген ұстаздар қауымына құрмет көрсетіп, бағыт-бағдар беру үшін арнайы жиналып отырмыз. Тамыз кеңесі құтты болсын! Ел тағдыры мен болашағын ойлайтын дана халқымыз сапалы білім мен саналы тәрбиеге ерекше мән берген. Егемендікке қол жеткізген бүгінгі Қазақстан бұл мақсатта бағдарлы түрде жұмыс жасауда. Облыста мемлекеттік бағдарламада қойылған негізгі міндеттер жүзеге асырылып келеді және білім беру жүйесінде де оң нәтиже бар, — деді аймақ басшысы.

Нұрлан Ұранхаев сондай-ақ елдегі инклюзивті білім беруді дамытуға айрықша назар аударуға шақырды. Облыс басшысының айтуынша, іссапарлар және азаматтармен тұрақты кездесулер барысында тұрғындар тарапынан осы мәселеге қатысты көп өтініш түседі. Осы ретте Нұрлан Тельманұлы білім басқармасына облыстың меценаттары мен кәсіпкерлерінің қаражатын тарта отырып, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі бағдарламаны қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізу қажеттігін айтты.

Бұған қоса облыс әкімі өңірде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілетініне тоқтала келе, аймақта оқушылардың спортқа деген құлшынысын оятатын мамандандырылған сыныптар ашу тәжірибесін жандандыру қажет екенін атап өтті.

 

Мектеп – университет байланысы  қалай дамиды?

 

Қазіргі таңда цифрландыру мен роботтандыру белсенді дамып келе жатыр. Осы орайда аймақта жалпы орта білім беру мекемелерінде заманауи технологияларды енгізу жолға қойылған,  барлық мектептегі робототехника кабинеттері базасында IT-сыныптар жұмыс істейді. Облыс әкімі қаладағы Экономикалық лицей, Шәкәрім атындағы гимназия, №9, №12 және №22 мектептердің оқушылары тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп, робототехника бойынша өтетін чемпионаттардың жеңімпаздары атанып жүргенін айтты.

— Әлихан Бөкейхан университетінің базасында «Abai IT–Valley» бірегей технологиялық кластері бар. Оның мүмкіндіктерін пайдалану керек. Осыған байланысты білім басқармасына маңызды стартап-жобаларды іске асыруда облыс мектептерінің университетпен өзара ынтымақтастығын арттырып, оқушылардың дағдыларын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын, — деді Нұрлан Ұранхаев.

Конференция аясында облыс әкімі өңірдегі білім беру мекемелеріндегі өзгерістерге де тоқталып өтті. Аймақ басшысының мәлімдеуінше, биыл өңірде 1700 орындық төрт жаңа мектеп ашылады. Ал 2025 жылға дейін 5100 орындық тағы 11 мектеп салынады деген жоспар бар. Аймақта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі де жаңғыртылып, онда 20 мыңнан астам студент білім алуда. Облыста сондай-ақ «Баршаға арналған тегін техникалық-кәсіптік білім беру» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыс техникалық және технологиялық сала, оның ішінде IT, ауыл шаруашылығы, медицина мен білім беру салаларында мамандар даярлауға бағытталған.

 

Абай облысында 102 мыңға жуық оқушы бар

 

Абай облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Ахметқалиев «Абай облысының білім беру жүйесінің тұрақты даму құзыреттілігін қалыптастыру және үздіксіз білім беру мәселесі» тақырыбында жасаған баяндамасында білім  саласында алға қойылған мақсат-міндеттерға тоқтала келе, білім сапасы, өңірдің жаңа оқу жылына дайындық мәселелері жайлы айтты. Сондай-ақ «Цифрлық ұстаз» жобасы мен «Мектепке жол» акциясы да назардан тыс қалмады.

— Жаңа оқу жылында біз дәстүрлі түрде өткен оқу жылының қорытындыларын шығаруға және Оқу-ағарту министрлігінің жаңа бастамаларын ескере отырып, 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылатын жұмыстарды айқындауға жиналып отырмыз. Білім беру жүйесінің жаңа бағыттарын анықтау үшін осы сала мекемелеріне жаңа талаптар қойылып отыр. Дәл осы мақсатта триангуляция қағидаттарын сақтай отырып, біз мектеп оқушылары, колледж студенттері, ата-аналар қауымдастығы, педогогтер, әкімшілік қызметкерлері арасында сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 20 мыңнан астам адам қатысты. Біз азаматтарды оқу мекемелеріне жұмысқа тұру, қаржыландыру, көп балалы отбасыларға материалдық көмек көрсету мәселелері көбірек толғандыратынына көз жеткіздік, — дейді Нұржан Нығметоллаұлы.

Сонымен қатар Нұржан Ахметқалиев  білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығына тоқталып өтті. Оның айтуынша, облыс бойынша 2 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 100 пайызды құраса,  3 жастан 6 жасқа дейін 91 пайызды құрайды.

Нұржан Ахметқалиевтың мәліметінше, бүгінде Абай облысында 301 мемлекеттік күндізгі жалпы орта білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда 102 мыңға жуық оқушы білім алуда. Өңірде апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептер жоқ.

— ҰБТ нәтижесі бойынша Абай облысы мектептерінің үздіктер қатарына кіргеніне қуаныштымын. Үздік мектептер ретінде Семей қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебі, Экономикалық лицей, Үш тілде оқытатын Шәкәрім атындағы көп бейінді гимназия және «Білім — инновация» лицейін атап өтуге болады. Әріптестерімді жоғары көрсеткіштерімен құттықтаймын, — деді Нұржан Нығметтолаұлы.

Нұржан Нығметтолаұлы облыс оқушыларының компьютерлік жабдықтармен жеткілікті түрде қаматамасыз етілгенін, орта білім беру сапасын арттыруға бағытталған «Цифрлы ұстаз» жобасы енгізілгенін жеткізді. Аталған жобаның мақсаты – үлгерімі нашар және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау, шағын мектептерде жеке пәндерді онлайн оқытуды енгізу.

— Балалар жылы аясында «Мектепке жол» республикалық акциясы белсенді түрде өтуде. Жоба аясында 5316 балаға 17 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді, — деді Абай облысының Білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Пленарлық отырыста сондай-ақ білім берудің барлық саласын дамытудың келешегі мен жаңа бағыттары талқыланды. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясаты инклюзивті білім беру қағидаттарына да негізделеді. Осы орайда инклюзивті білім беру жүйесін нәтижелі жолға қойған №20 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Р.Рахимова өз тәжірибесін бөлісті.

 

Мектеп медиациясы – қауіпсіз кеңістік

 

Тамыз конференциясы барысында мектептегі медиация қызметі және мұғалім мен оқушы арасында тиімді қарым-қатынас орнату тәсілдері жайлы №6 мектеп-гимназиясының педагог-психологі Тілек Қасымханов сөз қозғады.

— Біз баланың үніне құлақ түре алуымыз қажет. Оқушы мен ұстаз арасында туындайтын бірқатар мәселе білім беру жүйесін жаңарту үшін жан-жақты қаралуы қажет. Репродуктивті оқытудан конструктивті оқыту жүйесіне ауысу оқушының ережелерге деген көзқарасы мен осыған қатысты қарама-қайшылықтарының шешімі болады. Ұстаздар білім парадигмасынан іс-әрекет парадигмасына көшсе, шамадан тыс талап қою мәселесі туындамайды. Қазіргі уақытта ұстаз рефлективті тұлға болуы керек. Осыған байланысты мұғалімдер алдында оқыту тәсілдерін үнемі жаңарту, жаңа технологияларды меңгеріп, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Заманауи технологияларды тәжірибеде ұтымды пайдалану жақсы нәтижелерге әкелері сөзсіз, — дейді Тілек Алтайұлы.
Педагог-психолог сондай-ақ мектептегі медиация қызметіне тоқталып, ол білім ошағын қауіпсіз кеңістікке айналдырып қана қоймай, өскелең ұрпақтың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды тәрбиелік және профилактикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сөз соңында мектеп парламенті, «Жас ұлан» және басқа да ұйымдардың белсенді білім алушылары мектеп медиациясына қосылып, өз дауыстарын берсе деген ұсынысын білдірді.
Сондай-ақ конференция барысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында өңір әлеуетін арттыру мәселесі бойынша Әлихан Бөкейхан университетінде құрылған Abai IT-Valley технологиялық кластері жобасының менеджері, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі А.Бейсембаев сөз сөйлесе, білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлау мәселесін Шәкәрім университетінің басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Б.Иісбекұлы мен Бизнес және сервис колледжінің директоры, директорлар кеңесінің төрайымы А.Хожанова көтерді.
— Біз Үржар ауданынан облыстағы тұңғыш тамыз кеңесіне арнайы келіп отырмыз. Жаңа форматта өткізілген конференция оң нәтиже береді деген сенімдеміз. Отырыста қозғалған мәселелердің әрбірі өңір үшін өзекті. Сондықтан алдағы уақытта алдымызға қойылған мақсат-міндеттерді орындауға тырысамыз, — деп конференциядан кейінгі ойын бөлісті «Үржар колледжі» КММ директоры Қанағат Чарахметов.

 

Үздіктер марапатталды

 

Облыстағы алғашқы тамыз кеңесі аясында аймақ басшысы жас жеткіншіктерге білім мен тәрбие берудегі өлшеусіз еңбектерін ескере отырып, облыстың 18 ұстазына Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің марапаттарын тапсырды. «Мейірім – әлемге махаббатпен» медалімен С. Окасов, Б.Айтимова, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен колледж педагогтары С.Арғынғазин, А.Жұмағалиева және арнайы мектеп интернат директоры С.Валиулина марпатталды. Сонымен бірге «Еңбек ардагері» медалімен О.Сартаев, Н.Шакенова, А.Абильмажинов, К.Сафаров, «Мектепке дейінгі білім беру ісінің үздігі» Құрметті дипломы жеке меншік бөбекжай меңгерушісі Г.Тұрлыбековаға берілді. Үржар ауданы білім бөлімінің әдіскері А.Батырбеков Оқу ағарту министрінің Құрмет грамотасымен, Ақсуат ауданы Нұрбаев атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Л.Құсаинова, Г.Мамырбекова, Д.Аязбекова, А.Көкенова, Б.Абышева, К.Разина, Д.Шәріпхан Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және білім саласына қосқан үлесі үшін Оқу ағарту министрлігінің Алғыс хатына ие болды. Химия пәні мұғалімі Т.Чернышева, математика мұғалімі Ш.Демеубаева, бөбекжай әдіскері А.Кодашевалар облыстың білім саласына қосқан үлесі үшін Абай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, облыстың бірқатар білім беру мекемелері «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантының иегерлері атанды. Бұл ретте Семей қаласындағы экономикалық лицейге 20 млн теңге, Аягөз ауданындағы К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясына 16 млн теңге, Абай ауданындағы Ш.Әбенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне 12 млн теңге көлемінде грант сертификаттары табысталды.

— Биылғы оқу жылы экономикалық лицей үшін жақсы жаңалықтарға толы болды. «Орта білім берудің үздік ұйымы» ретінде танылуымызға лицейдің әрбір ұстазының қосқан үлесі зор. Бұл ретте экономикалық колледж ұстаздарына, лицей оқушылары мен ата-аналарға алғыс білдіремін, — дейді Семей қаласындағы экономикалық лицей директоры Нэйля Рафиковна.

«БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ»

 

Дана ТАЛҒАТБЕК,
Ерасыл КЕНЖЕБЕК,
«Семей таңы»

Мақалада: «БІЛІМДІ ҰЛТ: ТЕРЕҢ БІЛІМЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ»

Ұқсас жаңалықтар

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

12.05.2026
«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласындағы Водный кентінде «Таза қала – таза орта» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Тазалық шарасына...

Толығырақ...Details

Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

12.05.2026
Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

Аймақ басшысы Берік Уәлидің тапсырмасы аясында облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов бастаған делегация іссапармен Австралияға келді. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

12.05.2026
Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық...

Толығырақ...Details

Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

12.05.2026
Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

Semeytany.kz - 2026 жылғы 12–15 мамыр аралығында Бесқарағай, Жаңасемей және Бородулиха аудандарының аумағында «Қанжар-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы ұйымдастырылады. Іс-шараны Шығыс Қазақстан,...

Толығырақ...Details

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

12.05.2026
Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

Жүректерді біріктірген ізгілік – қоғамның рухани деңгейін, адамдар арасындағы өзара сыйластық пен жанашырлықты айқындайтын маңызды құндылықтардың бірі. Мұндай игі бастамалар...

Толығырақ...Details

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

11.05.2026
«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры сахнасында жас драматург Жәнібек Әлікеннің «Қарағай» атты әлеуметтік драмасының премьерасы өтті. Қойылымды режиссер...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Таза қала – таза орта»: Семейдегі Водный кентінде тазалық акциясы өтті

4 часа бұрын

Абай облысының делегациясы Австралияның агротехнологиясымен танысып, тәжірибе алмасуға барды

4 часа бұрын

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде

4 часа бұрын

Абай облысының үш ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

4 часа бұрын

Жүректерді біріктірген ізгілік: паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім ауруханасына сапар

5 часов бұрын

«Қарағай» қойылымы арқылы «Таза Қазақстан» идеясы сахнада көрініс тапты

1 день бұрын

Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

2 дня бұрын

Абай облысында чек берілмеген жағдайда сатып алушының қалай әрекет етуі керектігі еске салынды

3 дня бұрын

Абай облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

3 дня бұрын

Абай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС