"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ БАРАР ЖОЛЫ»

31.08.2022
«ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ БАРАР ЖОЛЫ»
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Ерекше» балалардың мектепке барар жолы» атты дәстүрлі мерекелік шара ұйымдастырылды. Қызмет алушыларды әлеуметтендіру және қоғамға кіріктіру, мерекелік көңіл-күй сыйлау, балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырып, тіл табысуға тәрбиелеу мақсатын көздейтін дәстүрлі іс-шараға Абай облысы әкімдігінің өкілдері, облыстық мәслихат хатшысы Қуаныш Сүлейменов, Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айнұр Сұлтанова, Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ  бөлімі басшысының міндетін атқарушы Замира Мутафина қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

— «Ерекше» балалардың мектепке барар жолы» іс-шарасында 1-сыныпты үйден оқуға жолдама алған балалар мен 9-сыныпты бітіріп, қала колледждеріне оқуға түскен түлектермен бірге Білім күнін атап өтудеміз. Әрине, әлеуметтік орталықта қызмет алатын балаларға мектеп бағдарламасын да қатар алып жүру қиынға соғады. Сондықтан олардың мектеп пен колледждерде оқуға ұмтылысы — біз үшін үлкен қуаныш, бұл еңбегіміздің нәтижесі деп білеміз. Біздің орталыққа диагноздары ауыр, психоневрологиялық ауытқулары бар балалар келеді. Мектеп бағдарламасын меңгеру ерекше балаларға қиындық тудырғанымен, дұрыс оңалту жұмыстары жүргізілсе, олардың да мектеп табалдырығын аттай алатындарын дәлелдеп отырмыз. Бүгінгі мерекелік шара өзімізде қызмет алушылардың күшімен өтуде, — дейді қалалық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Рымхан Тынысова.

— Құрметті ата-аналар, орталық ұжымы, қадірлі іні-қарындастарым! Мерекелік  сәттің үстінде қауышып отырғанымызға қуаныштымын. Тағдыр басқа сынақ салғанымен, балаларының қатарынан қалмай, топ ішінде жүргенін қалайтын ата-аналар, бүгін үміттеріңіз ақталып отыр деп ойлаймын. Балалардың қадамдары сәтті болсын! – деп тілегін білдірді Айдар Серікқазыұлы.

Іс-шарада бірінші сыныпты үйден оқуға жолдама алған және қала колледждеріне түскен түлектер әлеуметтік қызметкерлермен бірге салтанатты түрде ортаға шақырылып, өз өнерлерін көрсетті. Мерекеде орталықтың мақтаныштары – қалалық, облыстық байқауларда ғана емес, республикалық жарыстарда да жеңімпаз атанып жүрген спортшылар – «Спешиал Олимпикс» олимпиада қозғалысының белсенді қатысушылары, футболшылар командасы, теннисшілер құрамасы, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындарының қалалық, облыстық чемпионатының жеңімпаздары, сондай-ақ 2019 жылы Біріккен Араб Эмиратының Абу-Даби қаласында өткен Дүниежүзілік жазғы арнайы олимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан қола медаль иеленген балаларға да құрмет көрсетілді.

«ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ БАРАР ЖОЛЫ»

Мерекеде орталық қызметкерлері ұйымдастырған «Екі жұлдыз» шығармашылық фестивалінің жеңімпаздары, күндізгі бөлімшеде қызмет алатын балалар өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті.

Шара барысында қаланың жеке кәсіпкерлерінің демеушілігімен сыйлықтар — көп балалы және аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1-сыныпқа баратын балаларға мектеп формасы мен оқу құралдары, ал түлектерге ұялы телефондар табыс етілді.

Мерекелік іс-шараның соңында алғашқы қоңырау соғылып, әуеге шарлар ұшырылды.

«ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ БАРАР ЖОЛЫ»

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС