"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Айттым сәлем, Қаламқас» әні кімге арналған?

31.08.2022
«Айттым сәлем, Қаламқас» әні кімге арналған?
Ұлы Абайдың «Айттым сəлем, Қаламқас» əнін білмейтіндер кем де кем шығар. Ойын-тойларда көпшіліктің сүйікті әуеніне айналған əн кейіпкері Қаламқастың кім екені «Абай жолы» эпопеясында да айтылмайды.
Сонда Қаламқас кім?
Найман елінде Абай мен Қаламқас туралы мына аңыз ертеден келе жатыр.
Аңыздағы деректеге, қарағанда Абайды өзіне ынтық еткен Қаламқас ару – Тана мырза бауырына салып өсірген інісі Жəнібектің қызы.
1860-1863 жылы Көкпекті оқругінің сайлауында Тана мырзаны қазақ бұқарасы қолдай тұра, аға сұлтандық лауазым дуан кеңесінде тілмəш қызметін атқарып жүрген Өскемен жақтың қазағы, руы Сарыжомарт Əлхан Тілеубердинге бұйырыпты. Соған қатты назаланған Тана мырза үйіне келіп қайғырып жатып қалған. Содан бəйбішесі Бостан ерінің қайғысын серпілту үшін əкесіне барып, Ертіске құятын үш өзеннің тоғысқан жеріндегі түбекті сұрап алып, сол түбекке 1863 жылы Тана мырза мешіт салған, сөйтіп, ол жер «Тана мешіті» ауылы атанған.
Сол мешіттің салынып бітуіне құтты болсын айта əрі Тананың көңілін жұбата Құнанбай келіпті. Он сегіз жастағы Абай əкесімен бірге ере келген. Келе жартылай қала үлгісімен киінген əрі сұлу, əрі инабатты Тұржанға (жеңгелері «Қаламқас» атандырған) Абайдың көңілі құлап түседі. Инабатты, өңді қыз Құнекеңе де ұнапты. Тіпті құда түсуге ниеті ауады. Бірақ Тұржан бала кезінде Байжігіт елінің Өзіхан деген жігітіне атастырылып қойған екен. Ол да бір аталы жер. Тана мырза осыны ескерткенде, Құнекең ойланып қалған. Оған да қарамай бір есебін табар ма еді, қайтер еді, егер сол мезетте ақ орданың маңынан нойыс мінезді біреудің ащы айқайы мен дөкір сөздері естілмесе. Əлгі нойыс бір көзіне ақ шорланған түйені бақыртып ұрып жатыр. Ара-тұра: «Көзіңді… қу соқыр» деп боқтап жібереді.
Мұны естіген Құнанбай қатты ашуланып, əлгі оңбағанға ат-шапан айып кестіреді. Қонағаға да қарамай аттанып кетеді. Жігітке айып кесіп, жік-жаппар болған Танаға аттанарда Құнанбай: — Істетіп отырған өзіңсің.-депті.
Содан бері «Түйені соқыр десе, Құнанбайға тиеді» деген мəтел қалыпты.
Екі жастың болашақ махаббатына осы көрініс бөгет жасапты. Алыстан бір-бірін бірер мəрте хат жолдасып, келген-кеткен кісіден сəлем айтысумен тынған. Қатынасуға жер шалғай.
Мұнан кейін Қаламқастың жастай атастырылған күйеуі аурудан өледі де, қыз оң жақта отырыңқырап қалады. Ақыры Сыбан еліндегі Быжы-Тоқтар деген саудагер сарттың ауылына келін болып түскен. Міне, содан бастап Абай атамыздың Қаламқасқа деген шексіз махаббаты сөзбен зерделеніп, өлең болып өріліп бізге жеткен көрінеді..

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 часа бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 часа бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

6 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

6 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

7 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 день бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС