"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰНАНБАЙДЫ МОЙНЫНА МІНГІЗІП ҚАҒБАНЫ ЖЕТІ АЙНАЛҒАН ІЗҒҰТТЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

01.09.2022
ҚҰНАНБАЙДЫ МОЙНЫНА МІНГІЗІП ҚАҒБАНЫ ЖЕТІ АЙНАЛҒАН ІЗҒҰТТЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
9.9k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
М.Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясындағы негізгі кейіпкерлердің бірі Ізғұтты 1830 жылы Ақсуат өңіріндегі «Қарғыба» өзенінің бойындағы «Қара оба» дейтін жерде дүниеге келген.
Аға сұлтан Құнанбайдың сенімді серіктерінің ішінде Ізғұттының өзіндік орны ерекше. Абайдың әкесі Құнанбайдың асырап алған інісі Ізғұттының шын аты — Бақтыбай, Найман ішінде қаракерейдің мұрын руының тоқабай тармағынан. Құнанбайдың туған қарындасы Тайбала осы Тоқабай ішіндегі Нұран деген байдың баласы Мұхамеджанға ұзатылады. Арада біраз жыл өткен соң апасын артынан іздеп барған Құнанбайға Тайбаладан туған он жасар шамасындағы жиені Бақтыбайды аманат ретінде береді.
Бақтыбай нағашы жұрты Шыңғыстауға барған жылы жазда Абай туады. Өскенбай ауылы : «Соңынан Абай ерді, Құнекең аға сұлтан болды. Бұл бала оң аяғымен келді, ізі құтты болды», — деп оның бұрынғы Бақтыбай атын өзгертіп, «Ізғұтты» деп жаңа есім берген екен. Ізғұтты Құнанбайдың жанында жүріп жастайынан ел билігіне араласады. Ер тұлғалы, ақылды азамат ел арасында зор беделге ие болады. Құнанбай Ізғұттыға жер беріп, енші беріп, үйлендіреді.
» 1875 ж. Құнанбай Меккеге қажылық парызын өтеуге Ізғұттыны ертіп барады. Меккеде Құнанбай қажы бірнеше айлар бойы бөгеліп, қазақ, Орта Азия халықтары үшін арнайы «Тәкия» деп аталатын жатын үй салдырғанда, жат жердегі үлкен істің басы-қасында болып жүріп, тезірек бітіруге қолқабыс еткен де осы ер тұлғалы Ізғұтты еді,-«деп жазады белгілі жазушы Бейбіт Сапаралы .
Меккеде брінші күні қағбаны жеті айналып, қабырғаға қойылған қасиетті «Қара тасты» сүйіп барып, ішке кіреді екен. Сол күні Құнекеңнің аяқ астынан ыстығы көтеріліп, өз аяғынан жүруге шамасы келмей қалады, ауру адамды «ауруы елге жұғады» деп кіргізбейді екен. Құнекең сол күні кеште қамығып, құдайға налып, көзіне жас алыпты:
— Ей, жаратқан алла, Әу баста Құнанбай қып жаратып едің, аузыма дүйім елді қаратып едің. Бір кісідей бұл дүниенің рахатын көрсетіп едің, алла. Оншадан-мұнша келгенде мен қалайша қор болдым?! Сонау жер түбінен келіп тұрып Қағбаның есігінің алдына жетіп, ішін көре алмағаннан маған өлім артық. Одан да, Алла, мені алсаңшы, ажалыңды жібер, — деп көкке қаратып екі қолын жайған екен.
Осыны көріп, естіп отырған Ізғұтты:
— Құнеке, ренжіп, налымаңызшы. Алла жәрдем берсе, ертең мен сізді сол есіктен елдің алдымен кіргізейін, — депті. Құнанбай бұл сөзге нанар-нанбасын білмепті. Ертеңінде ұзыннан ұзақ кезекті көрген Ізғұтты Құнекеңе:
— Мініңіз, менің мойныма! – деген Ізғұтты дереу алпамсадай Құнекеңді екі аяғын мойнына асылдыра иығына балаша көтеріп қондырады да Қағбаны жеті айналады. Қасиетті тасты сүйеді. Ертеңіне құдай қуат беріп Құнекеңнің денсаулығы түзеле бастапты.
Сөйтіп Құнекең арманына жетіп, құдайдың үйін де елмен бірге көріп қайтыпты. Ізғұттының тар жерде жасаған тапқырлық ерлігіне өте риза болып, қол жайып, батасын беріпті.
Мекке сапарынан Құнекең «Үлкен қажы», Ізғұтты «Кіші қажы» атанып кайтыпты.
Материалды дайындау барысында журналист, Ізғұттының төртінші ұрпағы (шөбересі) Медетжан Ізғұттинов пен белгілі жазушы Бейбіт Сапаралының еңбектеріндегі деректер пайдаланылды.
Мақалада: ҚҰНАНБАЙДЫ МОЙНЫНА МІНГІЗІП ҚАҒБАНЫ ЖЕТІ АЙНАЛҒАН ІЗҒҰТТЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

1 день бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

1 день бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

1 день бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

2 дня бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

2 дня бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

3 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

3 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

3 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС