"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Аграрлық секторда серпін бар

05.07.2022
Аграрлық секторда серпін бар
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бесқарағай – ауыл шаруашылығымен айналысуға қолайлы аудан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық секторды да-
мытып, табиғи таза азық-түлік өндірісін арттыруды тапсырған бола-
тын. Еліміздің аграрлық секторын дамытып, өңірді өркендетуге ат-
салысып жатқан ауданның бұл саладағы жетістіктері аз емес. Жыл

санап егіс алқабының ұлғайып, мал басы санының өсуі, шет елден
асыл тұқымды малдың көптеп әкелінуі, мемлекеттік бағдарламалар
шеңберінде бесқарағайлық шаруалардың техникаларын жаңартып
жатқаны — сөзіміздің дәледі.

Аудан әкімі Жарқынбек
Байсабыровтың басшылығымен
жауапты мамандар шаруа
қожалықтары мен егіс алқаптарын
аралап, саланы өркендетуге
мүмкіндік беретін бағдарламалар
жөнінде үнемі ақпараттандырып

отырады. Қазіргі уақытта аудан-
да 490 шаруа қожалығы, 24 жауап-
кершілігі шектеулі серіктестік және

8 ауыл шаруашылығы өндірістік ко-
оперативі тіркелген. Жалпы, 90-ға

жуық шаруашылық көктемгі егіске
қатысты. Биыл ауыл шаруашылығы
дақылдарының егіс алаңы 60,61 мың
гектарға жетті.
Аудан бойынша барлығы

2317 ауыл шаруашылық техни-
касы бар. Ағымдағы жылы ау-
дан шаруашылықтары 13 ауыл

шаруашылық техникасын сатып
алынды. Экономиканың жеке сек- торына салынған инвестициялар
биылғы жылдың 5 айында 240 млн
теңге болды.

Аудан әкімінің тапсырмасы-
на орай, көктемде Баскөл ауылдық

округінде «BА agro group» ЖШС ба-
засында ауыл шаруашылығының

өзекті мәселелері — жерді ұтымды

пайдалану, жаңа технологи-
яларды енгізу, саланы кадр- мен қамтамасыз ету жөнінде се-
минар өткізілген болатын. Ауыл

шаруашылығын несиелендірудің
мемлекеттік бағдарламаларын ауыл
тұрғындарына түсіндіру мақсатында
аудандық әкімдік пен «Бесқарағай
несие» несие серіктестігі бірлесіп
мамыр айында «Кең дала», «Іскер»,

«Агробизнес» бағдарламаларының
тиімділігін түсіндіру шараларын
қолға алынған. Нәтижесінде аталған
серіктестік арқылы несие алуға 5 ша- руа қожалығы ниет білдірді. Жалпы
несие көлемі — 215,3 млн теңге.
Салаға серпін беретін ауқымды
жобалардың бірі — «Агробизнес»

бағдарламасы. Аталмыш
бағдарлама бойынша «Агрокредиттік
корпорация» акционерлік қоғамы

арқылы ауыл шаруашылығы тех-
никасы мен ірі қара мал сатып алу

үшін 11 жобаны іске асыруға 206,8

млн теңге бөлінді. Жаңа техника та-
быс көзі екендігі даусыз. Сол сияқты

мал тұқымын асылдандырудың
маңыздылығын түсініп, оның
табыстың қайнар көзі екендігіне көз
жеткізген шаруашылық иелерінің
бүгінгі күндегі жаңалық атаулыға
деген құлшынысы мен ұмтылысы
қуантарлық. Ал малының тұқымы
асылданған шаруаның түбі табысқа
кенелері нарықтың сұранысы зор

болып тұрған заманында күмән ту-
дырмайды. Бұл ретте Глуховка

ауылдық округіндегі «Қалиқанұлы»
шаруа қожалығы Германиядан 30
бас асыл тұқымды мал сатып алды.
«Беген» шаруа қожалығы 500 бас
асыл тұқымды ұсақ мал сатып алуды
жоспарлап отыр.

Аграрлық саланың дамуы тіке-
лей ғылымға байланысты екендігіне

сәт сайын көз жеткіземіз. Ғылым мен

техника жетістігі қай саланы болма-
сын жаңа белеске көтеріп, жетістікке

бастайтындығы белгілі. Халқымыз
«Не ексең, соны орасың» дейді,

жердің құнарлылығын арттырып, са-
палы тұқым сепкенде, минералды

тыңайтқыштар мен гербицидтерді
қолданғанда жер-ана күзде мол өнім
беріп, қамба астыққа толары сөзсіз.

Бірқатар бесқарағайлық ша-
руа қожалықтары тиімді егіншілік

үшін жаңа технологиялар мен

тыңайтқыштарды пайдалануды
тәжірибеге енгізген. Мысалы, «BI
Agro Group» жеке шаруашылық
серіктестігі озық технологиялардың
көмегімен шағын тыңайтқыштар,
гербицидтер мен фунгицидтерді
қолдана отырып, орташа өнімділікті
арттырды. Орайы келгенде айта
кетсек, тарих қойнауына кеткен
жылы ауданға негізгі капиталға 4

146,6 млн теңге инвестиция тар-
тылса, оның 1 666,5 млн теңгесі

ауыл шаруашылығы саласына ти-
есілі. Мұның ішінде «BI Agro Group»

кәсіпорны 800 млн теңгеден астам ин-
вестиция тартты. Яғни бұл аграрлық

салаға салынған инвестицияның ша- мамен 50 пайызын құрайды. Аталған

кәсіпорын өз қызметін 2017 жыл-
дан бастап жүзеге асырып келеді.

Компанияның техникалық базасы да
жыл санап нығаюда. Бүгінгі күні 21
ауыл шаруашылық техникасы бар,
жаңа техника арқылы жұмыс күшін
арттыруды мақсат еткен кәсіпорын

биыл да 700 млн теңгеден астам ин-
вестиция салуды жоспарлап отыр.

Қорыта айтсақ, берекесі мен

бірлігі артқан Бесқарағай жерін-
де аграрлық секторды дамытуда

айтарлықтай жетістіктер бар.
Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

3 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

4 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

4 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

4 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

5 дней бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

5 дней бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

7 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

7 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

7 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

7 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС