"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУ

08.09.2022
ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу


Бұл салада оң динамика бар ма?

     Бүгінгі таңда ШҚО-да цифрландыруды дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жүруде. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың соңына дейін 116, ал келесі жылы 49, 2024 жылы 17 ауылда ғаламтор желісі болмақ.

Президент тапсырмасы аясындағы бұл жұмыстар облыс әкімі Даниал Ахметовтың назарға алуымен кезең-кезең бойынша нәтижелі түрде атқарылып жатыр. Мәселен, ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы берген мәліметтерге сүйенсек, атқарылған жұмыстарға жүргізілген талдау қорытындылары бойынша, операторлар өткен 2021 жылы  68 ауылдық елді мекеннің  тек 27-де  интернет желісінің жылдамдығын арттырған. Бұл орайда ұялы байланыс операторлары сапасыз қызмет көрсеткені үшін 10 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеген екен.

Міне, осы көрсеткіштерді ескере отырып, ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлының арнайы өкімімен интернет желісі сапасының мониторингі бойынша арнайы жұмыс тобы бекітілген болатын. Құрамына қоғамдық ұйымдар мен операторлардың өкілдері кіретін осы топты тексеру қорытындылары бойынша актілер жасалып, ол телекоммуникациялар комитетіне байланыс операторларына тиісті шаралар қабылдау үшін жіберілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар әсіресе, өткен жаз айларында қарқынды түрде жүргізілді. Сонымен қатар, биыл 41 антенналық-мачталық құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған дейін жер телімдері бөлінген болатын, құрылысқа қажетті жобалау сметалық құжатты әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталып қалды.

Бұл ретте тоқтала кетер бір жайт, бүгінде облыста халқының саны 250 адамнан кем 103 ауылдық елді мекен  мобильді интернетпен қамтамасыз етілмеген және байланыс сапасын жақсарту жөніндегі бағдарламаға кірмеген. Қазіргі таңда бұл бағыттағы олқылықтардың орны толтырылуда.

«Востоктелеком» ЖШС-нің цифрлық даму министрлігі алдындағы лицензиялық міндеттемелер шеңберінде 103 елді мекеннің  45-і ғаламтормен қамтамасыз етіледі. Қалған 58 елді мекен бойынша  ұсыныстар үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және байланыс операторларына хаттар жолданды.

Интернет желісінің сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін ғаламтор желісінің сапасын мониторингілеу кейсі әзірленді. Жауапты мамандар ай сайын Speed test мобильді қосымшасының көмегімен ғаламтор желісінің жылдамдығын өлшейді, бұл деректер әзірленген сервиске енгізіледі және «жылу» картасында көрнекі түрде көрсетіледі.

Жалпы, соңғы айлардағы көрсеткіштерге сүйенер болсақ, облыстың экономикалық даму салаларын цифрландыру бойынша оң динамика байқалады.

Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің есептеу әдістемесіне сәйкес, «ақылды» қалалар бастамаларын іске асыру және негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу критерийі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қорытынды бағасы өткен жылы 18,4 балды (ықтимал 20 балдан) құрады. Бұл 2020 жылғы кезеңнен 3,2 балға (15,2) жоғары, 2019 жылғы көрсеткіштен 2 есе жоғары.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұялы операторлардың міндеттемелерінен тыс қалған 250-ден астамм халқы бар 68 елді мекеннің  байланыс сапасын жақсартуға өтініш жіберілді. Аталған бағыттағы жұмыстар алдын ала бекітілген жұмыстарға сай жүргізіліп жатыр.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы».

Мақалада: ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАНЫ ЦИФРЛАНДЫРУ

Ұқсас жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

05.10.2026
Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

Қазақстан құрамасы дзюдодан командалық бәсекеде Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды. Ел намысын командалық жарыста Абай облысының спортшылары Ажар Асхат...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

05.10.2026
«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнесті дамыту және отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау мәселелері қаралды. Айбек Дәдебайдың төрағалығымен...

Толығырақ...Details

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

05.10.2026
Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

Астанада жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдерге арналған әлемдегі ең ірі фестивальдердің бірі – Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) аяқталды....

Толығырақ...Details

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

04.10.2026
Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

Абай облысының әкімі Берік Уәли Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Жиында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

20 часов бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

21 час бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

2 дня бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

2 дня бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

2 дня бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

2 дня бұрын

Курчатовта жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылым жаңартылады

3 дня бұрын

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

5 дней бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

5 дней бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС