"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Айдос Тоғызбаевтың отбасына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені табысталды

13.09.2022
Айдос Тоғызбаевтың отбасына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені табысталды
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және еліміздің Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады. Сонымен қатар, 3 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді. Айдос Тоғызбаевтың өртпен күрес кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі ұмытылмайды.

Нұрлан Ұранхаев — Абай облысының әкімі:

Айдос Тоғызбаевтың батылдығы мен батырлығы, қайсарлығы мен өз қызметіне адалдығы баршамызға үлгі-өнеге болып қала бермек. Антына адал, Айдос бауырымыздың бойында  дәл осындай қасиеттердің болғанына осы ерлігі дәлел. Мен Абай облысы тұрғындарының, және жеке өзімнің атымнан марқұмның жолдасына, туған туыстарына тағы бір мәрте қайғырып көңіл айтамын.

Бүгін Бесқарағай ауданында отбасымен бірге орман өртінің алдын алған Бесқарағай ауылының тұрғындары Жанболат и Анаргуль Рүстемовтер отбасына алғыс хат пен тұрмыстық техника табысталды. Айта кетейік, 6 қыркүйек күні Жанболат Рүстемов отбасымен бірге жекеменшік көлігімен келе жатып,  орманнан шыққан түтінді байқайды. Рүстемовтер отбасы бірден тиісті  орындарға телефон шалып, отты өздері сөндіре бастады. Канонер филиалының орман өртін сөндіру стансасы мамандары келіп жеткенге дейін, Жанболат Рүстемов, зайыбы Анаргүл Рүстемова және ұлдары Есхан Рүстемов үшеуі өртті сөндіріп үлгереді.

Орман шетіндегі өртті көріп, қасынан бейжай өтпей, ағаштардың қызыл жалынға оранып, бүкіл алқаптың өртенуіне жол бермеген Рүстемовтер отбасының әрекеті көпке үлгі. Сондықтан осындай азаматтың жоғары ұстанымы бар тұрғындар барда, еліміздің көркейе түсері анық.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, өз кезегінде, осындай ерлік көрсетіп, елге қызмет жасаған азаматтарға зор алғыс білдірді.

Сондай-ақ  Бақыршық әскери-құтқару бөлімшесінің маманы Қуат Байғазиновге облыс әкімінің алғыс хаты жолданды. Жарма ауданында болған дала өрті кезінде Қуат Байғазинов өрт сөндіруші Айдос Тоқызбаевқа жедел жәрдем мамандары келгенге дейін алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткен.

Айта кетейік, өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығына сәйкес төтенше жағдай кезінде жасаған ерлігі үшін:

Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы — Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен;

Нұрлан Сәлімжан — Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Облыс әкімі өңірдегі тазалық жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды

16.07.2025
Облыс әкімі өңірдегі тазалық жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының орындалу барысы талқыланды. Мәжілісте тұрмыстық қатты...

Толығырақ...Details

Абай облысында су мамандары «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды

16.07.2025
Абай облысында су мамандары «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай сала мамандарына құрмет көрсетті. Салтанатты шарада аймақ басшысы...

Толығырақ...Details

Абай облысында 2 метрден ұзын сарбаз әскери борышын өтеп жүр

16.07.2025
Абай облысында 2 метрден ұзын сарбаз әскери борышын өтеп жүр

Semeytany.kz – Абай облысындағы әуе шабуылына қарсы 31767-Л әскери бөлімінде бойы 2 метр 8 сантиметр болатын сарбаз Арман Қайыржанов Отан...

Толығырақ...Details

Абай облысында шомылу маусымына бақылау күшейтілді

16.07.2025
Абай облысында шомылу маусымына бақылау күшейтілді

Semeytany.kz – Абай облысында суға түсу маусымы басталысымен-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыс күшейтілді. Құтқарушылар патрульдік рейдке шықты, ақпараттық...

Толығырақ...Details

Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

15.07.2025
Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

Semeytany.kz – Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2025 жылдың алғашқы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің...

Толығырақ...Details

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы үздік сержанттарын анықтады

15.07.2025
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы үздік сержанттарын анықтады

Semeytany.kz – 9-11 шілде аралығында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына бағынысты әскери бөлімдер арасында үздік сержанттарды анықтауға арналған сайыс өтті. Үш күнге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Облыс әкімі өңірдегі тазалық жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды

10 часов бұрын

Абай облысында су мамандары «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды

10 часов бұрын

Абай облысында 2 метрден ұзын сарбаз әскери борышын өтеп жүр

11 часов бұрын

Абай облысында шомылу маусымына бақылау күшейтілді

11 часов бұрын

Абай жұрты «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдинді ақтық сапарға шығарып салды

1 день бұрын

Үкімет Абай облысына жан-жақты қолдау көрсетпек

1 день бұрын

Үкімет жартыжылдық қорытындысында ЖІӨ өсімін 6,2%-ға жеткізді – Премьер-министр тапсырмалар берді

1 день бұрын

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы үздік сержанттарын анықтады

1 день бұрын

Облыс әкімі «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің отбасы мен Абай жұртшылығына көңіл айтты

2 дня бұрын

Абай облысында кеңейтілген аппараттық кеңес өтті: басты назар – өрт қауіпсіздігі мен әлеуметтік мәселелер

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС