"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДӘСТҮРЛІ САБАНТОЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

13.09.2022
ДӘСТҮРЛІ САБАНТОЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

10 қыркүйекте Семей шаһарында І халықаралық Ертіс маңы Сабантойы ұйымдастырылды. Аталған мерекеге орай, Татарстан делегациясы арнайы Семейге келді. Алдымен облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі елдің экономикалық мүмкіндігін ескере отырып, мәдени ғана емес, экономикалық серіктестікке қолайлы жағдай жасау жөнінде әңгіме өрбітті.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейде көп жылдан бері дәстүрі бойынша Сабантой өткізіліп келетінін, биыл бұл мереке жаңадан құрылған Абай облысында алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын жеткізді. «Сондықтан достық, бауырластық қарым-қатынасымыз экономикалық серіктестікке ұласады деп үміттенемін. Бізді Қазан қаласын абаттандыру тәжірибесі қызықтырады. Бұл бағытта да жұмыс істейтін боламыз деп сенемін», – деді  аймақ басшысы.

Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Хайруллоұлы екі елдің өзара түсіністік пен татулықта өмір сүріп жатқанын тілге тиек ете келе, «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазанға жасаған сапары барысында жасалған келісімдерді нығайта түсу біз үшін өте маңызды», – деген ойымен бөлісті.

Ресми кездесулер аяқталғаннан кейін бауырлас елден келген меймандар мен облыс басшылығы «Бейбітшілік» аралына барды. Іс-шара барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин шырша көшеттерін отырғызды.

Осылайша, Абай облысының жұртшылығы ұлттық салт-дәстүрді, жомарттық пен қайырымдылықты, ынтымақ пен еңбексүйгішті дәріптейтін еңбек мерекесі – Сабантойды кең көлемде атап өтті. Бұл той – татар халқы мен қазақ елі арасындағы ынтымақтастықты нығайтатын, достық пен игі байланыстың жарқын көрінісі.

Ертіс маңы Сабантойының ашылуында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев: «Ынтымақ-бірлігі жарасқан, көпұлтты тарихи мекен, ұлылар туған қасиетті топырақ – Абай еліне қош келдіңіздер! Татар халқында «Құс қанатымен, адам достығымен күшті», – деген аталы сөз бар. Бүгінгі салтанат – тамыры түркіден тарап, ежелден іргесі сөгілмей келе жатқан екі ел ынтымағының айғағы. Бауырлас елдер басшылығының кемел саясатының арқасында біздің достық қарым-қатынасымыз нығайып, дамудың жаңа белесіне көтерілді. Олай болса, бақытын еңбектен тапқан татар халқы мен ұлы даланы мекен еткен қазақ елінің береке-бірлігі уақыт өткен сайын артып, жасампаз еңбекпен ұлы мұраттарға жетелей берсін!», – деді.

Мереке аясында қос тарап Татарстан Республикасының Ақтаныш ауданы ұсынған көрмені тамашалады. Бұл жерде көпшілікке ұлттық бұйымдар, ағаш үйлер, диірмен, монша макеттері көрсетілді, олар еңбекші татар ауылының бейнесін айнытпай бейнеледі.

Бір атап өтерлігі, татар халқының дәстүрлі мейрамын тойлауға жиылған жұрттың қарасы өткен  жылдардағыдан қарағанда әлдеқайда көп болды. Бейбітшілік аралында ұйымдастырылған мерекелік шараны тамашалауға келген әр адам Татарстан елінде жүргендей әсер алғаны сөзсіз. Үлкен сахнада осы халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан көріністер көрсетілді, шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін халық назарына ұсынса, әр түрлі байқаулар мен спорттық жарыстар, ұлттық ойындар іс-шараны түрлендіріп жіберді. Мерекеге жиналған жұртшылық Татарстаннан арнайы әкелінген 1000 литрлік алып самаурыннан шай ішіп, татар халқының ұлттық тағамдарынан дәм татты.

– Мерекеден алған әсерім – өте керемет. Қазақстанға келгенімізге өте қатты қуаныштымын. Семей қаласының халқы қонақжай екен», – деді Татарстан Республикасының Ақтаныш ауданынан келген Рустам Хусаинов өз әсерімен бөлісіп.

Мереке аясында қазақстандық балуан Эскархан Осканов халықаралық Ертіс Сабантойының абсолютті батыры атанды. Дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитетінің басшысы Данис Шәкіров жеңімпазға бас жүлде – квадроциклді табыс етті.

 

Этнографиялық кітап көрмесі ұйымдастырылды

 

Бұл күні Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Семей қаласындағы Татар өнер мектебінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Қазақстан татарларының ұлттық игілігі: өткені, бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Татарстаннан келген қонақтар, ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері, татар қоғамдық ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақ және татар әдеби шығармаларындағы халықтық дәстүрдің көркемдік үндестігін ғылыми жұмыстың негізі ретінде қарастырғанда, біз ең алдымен, тарихи қағидатты басшылыққа аламыз. Қазақ пен татар халықтары – бүгінгі күндері саны тұрғысында деңгейлес болғанымен, қазақ халқының Қазақстан атты жеке мемлекеті болса, бұрынғы Қазан хандығы, қазіргі Татарстан – Ресей Федерациясының субъектісі болып табылады. Көршілес екі мемлекеттің өзара түсіністік қарым-қатынасы барысында ежелден бері бауырлас қазақ пен татар халықтарының тарихи, мәдени, экономикалық байланыстары да қалыпты тұрғыда дамып келеді деуге толық негіз бар.

«Қазақстан татарларының ұлттық мұрасы: өткені, бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Татарстаннан келген қонақтар Абай атындағы кітапхана қорына Қазан қаласында жарық көрген татар, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптарды сыйға тартты. Соның нәтижесінде, кітапхана қоры Фаузия Байрамованың «Сібір өркениеті» және Шыңғыс Айтматовтың «Татар анасы», татар ғалымдарының «Туқайға сәйхат» («Туқайға саяхат») ұжымдық еңбектерімен толықты. Сонымен қатар, «Милли-мадани Мирасызбыз», «Человек и природа в бассейне реки Меша и Пестриченском Заказанье в историческом развитии» кітаптары да кітапханаға сыйлаған еңбектердің қатарында болды. Кітапхана үшін татар тіліндегі «Туган жир» журналының екі саны мен «Татарлар» газетінің бірнеше саны ерекше құнды болды.

 

«Көзге Иртыш моңнары»

 

Бұл күні татар өнер мектебінің 30 жылдығына және «Иртыш моңнары» татар халық ән-би ансамблінің 35 жылдығына арналған «Көзге Иртыш Моңнары» XXIII халықаралық татар өнері фестивалінің гала-концерті өтті. Фестивальде Татарстанның халық және еңбек сіңірген әртістері, сондай-ақ байқаулардың І дәрежелі және Гран-при лауреаттары өнер көрсетті.

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері және «Хак» башқұрт және татарлар одағы» қауымдастығының төрағасы Ғабдулхак Ахунжанов: «Сабантой мейрамының қарсаңында, қаламызға әлемнің түкпір-түкпірінен татарларды жинауға мүмкіндік алдық, біз үшін бұл – үлкен құрмет және мақтаныш. Бұл мерекені бірге атап өту үшін Новосибирск, Алматы және басқа да қалалар мен елдерден түлектеріміз келді.  Осы арқылы біз тату отбасындай концерт өткіздік, бұл іс-шара сонысымен де ерекше», – деді.

Іс-шара барысында татар мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін әртістер, оқытушылар мен қоғам қайраткерлері медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Татар өнер мектебі бой көтерді

 

Абай облысының орталығында өткен Ертіс маңы Сабантойы  аясында жаңа татар мектебі ғимаратының да салтанатты ашылу рәсімі болды. Биыл 30 жылдық мерейтойын атап өткен бұл мектепте әр түрлі ұлт өкілдері татар халқының ұлттық мәдениетімен таныса алады, музыка, сәндік-қолданбалы өнер, хореографияны үйреніп қана қоймай, оны жұртшылық алдында көрсетуге де мүмкіндік алады. Өнер мектебінің оқушылары көптеген қала мен елдерде өз өнерлерін көрсетіп, халықаралық байқауларға қатысады.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев және Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мұхаметшин Татарстан үкіметі ұжым мен оқушылардың пайдалануына тегін берген татар өнер мектебінің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашты.

Татарстаннан келген қонақтарға экскурсияны татар өнер мектебінің негізін қалаушы, Ғабдулхак Ахунжанов жүргізді.

Мектеп оқушылары іс-шара барысында өнерлерін паш етіп, мерекелік концерт қойды.

Сонымен  қатар Ертіс жағалауында орналасқан татар халқының көрнекті ақыны Ғабдолла Тоқайдың бюстіне гүл шоқтары қойылып, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының ескерткішіне  тағзым жасалды.

 

Талшын ҚАЛИАСҚАР,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

07.05.2025
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

06.05.2025
Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

Төтенше жағдайлар министрлігінде дағдарыстық жағдайларда басқарудың тиімділігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған...

Толығырақ...Details

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

ҚР Көлік министрлігі мен «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ инвестиция мәселелерін нақтылау, іске асыру кезеңдерімен және әуе айлағын одан әрі дамытуға...

Толығырақ...Details

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

06.05.2025
Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

Қазақстан Республика Туризм және спорт министрлиги 2024 года жылдың қорытындысысынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды. Статистика бұқаралық...

Толығырақ...Details

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

05.05.2025
5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз! Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады,...

Толығырақ...Details

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

05.05.2025
ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

Қазақстан ТЖМ ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Осының шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды өртке қарсы қорғауды нығайтуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді

2 дня бұрын

Қазақстандағы ТЖ жүйесінің цифрлық трансформациясы

3 дня бұрын

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

3 дня бұрын

Еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі

3 дня бұрын

5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

4 дня бұрын

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

4 дня бұрын

Биылғы құрылыс маусымы аясында бірқатар жол құрылысы басталады

4 дня бұрын

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

4 дня бұрын

Семейлік шекарашылар “Бірлік жарысы” марафонына қатысты

1 неделя бұрын

Әуежайдың террористік қауіп-қатерге дайындығы тексеріледі

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС