"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

29.09.2022
КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 27 қыркүйек күні облыс әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссияның отырысы өтті. Жиынға аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов, құқық қорғау органдары мекемелерінің, облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Отырыста сыбайлас жемқорлықтың тәуекел картасына Абай облысы бойынша қандай салалар енгізілгені айтылды.

Жыл басында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы қабылданды. Ол стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарын жою және оның деңгейін төмендету бойынша кешенді жұмыстарды жүргізуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Тұжырымдама институционалдық және мақсатты бағыттарды қамтиды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тетіктерін әзірлеуді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам субъектілерінің сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жұмысқа қатысуын көздейді. Осы орайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына облыс бойынша қандай салалар енгені жайында Дмитрий Малахов баяндап берді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы өңірде әлеуметтік маңызды проблемалар негізінде әзірленгенін, сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатын тұрақтандыру мен тұрмыс сапасын қамтамасыз етуде облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген салаларды атап өтті. Яғни Абай облысы бойынша экология, жер, көлік, инфрақұрылым салаларында сыбайлас жемқорлық көрініс тапқанын түсіндіріп, аталмаш картада жаңа облыстар құрылған кезде пайда болатын тәуекелдер ескерілгендігін айтты.

— Жаңадан құрылған облыс үшін жемқорлық әрекеттерінің алдын алу, тәуекелдерге талдау жасау, сыбайлас жемқорлықтың қай салада болмасын етек жаюына жол бермеу – басты міндет,- деді Дмитрий Малахов.

Жиынды қорытындылаған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бұл бағытта барлық басқармалармен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тізе қосып жұмыс істеуге дайын екенін, сол арқылы облыс көлемінде қоғамдағы осы бір індеттің алдын алуға барынша ықпал жасайтынын жеткізді.

Мақалада: КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС