"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА!

29.09.2022
ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА!
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай атындағы кітапханада Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Семей қаласындағы гастрольдік сапарының ашылуына арналған баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференцияға театр директоры Айболат Жаудыр, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көркемдік жетекші Қуандық Қыстықбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері – Нұркен Өтеуіл, Жанқалдыбек Төленбаев, ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, актер Әбілмансұр Серіковтер қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» 29 қыркүйек пен 2 қазан күндері аралығында өз өнерлерін көрсетті. Елордалық театрдың Абай облысының орталығы Семей қаласына алғашқы гастрольдік сапарлары аймақ облыс мәртебесін алып, жаңадан құрылғанымен дәлме-дәл келді. Бұл жаңалықпен құттықтай отыра, қойылымдардың өтілу барысы жайлы театрдың көркемдік жетекшісі айтып өтті.

— Жаңа облысқа Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай гастрольдік сапармен келіп отырмыз. Бұл біздің Семей өңіріне гастрольмен бірінші рет келуіміз, Абай елінде өнер көрсету театр ұжымы үшін үлкен мәртебе! Гастроліміздің шымылдығын Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасымен аштық. Бұдан бөлек те қойылған төрт қойылым әр түрлі жанрда, өнерсүйер қауымның назарына ұсынылды. Көрермендер алғашқы қойылымнан-ақ театр залынан толқып шығып жатты, біз үшін бұл үлкен көрсеткіш, себебі көрермен көңілінен шығу үшін ұжым болып еңбек етеміз, — дейді Қуандық Қыстықбай.

Гастрольдік сапар аясында Семей қаласының көрермендері өңіріміздегі ең киелі сахна төрінде астаналық театр репертуарындағы үздік қойылымдарды тамашалады. Атап айтсақ, Халифа Алтай, Хасен Оралтайдың «Алтайдан ауған ел» қойылымы (режиссері – Фархат Молдағали), Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы (режиссері – Талғат Теменов), Серік Тұрғынбекұлының «Шәмші» элегиясы (режиссері – Болат Ұзақов), Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасы (режиссері – Бәзіл Сұлтанғазы)  және балаларға арналған «Бразилия байлығы» ертегісі.

— Ұлы тұлғалар туған киелі жерде сіздермен қауышып отырғанымызға қуаныштымыз! Әр өңірге барып, халықпен кездесу, қазіргі театрдың тынысы қалай жүріп жатқандығы жайлы сұхбаттасып, өз өнерімізді көрсету – бұл өнер адамдары үшін үлкен бақыт, — деп жүрек жарды тілегімен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Нұркен Өтеуіл бөлісті.

Абай атындағы театр сахнасында ұсынылған бұл қойылымдарды көруге келген өнерсүйер қауым театр залын лық толтырып, көрерменнің көптігінен ине шаншар жер қалмады.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚАЛЛЕКИ ТЕАТРЫ – СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА!

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

6 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

6 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

6 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС