"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРТЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДЕ ҚАСИЕТ БАР

04.10.2022
ҚАРТЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДЕ ҚАСИЕТ БАР
97
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қариялар жас ұрпаққа жол көрсететер темірқазық іспетті. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы, көргені мен білгені, ақыл-кеңесі құнды кітаппен пара-пар. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Семейдегі Қалалық Мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Алин және түрлі салада қызмет еткен аға ұрпақ өкілдері қатысты.

Еліміздегі әрбір қарт адамға мате- риалдық көмек көрсетіп, қамқорлық таныту – Үкіметтің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Бүгінде Абай облысында 97 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Биылғы жылдың басынан мыңға жуық ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға «KARAGAILY» шипажайына те- гін жолдама беріліп, тиісті ем алыпты. Сондай-ақ шаһарымызда 2021 жылдан бастап Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Мұнда зейнеткерлердің бас қосып, спортпен шұғылданып, денсаулықтарын жақсартуларына жағдай жасалып отыр. 1 қазанда облыс көлемінде Қарттар күніне орай қайырымдылық айлығы басталды. Акция шеңберінде қалалар мен аудандардың әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары қа- рияларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Ал амбулаториялық-емха- налық ұйымдарда Ашық есік күндері өткізіліп, тегін кеңестер берілуде. — Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймын! Біз әрқашан «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Қазыналы қарияларымыз — мейірімділік пен қамқорлықтың нышаны. Егемен елімізде қарттарымызға қашанда лайықты құрмет көрсетілуі тиіс. Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, мықты денсаулық, баянды ғұмыр тілеймін,- деп жүрекжарды лебізін білдірді қала- лық мәслихат хатшысы Б.Ақжалов. Қазыналы қарттарды қалалық арда- герлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Әлин де құттықтады. — Құрметті әріптестер, ардақты ар- дагерлер, баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздер қоғамның түрлі саласында қызмет етіп, еліміздің дамуына өз үлестеріңізді қостыңыздар. Сіздерге деген құрметіміз ерекше. Әлі күнге дейін қаламыздың қоғамдық өмірінен тыс қалмай, аза- маттық ой-пікірлеріңізбен бөлісіп отырасыздар. Сіздердің зейнет жасынан кейін де осылай белсенді өмір сүргендеріңіздің қоғамымыз бен жас ұрпаққа берер тағылымы зор,- деді Мұратқазы Сейсенұлы. Салтанатты жиын мерекелік кон- цертке ұласып, Мәдениет сарайының өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты.

Жадыра ТЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ҚАРТЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДЕ ҚАСИЕТ БАР

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС