"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

04.10.2022
ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
30
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде қазан айының алғашқы жексенбісінде Ұстаздар күні аталып өтеді. Ұстаздардың төл мерекесіне орай, Абай облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Балалар мен жастар шығармашылық сарайында «Ұстазды ұлықтау – үлкен мәртебе» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат хатшысы Қуаныш Сүлейменов, Абай облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Ахметқалиев және өңір ұстаздары қатысты.

Бүгінде Абай облысында 17 мыңнан астам ұстазға ұрпақ тәрбиелеу миссиясы жүктелген. Орта білім беретін мектептерде 13517, мектепке дейінгі ұйымдарда 2315, қосымша білім беру ұйымдарында 430 мұғалім білім көшін алға жетелеп келе жатыр. Салтанатты жиынның шымылдығын облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев ашып, барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады. — Қадірлі ұстаздар! Ардақты білім саласының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деген хакім Абайдың ұлағатты сөзі бар. Күні кеше облысымызға келген Мемлекет басшысы, ұстазға деген айрықша құрмет белгісіндей, еліміздің алғашқы кәсіби оқу орны Әуезов атындағы педагогикалық колледжге арнайы барды. «Ұстаз деген – қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Себебі ұстаз – жоғары деңгейдегі тұлға»,- деген еді Президент өз сөзінде, бұл – осында отырған әр мұғалімге берілген лайықты баға! — деді аймақ басшысы Нұрлан Тельманұлы. Мерекелік шарада облыс әкімі үздік педагогтерге алғыс хаттар пен төсбелгілер табыстады. Еліміздің білім беру саласына елеулі үлес қосқаны үшін және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы еңбегі үшін Семей қаласы білім бөлімінің әдіскері Разия Омарова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Сондай-ақ «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі мен Абай облысының білім басқармасының және Абай облысы мәслихатының Құрмет грамоталары жемісті еңбек етіп жүрген ұстаздарға табысталды. — Құрметті ұстаздар, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздерге жүктелген міндет ауыр екені белгілі. Себебі ұстаз сауатты һәм саналы ұрпақ тәрбиелейді. Әрине, жастарға сапалы білім беру үшін мұғалімнің өзі де білікті маман болуы шарт. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп хакім Абай айтқандай, қажымай, талмай шәкірттерге білім беріп отырсыздар. Қоғам алдында абыройы асқақ әрбір кәсіптің иесі — ұстаздың алдын көрген кешегі шәкірт. Құрметті де ардақты жандар, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Таусылмас шабыт және талапты шәкірт тілеймін, — деп құттықтады ұстаздарды Абай облысы білім басқармасының басшысы міндетін атқарушы Нұржан Нығметоллаұлы. Жиын соңында ұстаздардың назарына мерекелік концерт ұсынылды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Мақалада: ҰСТАЗДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС