Енді қазақстандықтар Араб Әмірліктерінде 90 күнге дейін визасыз жүре алады. Біріккен Араб Әмірліктері туристерге, жұмыс іздеушілерге және елге қоныс аударғысы келетіндер үшін жаңа визалық ережелер енгізу арқылы көші-қон заңнамасын жаңартты.
⠀
Иммиграциялық заңнаманы қайта қарау нәтижелері бойынша БАӘ сәйкестендіру, азаматтық, кедендік және порттық қауіпсіздік федералды басқармасы (ICP) туристерге, жұмыс іздеушілерге және Парсы шығанағы елінде тұруға мүдделі адамдарға қатысты визалық ережелердің жаңа пакетін енгізді. Жаңа ережелер 3 қазанда күшіне енді.
⠀
Олар БАӘ-ге баруға және тұруға мүмкіндік беретін визалардың 15 түріне арналған жаңартылған талаптар мен ережелерді қамтиды. Олардың ішінде туристік кіру визалары, алтын және жасыл тұру ықтиярхаттары, жер үсті порттары арқылы жүк көлігінің жүргізушілеріне кіруге рұқсаттар, көрші елдердің азаматтарына, круиздік кеме қызметкерлеріне арналған визалар және т. б. бар.
Конституциялық реформалар – Қазақстандағы саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Негізгі мақсат – мемлекеттік басқаруды жетілдіру, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету және...
Толығырақ...Details







