"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ — СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

10.10.2022
НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ — СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
32
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Семей қаласының жаңа әкімі тағайындалды. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев  депутаттарды Нұрбол Нұрсағатовтың кандидатурасымен таныстырды.
Нұрбол Нұрсағатов – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде қызмет етті.

Әр жылдары Нұрбол Нұрсағатов Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, Астана әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы директорының орынбасары, ШҚО көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы әкімдігі құрылыс басқармасының, Астана қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Депутаттар  Нұрбол Нұрсағатовтың кандидатурасын бір ауыздан қолдап дауыс берді.

«Фейсбук» әлеуметтік желісінде  Абай облысы орталығының  жаңа басшысы төмендегідей жазба қалдырыпты:
«Құрметті Семей қаласының тұрғындары! Бүгіннен бастап мен қала әкімі лауазымына тағайындалдым. Бұл — мен үшін үлкен абырой және жауапкершілік.
Алаштың жүрегі, еліміздің мақтанышы болған ұлы тұлғалардың өлкесі, руханият пен өнердің, мәдениеттің ордасы Семей мемлекетіміздің тарихында және болашағында айрықша маңызды орын алады. Көптеген салада еңбек ерлерімізбен мақтана аламыз, соның ішінде ауыл шаруашылығы, егіншілік, әдебиет, өнер, ғылым және білім саласы.
Мен өзім де шығыс өңірінің тумасымын, көңілім әр уақытта Семейге бұрылып тұрады. Сондықтан да Семейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, инфрақұрылымын, абаттандыруын, тұрғын-үй шаруашылығының жағдайын жақсарту үшін аянбай еңбек етемін. Мемлекет және Абай облысының басшылығына артқан сенімдері үшін алғыс білдіремін.
«Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді» деген ата-бабаның қалдырған өшпес даналығы бірліктін қажет екенін еске салады. Қаламыздың өркендеуі үшін бірлесіп күш салайық. Мен сіздермен кері байланыс орнатып жұмыс жасауға ниеттеніп отырмын, әзірше әлеуметтік желідегі парақшаларыма жазуларыңызға болады, жақын арада сіздермен кездесулер өткіземіз, сонымен қатар қабылдау кестесін жариялап, байланыс телефонын хабарлаймыз.»
Сонымен, жаңа әкім жұмысын бастады. Жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Қыс болса қыр астында. Семейдің  әкімдері үшін  ең жауапты сынақ та осы мерзім. Нұрсағатовтың келуімен Семей нұрлана түссін деп тілейік!

«СТ» — ақпарат

Мақалада: НҰРБОЛ НҰРСАҒАТОВ - СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ұқсас жаңалықтар

РУСТЕМ ВОРОШИЛОВ — КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ

10.10.2022
РУСТЕМ ВОРОШИЛОВ — КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысы лауазымына Рустем Ворошилов тағайындалды. Рүстем Нұраллиұлы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы...

Толығырақ...Details

АЙДАР ИБРАЕВ — МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ  БАСШЫСЫ

10.10.2022
АЙДАР ИБРАЕВ — МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫ  БАСШЫСЫ

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының  басшысы лауазымына Айдар Ибраев тағайындалды. Айдар Ибраев Шығыс Қазақстан облысы Күршім...

Толығырақ...Details

ДИМИТРИЙ ГАРИКОВ — АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

10.10.2022
ДИМИТРИЙ ГАРИКОВ — АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Димитрий Александрович Гариков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 1998 жылы Семей...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Астана күнімен құттықтап, елорданың ел дамуындағы рөліне тоқталды

22 часа бұрын

Бесқарағайдағы спорт мектебі күрделі жөндеуден өтеді – облыс әкімі

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығын жеке қабылдап, өзекті мәселелерді бақылауына алды

2 дня бұрын

Облыс әкімі Бесқарағай жұртшылығымен кездесіп, аудан дамуы туралы есеп берді

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі балалар биологиялық орталығының жұмысымен танысты

3 дня бұрын

Облыс әкімі №42 мектептің мәселелерімен танысты: интернатты кеңейту ұсынысы қаралуда

3 дня бұрын

Облыс әкімі Семейдегі Қарттар үйі мен психоневрологиялық орталықтың жағдайымен танысты

3 дня бұрын

Президент Ұлттық домбыра күні қарсаңында жастардың дәстүрге ықыласына ризашылығын білдірді

3 дня бұрын

Абай облысында 10 қаржы пирамидасы әшкереленіп, 88 миллион теңге шығын келген

3 дня бұрын

Абай облысында есірткімен күрес күшейіп жатыр: жарты жылда 300 келіден астам зиянды зат тәркіленді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС