"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАЛАЙ АТАЛЫП ӨТЕДІ?

19.10.2022
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАЛАЙ АТАЛЫП ӨТЕДІ?
44
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында, 25 қазан — Республика күніне орай, 200-ге жуық іс-шара өтеді. Бұл туралы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Айдар Ибраев, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев баспасөз конференциясында айтып берді. 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында сөйлеген сөзінде Республика күні мәртебесін қайта қалпына келтіру және оны 25 қазанда ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынған болатын.

— Өздеріңіз білетіндей, 2009 жылға дейін Республика күні мемлекеттік мереке дәрежесінде аталып келді. Бұл ретте ҚР Тәуелсіздік күні мен Республика күні арасындағы мазмұндық, және мағыналық айырмашылықтың бар екенін айта кету керек. Тәуелсіздік күні біздің елімізді әлемдік қауымдастық алдында дербес мемлекет және халықаралық құқық субъектісі ретінде дәлелдейтін «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңның негізінде 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған мереке болса, Республика күні Жоғарғы Кеңестің Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қабылданған күнін меңзейді. Сондықтан екі датаның да тарихи рөлі бар. Дегенмен 25 қазан күні Қазақстанның алғаш рет өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, болашағының пайымдауы бар бірегей аумақтық субьект ретінде жарияланғанын ерекше атап өткім келеді,- деді Айдар Садырбаев.

Республика күніне орай, облысымызда бірнеше нысан ашылып, халық игілігіне берілмек. Атап айтсақ, 19 қазан күні Семей қаласындағы №47 жалпы орта білім беретін мектепте Ахмет Байтұрсынұлы атындағы кабинет, 20 қазан күні Көкпекті ауданындағы Көкжайық ауылында көпсалалы спорт залы және Бородулиха ауданындағы Коростели ауылында демалыс саябағы, 21 қазан күні Семей қаласындағы Степной кентінде 300 орынға арналған мектеп және «Авиценна» жоғары медициналық колледжінің жаңа әкімшілік корпусы, 22 қазан күні Көкпекті ауданындағы Теректі ауылында кіші футбол алаңы, 24 қазан күні Үржар ауылындағы Қабанбай ауылында жаңа спорт модулі есігін айқара ашады. 25 қазан күні Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында көп пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыстау және Аягөз қаласында жаңа аллеяның ашылу рәсімі өтеді деп жоспарлануда.

Ал мәдени-көпшілік шаралар мен концерттер 22 қазан күні Семейдегі Абай атындағы театрда және қалалар мен аудандардағы мәдениет үйлерінде бастау алмақ. Бұл күні еліміздің дамуына түрлі сала бойынша үлес қосқан азаматтар мемлекеттік марапаттар мен алғыс хаттар тапсырылатын болады. Сонымен қатар Абай облысынан 10 адам Астана қаласында Республика күніне орай өтетін салтанатты кешке қатысады. 25 қазан күні қалалар мен аудандарда «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы, ағаш отырғызу акциялары, автокөлік шерулері, Орталық алаңда жәрмеңкелер, көрмелер мен концерттер, сондай-ақ Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетте «Қазақстан жастары – ел болашағы» атты облыстық дебат ойындары өтеді.

— Абай облысының барлық қала-аудандарында, Республика күніне орай, 130-дан астам түрлі деңгейдегі мәдени-бұқаралық шара — концерттер, патриоттық акциялар, көрмелер, байқаулар, поэзия кештері, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Абай атындағы облыстық кітапханада «Желбірейді көк байрағы елімнің» атты жас ақындар шеруі, Әміре Қашаубаев атындағы облыстық мемлекеттік филармонияда мерекелік концерт, Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде «Сүйікті қалам, Семейім» атты суретшілер көрмесі, Достық үйінде бірқатар мәдени іс-шаралар,

Жарма, Ақсуат аудандарында патриоттық әндер байқауы және өзге де аудандарда өнер фестивальдары өтеді.

Қазан айынан бастап әлеуметтік желілерде «Қыран елім -Қазақстаным» атты патриоттық акция басталып кетті. Ал 25 қазан күні Арбат алаңында қала тұрғындары мерекелік концертті тамашалайтын болады,- деді Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Айдар Ибраев.

Мақалада: РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАЛАЙ АТАЛЫП ӨТЕДІ?

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС