"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА

19.10.2022
ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА
40
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

 

Құрметті Абай облысының тұрғындары!

Семей — Алаштың жүрегі, еліміздің рухани астанасы. Барша қазақ ұлты мақтан ететін Ұлылар мекені. Биылғы жылы тарихи әділдік орнап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Семей қаласына облыс орталығы мәртебесі қайта беріліп, Абай облысы болып жаңғырды.

Таяуда Абай облысының орталығы Семей қаласына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмыс сапарымен келіп, Үкіметке Абай облысын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Абай облысын дамыту бойынша кешенді бағдарламалар әзірленеді. Осылайша, баршамыздың сүйікті өлкеміз, кіндік қанымыз тамған киелі туған жеріміз, Ұлылар мекені дамудың жаңа кезеңіне қарыштап қадам баспақ.

Осы орайда, біз, қойнауы қазыналы Қалба тауын мекен еткен киелі Көкпекті өңірінің халқы, барша Абай облысының жұртшылығына үндеу жариялаймыз. Алаштың жүрегі, қазақтың рухани астанасы Семей қаласын дамыту – баршамыздың ортақ парызымыз. Сүйікті қаламызды дамытып, өркендету әрбір азаматтың атсалысуымен ғана жүзеге асатыны сөзсіз. Семей қаласын дамытуға үлес қосуды нақты істермен, жарқын жобалармен бастауға шақырамыз.

Топырағын түртсең, тарихы сөйлеп қоя беретін Толағай тауының баурайын мекендеген Көкпекті ауданының халқы Семей қаласының ұлтымыз үшін орны ерекше тарихи-рухани шаһар екенін жақсы біледі. Көкпекті өңірі – батыр бабалар тұлпарының ізі қалған киелі өлке. Толағайдың түбінде Абылай хан жорық ордасын тігіп, Қаракерей Қабанбай батыр қол бастаған жер. Әулие Бөдес ата руханият ұясын қалаған, ұлт қайраткері Тана мырза елге тұтқа болып, Кегенбай би сөз бастаған жер. Осындай киелі өлкенің тұрғындары ұлы Абайдың есімімен аталған облыстың орталығы Семей қаласын дамытуға сүбелі үлес қосуды қасиетті парыз деп санайды.

Облыс орталығына көрік беретін, Алаш қаласының ажарын ашатын бір нысан салу жобасын Көкпекті ауданы жүзеге асырады. Көкпекті ауданының осы бастамасы басқа аудандар, облыс орталығындағы мекеме мен ұйымдар тарапынан кең қолдау табады деген сенімдеміз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, ағайын!

Семей қаласын дамыту үшін мемлекет тарапынан кешенді жобалар қолға алынды. Алайда туған жердің әрбір патриоты үлес қосқанда ғана Алаштың астанасын тәуелсіз қазақ елінің көркейген қалаларының қатарына қоса аламыз. Біздің әрқайсымыз туған өлкемізді Ұлылар мекені деп мақтан етеміз. Туған жерге іңкәрлік туған елге сүйіспеншілікке ұласады. Туған жерге қамқорлық туған елге жанашырлықпен астасады. Біздің асыл мақсатымыз — оның өсіп-өркендеуіне қызмет жасау. Барлық елжанды азаматтарды, жомарт жүрек жандарды, аудандар мен шағын қалаларды, облыс орталығындағы мекеме мен ұйымдарды, оқу орындарын Көкпекті ауданының бастамасына қолдау білдіруге шақырамыз!

Құрметпен,

Көкпекті ауданының мәслихат депутаттары,

Көкпекті ауданының шаруа қожалық басшылары,

Көкпекті ауданының кәсіпкерлері

Көкпекті ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелері

«Көкпекті жастары» жастардың патриоттық қоғамдық бірлестігінің мүшелері

Мақалада: ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

2 часа бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

3 часа бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

5 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

5 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

5 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

5 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС