"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«МЕЙІРІМДІЛІК КЕРУЕНІ» БАСТАУ АЛДЫ

19.10.2022
«МЕЙІРІМДІЛІК КЕРУЕНІ» БАСТАУ АЛДЫ
14
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Елімізде «Мейірімділік керуені» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдана бастады.

Абай облысының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Семей қаласының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Әсия Нығметова мен Семей қаласының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі басқарма мүшесі Данажан Серікбаева V Республикалық «Мейірімділік керуені» байқауының өткізілуі туралы айтып берді.

Саяжан КЕРІМБЕКОВА

«Семей таңы»

— Конкурсқа әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлестерін қосып жүрген және өздерінің игі істерімен басқаларды ынталандыра алатын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады, — деді Әсия Нығметова.

Спикердің айтуынша, кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық шараларды мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыстар сияқты мемлекеттің қолдауымен жүзеге асыратын тұлғалар қатыса алмайды.

— Байқау лауреаттары әр түрлі номинациялар бойынша анықталады. Мысалы, «Асар» аталымы қайырымдылық қызметі ұлттық салт-дәстүрлермен байланысты және ұлттық мәдениетті сақтауға көмектесетіндерге беріледі, ал «Туған жер» номинациясы білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салаларда туған өлкесіне қайырымдылық қызметін көрсететін азаматтарға тапсырылады. «Батыл жүрек» батырлық пен батылдық көрсеткен жандарға беріледі. Байқауға бұл аталым бойынша ТЖ, ІІМ, жедел жәрдем сияқты шұғыл қызмет мамандары қатыса алады. Ал белгілі бір уақыт ішінде тұрақты түрде өтеусіз көмек көрсететін адамдар үшін «Мейірім жолында» номинациясы тағайындалады. Сондай–ақ «Қайырымдылық тарихы»  аталымы журналиске немесе шығармашылық ұжымға БАҚ-та жарияланған қайырымдылық жайлы және әлеуметтік мәселелерді көтерген үздік мақалалар үшін берілетін болады. Осы сынды басқа да аталымдар бар. Толық ақпараттарды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры немесе Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы сайттарынан оқи аласыздар, — деді Басқарма мүшесі Данажан Серікбаева.

Айта кету керек, конкурсқа қатысуға өтінімдер 2022 жылғы 30 желтоқсанға дейін қабылданады. Өтінімдер жергілікті, яғни өңірлерде қабылданатын болады.

Еске сала кетелік, «Мейірімділік керуені» байқауы халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және және мейірімділік пен гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Мақалада: «МЕЙІРІМДІЛІК КЕРУЕНІ» БАСТАУ АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС