"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жемқорлардан қайтарылған 100 млрд теңге мектеп салуға жұмсалады

20.10.2022
Жемқорлардан қайтарылған 100 млрд теңге мектеп салуға жұмсалады
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов сыбайлас жемқорлықтан қайтарылған қаражат қараша айында мектеп құрылысына салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражаттар мектеп және оларға қосымша құрылыстар салуға бағытталады.

Бүгінгі таңда республика бойынша жемқорлардан алынған 100 млрд теңге бар. Қараша айында бұл ақшаны бөлу үрдісі басталады.

Түркістан облысының кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі ағымдағы ахуал, негізгі экономикалық көрсеткіштер және инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы айтып берді. Сондай-ақ, индустрия және инфрақұрылымдық даму, мәдениет және спорт министрі, ағарту министрі және энергетиканың бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков пен ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай баяндама жасады.

Премьер-министрдің айтуынша, биыл облысты дамытуға республикалық бюджетте 367 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Бюджетті нақтылау кезінде тағы 100 млрд теңге бөлінген.

«Бұл қаражат инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға бағытталған. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану қажет», — деді Смайылов.

Ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің сақталуын қамтамасыз ету мәселесін тілге тиек етті.

“Қазіргі уақытта бірегей нысанның айналасында қарқынды құрылыс жүргізіліп жатқандықтан, оған келушілер саны да едәуір артты. Осыған байланысты әкімдік ЮНЕСКО мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын қатаң сақтауы тиіс”, – деді ол.

Мәселелердің экономикалық блогына көше отырып, Әлихан Смайылов азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін бірінші кезекте өңірдің дамуына серпін бере алатын жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу шараларын қабылдау қажет екенін атады. Ағымдағы жылы облыста 33 млрд теңгеге 29 жобаны іске асыру жоспарланған, қосымша 1,9 трлн теңгеге тағы 74 жоба пысықталуда.

«Осындай жобаларды іске асыру есебінен жаңа жұмыс орындары пайда болады. Әкімдік ірі инвесторларды тарту үшін жағдай жасап, жобалардың белгіленген мерзімде сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет», — деп түсіндірді премьер-министр.

Мақалада: Жемқорлардан қайтарылған 100 млрд теңге мектеп салуға жұмсалады - Смайылов

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС