"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТ ҰСТАЗЫНА ТАҒЗЫМ

21.10.2022
ҰЛТ ҰСТАЗЫНА ТАҒЗЫМ
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Семей қаласының білім бөлімі мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 мектеп педагогтері бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға онлайн және офлайн форматта Абай облысының және Семей қаласының әкімдіктері, Шәкәрім университетінің басшылығы мен профессор-оқытушылары және БАҚ өкілдері мен отандық ахметтанушы ғалымдар қатысты.

Конференция аясында Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы мен шығармашылығынан сыр шертетін Ахметтану кабинеті ашылды. Кабинет лентасын Шәкәрім университетінің  ректоры Б.Ердембеков пен облыстық білім басқармасының басшысы Н.Ахметқалиев жүргізді.

Ахметтану кабинетінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шәкәрім университетінің  басқарма төрағасы — ректор Бауыржан Ердембеков тағылымды шараның маңыздылығын атап өтіп, 1912 — 1925 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың оқу құралы баспадан 7 рет шығарылғандығын, алдағы уақытта университет аталған оқулық негізінде кітап басып шығаруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

– Ғылыми-тәжірибелік конференциялар мектеппен бірге өте бермейтіні белгілі. Университеттің мектепке келуі үлкен байланыстың жолын көрсетеді. Шәкәрім шаңырағы бүгінгі таңда облыстың барлық мектептерімен байланысын күшейтуде. 90-шы жылдары мектеп пен ЖОО-ның арасы алшақтап кетті. Іс-тәжірибеден өтетін білім алушылардың халі мүшкіл болды. Сол себепті де білікті мамандарды даярлауда біз бірлесіп қызмет атқаруға тиіспіз,– деді Бауыржан Аманкелдіұлы.

Бұл күні аталған мектепте ресми түрде қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының филиалы ашылды. Университет ұжымы мектеп кітапханасына  ғалымдардың кітаптарын табыс етті.

Интеграциялық байланыстардың нәтижесінде университет пен мектеп арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, интеграцияланған оқу жоспарлары, дуалды оқыту жүйесі, бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулерді және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Конференцияда отандық ахметтанушы ғалымдар ұлт ұстазының өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметі жайында баяндама жасады.

Айта кетелік, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті облыс мектептерімен өзара әріптестік байланысты арттыруға бағытталған кешенді жоспарын тұрақты түрде жүзеге асыруда. Оқу орны ғылым мен жоғары білім және ағарту саласының оқу-әдістемелік, ғылыми-шығармашылық байланыстарын нығайтуға арналған «ЖОО — МЕКТЕП» жобасы аясында нәтижелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Іс-шара соңында қонақтар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектепте ашылған ерекше үлгідегі  ашық музейді аралап, мектеп оқушыларының «Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбындағы концертін тамашалады.

 

Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС