"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

30 ЖЫЛ КҮТКЕН МЕКТЕП АШЫЛДЫ

23.10.2022
30 ЖЫЛ КҮТКЕН МЕКТЕП АШЫЛДЫ
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Республика күні қарсаңында Семей қаласы тағы бір жаңа ғимаратпен толықты. 21
қазан күні Семей қаласындағы Степной кентінде 300 орынға арналған мектеп
қолданысқа берілді. Оқу ордасының ашылу салтанатына Абай облысының әкімі
Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, облыстық білім
басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Ахметқалиев және ата-
аналар мен оқушылар қатысты.

Енді жаңа мектеп Семей қаласындағы «№46 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп аталады. Мектепте жуынатын және киім
сақтайтын бөлмелері бар кең спорт залы, 108 орынға арналған асхана, 100 орынға
арналған акт залы, зертхана кабинеттері және шеберхана бар. Оқу ордасындағы барлық 19
кабинет интерактивті және маркерлі тақтамен, теледидармен қамтылыпты. Оқушылардың
қауіпсіздігі үшін 24 ішкі және 15 сыртқы бейнекамера орнатылған. Мектеп ауласында
волейбол, баскетбол, футбол алаңдары бар.

— Құрметті оқушылар мен ата-аналар. Бүгін Сіздердің ұзақ жылдар бойы күткен
тілектеріңіз орындалып, Степной кентінде 300 орынға арналған жаңа мектеп ғимараты
есігін айқара ашып отыр. Мектепте оқушылардың сапалы білім алуына және
шығармашылықпен айналысуларына барлық жағдай жасалған. Оқу кабинеттерінің
барығы дерлік интерактивті тақтамен, теледидармен, көрнекілік құралдармен
жабдықталды. Құрметті оқушылар, жаңа мектепте жаңа биіктерді бағындырып, оқуда
озат болыңыздар. Қадамдарыңызға сәттілік тілеймін,- деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Физика кабинетінде оқушылардың партасына арнайы тоқ көздері тартылса, химия-
биология кабинетіндегі әр оқу партасына су құбыры және кәріз жүйесі қосылыпты.
Кітапхана әдеби-көркем шығармалармен қамтамасыз етілген. Мұнда 20 орындық оқу залы
бар. Жалпы, мектеп құрылысына 1 млрд 300 мың теңге қаржды бөлінген.

— Степной кентінің халқы жаңа мектептің ашылуын отыз жыл сарғая күтті. Сондықтан
бүгін ата-аналар мен оқушылардың қуанышында шек жоқ. Бұған дейін осы кентте
тұратын балалар қаламыздағы №№10, 11, 22, 39 және басқа да мектептерге қатынап оқып
жүрген. Мектепте сабақ екінші тоқсаннан басталады,- деді мектеп директорының міндетін
атқарушы Құралай Тайбурова.

Айта кетейік, биыл Семей қаласында жыл басынан екі мектептің құрылысы аяқталып,
қолданысқа берілді. Бұған дейін Шығыс кентінде 1200 орынға арналған жаңа мектеп
ашылған еді. Облыс әкімі Нұрлан Тельманұлы Семейде әлі 4900 орынға қажеттілік бар
екенін айтқан болатын. Алдағы үш жыл ішінде шаһарда тағы бес мектеп — Қарағайлы
шағын ауданында, Водный кентінде және басқа да аудандарда бой көтермек.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Семей таңы»

Мақалада: 30 ЖЫЛ КҮТКЕН МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС