"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семей сынақ полигоны жерлерінде ерекше құқықтық мәртебесі бар арнайы аймақ құрылмақ

26.10.2022
Семей сынақ полигоны жерлерінде ерекше құқықтық мәртебесі бар арнайы аймақ құрылмақ
203
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей сынақ полигоны жерлерінде ерекше құқықтық мәртебесі бар арнайы аймақ құру жоспарланған. Бұл жайында Сенат депутатының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды semeytany.kz ақпараттық порталы ҚазАқпарат қа сілтеме жасап.

«Сіздің бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағын қауіпсіз күйге келтіруді және оның инфрақұрылымын дамытуды іс жүзінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі – СЯСП/Жоспар) 2022-2023 жылдарға жер учаскелерін шаруашылық айналымға берудің нақты мерзімдерін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізуге қатысты депутаттық сауалыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. Жоспардың 6-тармағында 2030 жылға дейін жергілікті атқарушы органдарға СЯСП жерлерінің бір бөлігін шаруашылық айналымға беруді ескере отырып, оның жерлерінің және оған іргелес аумақты кешенді экологиялық зерттеу нәтижелері бойынша СЯСП шекараларын жаңарту көзделген», — деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, 2021 жылы бұрынғы СЯСП аумағын кешенді экологиялық зерттеу бойынша көпжылдық жұмыстар аяқталды. СЯСП аумағын зерттеу радиоактивті ластанудың жергілікті сипатқа ие екендігі және бүкіл СЯСП аумағына таралмайтындығы туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

«Сонымен қатар СЯСП-тан тыс жерлерде де қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтер мөлшері деңгейінің артуы байқалатынын атап көрсету қажет. Зерттеу нәтижесінде радиоактивті заттардың ағымдағы және ықтимал таралуының негізгі жолдары мен тетіктері де анықталды. СЯСП-тың анықталған шекаралары нақты радиоактивті ластануға сәйкес келмейтінін атап өткен жөн», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысының дерегінше, Энергетика министрлігі СЯСП аумағындағы ластанған аумақтардың ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кейінгі міндеттерді шешу үшін «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.

Заң жобасы аясында нормативтен артық ластанған жерлерді қамтитын СЯСП жерлерінде ерекше құқықтық мәртебесі бар арнайы аймақ құру жоспарланған. Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында. Аталған аймақтың шекарасы мен ауданын негіздейтін материалдарға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілгеннен кейін осы аймақтың шекаралары мен ауданы белгіленетін болады», — деді Әлихан Смайылов.

Мақалада: Семей сынақ полигоны жерлерінде ерекше құқықтық мәртебесі бар арнайы аймақ құрылмақ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

19.08.2026
Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету...

Толығырақ...Details

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын...

Толығырақ...Details

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

19.08.2026
Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымда қарбыз бен қауын саудасы қыза түсуде. Мамандар тұрғындарға бақша дақылдарын тек белгіленген сауда орындарынан сатып алып,...

Толығырақ...Details

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

19.08.2026
ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен...

Толығырақ...Details

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

19.08.2026
Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау,...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстанның атом саласын дамыту — энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

4 часа бұрын

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

4 часа бұрын

Абай облысының мамандары бақша дақылдарын қауіпсіз сатып алу және тұтыну ережелерін еске салды

6 часов бұрын

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

6 часов бұрын

Сайлауға бір апта қалғанда: өңірлік кездесулер мен партиялардың күн тәртібі

6 часов бұрын

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

6 часов бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

1 день бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

1 день бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС