"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Егер де мен қайта студент болсам…

25.10.2022
Егер де мен қайта студент болсам…
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мектеп қабырғасында оқып жүргенде «Стандарттау және сертификаттау» мамандығына аса қызығушылық танытқан болатынмын. Сол себепті, төрт жыл бұрын физика-техникалық факультетінің «Стандарттау және сертификаттау» мамандығына мемлекеттік грантпен оқуға түстім. Қазіргі таңда осы мамандығымды магистратурада жалғастырып жатырмын. Төрт жыл бұрынғы студенттік білімімді қазіргі кездегі біліміммен салыстырсам, өте үлкен айырмашылықтар бар. Ол кезде маған не жетіспеді? Маған көптеген сұрақтарға жауап табуға көмектескен тәжірибелі оқытушылар деп ойлаймын. Білікті оқытушылардың берген білімінің арқасында мамандығымның Қазақстанда және тек қана елімізде емес әлем бойынша өте маңызды екенін түсіндім. Сонымен қатар, оқу барысында маңызды шешімдерді қабылдауда кеңестерін айтып, бағыт-бағдар берген де осы университеттің оқытушылары болды. Осы төрт жыл бұрынғы студенттік шағымда «әттеген-ай» дейтін жерлері көп болды. Сондықтан, мен өзімнің студенттік тәжірибеммен бөлісіп, студенттер мен талапкерлерге менің қателіктерімді қайталамауы үшін бірнеше кеңестер бергім келеді.

Біріншіден, қарым-қатынас жасауды үйреніңіз, әрқашан оқытушылар мен және студенттермен байланыс орнатуды біліңіз. Сіздің болашақ өміріңізде сіз бір жерде жиналған алуан түрлі және қызықты жастардың, білікті тұлғалардың осындай шоғырына түсе алмайсыз. Мұнда сіз қарым-қатынас дағдыларын жетілдіре аласыз. Бұл сізге бірнеше рет көмектесетін өте маңызды дағды болуы мүмкін.

Екіншіден, назарыңызды маңызды нәрсеге аударыңыз. Студент ретінде өзіңізге мақсат қойыңыз, оларға қол жеткізіңіз және кішкентай жеңістеріңізге қуаныңыз, олардан ләззат алыңыз. Университеттегі ең маңызды оқу курстарына, сіз үшін ең маңызды істерге назар аударуды үйреніңіз. Мысалы, мен 3-курс кезінде, пандемияға байланысты онлайн форматта оқу барысында кейбір мүмкіндіктерді жіберіп алдым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алғашқы жаппай ашық онлайн курсы – Coursera халықаралық білім беру платформасында-онлайн білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы болып жарияланған болатын. Бұл курстарды аты аңызға айналған Гарвард Стэнфорд, Принстон, Мичиган, Пенсильвания және Йельден бастап Иерусалимдегі Еврей университетіне дейінгі әлемнің түкпір-түкпірінен келген университеттер дайындайды. Осы кезде ҚазҰУ студенттеріне осы платформадан  тегін онлайн курстарды оқу мүмкіндігі берілген болатын. Сол кезде кейбір студенттер, осы мүмкіндікті пайдаланып өздерінің қызығушылықтарына байланысты бірнеше онлайн курстарды тегін оқып алған болатын. Яғни, жалқаулыққа салынбай , осындай мүмкіндіктерді пайдаланып, жаңа нәрсені үйренуге, басқа мамандықты игеруге немесе өз мамандығыңызды жетілдіруге талпыныңыз.

Және де ҚазҰУ бірлескен халықаралық оқу бағдарламаларын іске асыру бойынша, студенттермен алмасу және тағылымдамалар өткізу бойынша әлемнің 418 ірі халықаралық ЖОО-мен ынтымақтасады. Мысалы, Стандарттау және сертификаттау мамандығының студенттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Санк-Петербург қаласындағы ИTMO университетіне баруға мүмкіндік жасалған. Яғни, бұл  студентттерге ресейлік білім беру жүйесімен танысып, білімдерін шыңдап, көкжиегін кеңейтуге көмектеседі. Сондықтан да, осындай мүмкіншіліктерді жіберіп алмаған дұрыс.

Үшіншіден, оқу өзіңізбен үнемі жұмыс жасаңыз. Тек үнемі жетілдіріліп, жаңа ақпарат көздерін іздеу керек. Өзіңізді дәлелдеуден қорықпаңыз, қызықты деп санайтын барлық нәрселерге қатысыңыз: олимпиадалар, конкурстар, жарыстар, гранттар, саяхаттар. Осы нәрселерді қадағалаңыз және өзіңіз үшін маңызды және қызықты нәрселерді табыңыз. Сабақта алған барлық білімдерді игеріп, қанағаттануды сезінбеңіз.. Әрбір студент жетістікке жете бермейді, сондықтан сіз әрқашан басқалардан бір қадам алда болуыңыз керек. Сіздің біліміңіз ешкімге қажет болмайды деп қорықпаңыз.

Яғни, ойымды түйіндей келе, студенттер мен талапкерлерге осындай кеңестер айтар едім. Егер төрт жыл бұрын маған қазір айқын нәрселерді айтатын адам болса, мен университетте оқуымды және адамдармен қарым-қатынасымды басқаша құрар едім деп ойлаймын. Айтылғандардың бәріне менің жеке тәжірибем ретінде қарауыңызды сұраймын. Мен өз пікірімді таңуға тырыспаймын және оны мүлдем дұрыс деп санамаймын, бірақ бұл біреуге пайдалы және қызықты болады деп үміттенемін.

 

Әл-Фараби таындағы ҚазҰУ, физика-техникалық факультеті,
«стандарттау және сертификаттау  мамандығының 1-курс магистранты
Советова Алуа Саянқызы
Ғылыми жетекшісі: Бектібай Біржан Жапсарбекұлы

Мақалада: Егер де мен қайта студент болсам...

Ұқсас жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

08.10.2026
Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Қазіргі Конституция 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданып, 1...

Толығырақ...Details

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

07.10.2026
Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық. 2025 жылғы...

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

07.10.2026
Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірде туризм саласын дамыту, инфрақұрылым сапасын арттыру және туристерге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл...

Толығырақ...Details

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

07.10.2026
АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау атом электр станциясын салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Оларды жүзеге асыру...

Толығырақ...Details

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

06.10.2026
Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

Семей қаласының Бобровка кентінде кәсіпкерлік нысандардың санитарлық жағдайына жүргізілген партиялық бақылау нәтижесінде дүкен иесіне әкімшілік айыппұл салынды. «Таза Қазақстан» бастамасы...

Толығырақ...Details

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

06.10.2026
Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

Абай облысы әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев Семей қаласындағы жылыту маусымының өту барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде облыс жылыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ата Заң азаматқа қандай құқық береді?

2 дня бұрын

Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

3 дня бұрын

Абай облысында туризм саласында 51 инвестициялық жоба іске асырылады

3 дня бұрын

АЭС құрылысы: Қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауда болады

3 дня бұрын

Семейде дүкен иесіне санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды

4 дня бұрын

Семей қаласына 1 қазаннан бастап жылу берілді

4 дня бұрын

Ажар Асхат пен Ерасыл Қажыбаев Азия ойындарында күміс медаль иеленді

5 дней бұрын

Облыс әкімі қос мереке қарсаңында ардагерлердің шаңырағына барды

5 дней бұрын

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

5 дней бұрын

Astana AI Film Festival: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауының жеңімпаздары жарияланды

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС